Бір шатырдың астында

Сегіз облыстық басқармалар бір ғимаратқа көшіп барды. Ірі мемлекеттік органдар енді Жеңіс даңғылы көшесіндегі №5/1 ғимаратқа орналасатын болады.

Бұрынғы бизнес орталықтың ғимаратында сәулет және қала құрылысы басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жер қатынастары басқармасы, құрылыс басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы,  сонымен қатар жер пайдалануды бақылау басқармасы орналасатын болады. Мемлекеттік қызметшілердің бір ғимаратқа қалай орналасқанын Павлодар облысының әкімі тексерді.

– Тұрғындар қандай да бір қызмет түрін алуға өтініш берген кезде қала бойынша әр түрлі ғимараттарда орналасқан біздің инстанцияларды аралау қолайсыз болады, сондықтан бізге өзіміздің негізгі басқармаларымызды бір жерге жинау идеясы келді. Және бұл жерде ең маңыздысы – мемлекеттік қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау. Жақын арада осы ғимараттың бірінші қабатында алаң ашылатын болады, онда кез-келген адам өзіне қажетті қызметтерді ала алады. Біз бұл жерде сөзсіз мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруды көздеп отырмыз. – деп атап өтті Болат Бақауов.

Босатылған ғимараттарды қалаға өмірлік қажетті басқа объектілерге беру жоспарлануда. Мысалы, бұрын сәулетшілер орналасқан ғимараттар жатақханаға берілетін болады.

Фото Алибека Дженалинова.


06/05/2019 207