Биология пәнінен үздік жасөспірімдер

Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 2019 жылғы 24 қаңтар күні биология пәнінен VIІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы жасалды. Биологияның үздік білгірлері сайысына 80 оқушы түсті.

Төрт сағаттық жарыста озып шыққан жеңімпаз – Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Сейтказина Аяулым.

Екінші орынды дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Найда Ульяна және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Абильмажитова Алина иеленді.

Үшінші орынға «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 7, 8 сынып оқушылары Саянова Аяна, Акимжан Дариға, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Ермолаева Дарья, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің 8 сынып оқушысы Махаматали Бексултан ие болды.

Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды  балаларға арналған лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Иманшарипова Әлия және Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Айдасов Мадиар марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы


29/01/2019 286