Бектұров олимпиадасының жеңімпаздары 100 мың теңге мен смартфонға ие болды

Павлодар қаласында 2019 жылғы 25-26 ақпан күндері өткен Ә.Бектұров атындағы V Халықаралық химия олимпиадасына Қазақстанның 12 аймағынан, Алматы, Астана ққ., республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан, Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан 19 команда құрамында 87 оқушы қатысты. Қатысушылар арасында 21 – республикалық және 6 – халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 10 – екі жыл қатарынан қатысып отырған оқушы.

Қазылар алқасының жұмысын бесінші жыл атқарып отырғандардың арасында Ордабаев Алмас Еркінұлы, олимпиада әдістемелік комиссиясының төрағасы, Томск қ. табиғат ресурстар институтының аспиранты және Саматов Абылай Маранұлы, Қарағанды қ. «Білім-инновация» лицейінің химия мұғалімі.

Биылғы олимпиаданың теориялық кезеңі дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында, тәжірибелік кезең дәстүрлі түрде Инновациялық Еуразия Университеті инновациялық технологиялар орталығының химия зертханасында өткізілді. 

Екі кезең қорытындысы бойынша Ә.Бектұров атындағы V Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпаздар мен жүлдегерлер  атағына келесі оқушылар ие болды.

І орын – Павлодар қ дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Черданцев Владислав; Қарағанды облысы «Білім-инновация»» №1 лицейінің оқушысы Нурпейсов Олжас; Шығыс Қазақстан облысы «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Көпенов Нұрлыхан; Новосібір қ. №1 гимназиясының оқушысы Дудко Евгений; Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Каирбек Хайдар және Мельниченко Даниил.

ІІ орын – Семей қ. «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Рахимгалиев Нуржан және Серік Талгар; Петропавл қ. Назарбаев  Зияткерлік мектебінің оқушысы Тайшыбай Айдын; Тараз қ. «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Сырлыбай Мұсахан; Астана қ. «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Қайратбек Абылай; Алматы облысы Есік қ. А.Мәлкеев ат. «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Аласханов Алас; Павлодар қ. «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Тұрсын Нұржан және Теміржан Карина; Қарағанды облысы «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Абабаев Ерслан және Алдаберген Балабек. 

ІІІ орын – Тараз қ. «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Сейдахмед Нұрдәулет; Новосібір қ. №1 гимназиясының оқушысы Новиков Михаил; Маңғыстау облысы «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Койшыбаев Асет және Кииков Бақытбек; Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ярулин Адай және Мужубаев Әбілмансұр; Ақтөбе қ. «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Куан Ерназар; Шымкент қ. №2 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур; Павлодар қ дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Щегляев Андрей; Алматы қ. №161 лицейінің оқушысы Бегдаир Санжар.

«Абсолюттік жеңімпаз-2019» кубогымен және «Үздік теоретик» номинациясымен Павлодар қ дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Черданцев Владислав марапатталды.

«Үздік практик» болып Павлодар қ дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушысы Щегляев Андрей танылды.

«Бірегей шешім үшін» номинациясын Қарағанды облысы «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Нурпейсов Олжас және Абабаев Ерслан иеленді.

Барлық жеңімпаздарға Ә.Бектұров ұрпақтары тағайындаған 100000 теңгелік ақшалай сертификаттар берілді. Павлодар облысының білім беру басқармасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы


27/02/2019 66