Болат Бақауов Ақсу қаласында тұратын ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласы мен оған қарасты аймақтағы Қалқаман кентінде тұратын ардагерлердің үйлеріне кіріп, мерекемен құттықтады.

Жеңіс күнінің қарсаңында аймақ басшысы өңірде тұратын көзі тірі ардагерлердің бәрін мерекемен құттықтап шығуға бекінді. Ақсу қаласында ол Құдайберген Қапсалямов пен Кирилл Винокуровтың үйлеріне кіріп шықты. Ардагердің екеуі де Болат Бақауовты Ақсу қаласының әкімі болған кезден-ақ танитынын айтып, қуаныштарын жасырмады.
 
 

– Бізді ескеріп келгеніңе алғысымды айтамын, – деді аймақ басшысына Кирилл Винокуров. – Ардагерлерді ұмытпағаның көңіл жұбатады.
Қалқаман кентінде әкім Василий Московченко мен Иван Кондрашовтың отбасыларында болды. Жеке үйде зайыбымен бірге тұратын Василий Гаврилович аймақ басшысына өтініш білдірді.  

 

– Әйеліміз екеуіміз жас емеспіз, – деді майдангер. – Әжетхана аулада орналасқан, шығып-тұруымыз қиындап кетті.
Облыс әкімі ардагерге кенттің ішіндегі жақында ғана жөндеуден өткен төрт қабатты үйге көшуді ұсынды. Егер, ардагердің отбасына тұрмыс жағдайы қанағаттандырса, оларға бұл пәтер басыбайлы бұйырады. 

Қазіргі таңда Павлодар облысында 72 майдангер тұрады. Жеңіс күнінің қарсаңында оларға жарты миллион теңге көлемінде сыйлық беріледі.

 
 

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев  

 


04/05/2019 196