Биылғы жылы Павлодар облысында 1,48 миллион гектар алқапқа егін егіледі

2019 жылмен салыстырғанда егіс алқабы 11,4% – ға немесе 153,1 мың гектарға арттырылып отыр.

Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша мал азығы дақылдары алқабы 43,5% – ға, майлы дақылдар 14,5% – ға, картоп пен көкөніс 7% – ға артты.

2020 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге шамамен 3,1 миллиард теңге субсидия бөлінді. Бұл қаражатқа тұқым, пестицидтер және тыңайтқыштар сатып алынады.  Облыстың тұқыммен қамтамасыз етілуі 100,7%-ды құрайды.

Өңірде бар ауыл шаруашылығы техникасы 99% – ға дайын. Аграрлық жұмыскерлер үшін

19,1 мың тонна арзандатылған жанар-жағар май қарастырылған. Отын құны

бір литр үшін 159 теңгені құрайды.


24/03/2020 2,087