Болат Бақауов Павлодар облысында тұратын ардагерлерді Жеңіс Күнімен жеке өзі құттықтады.

Жеңістің 74-жылдығы қарсаңында Павлодар облысының әкімі өңірде тұратын барлық 72 майдангерлердің үйлеріне барып, құттықтады.

– Өкінішке орай, уақыт ешкімді аямайды және жыл өткен сайын Ұлы Жеңіске жеткізген майдангерлердің саны азаюда. Олардың ерліктері үшін біздің айтар алғысымыздың ең азы ол біздің ақсақалдардың ешнәрсені қажет етпеуі, оларға ілтипат білдіріп, қамқорлық жасау. – деп атап өтті ардагерлерді құттықтау барысында Болат Бақауов.

Успенский ауданы Белоусовка ауылында өңір басшысы 93 жасар Михаил Топтунға барды. Ол авиациялық әскерде қызмет етіп, жапон империалисттеріне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан.

Жеңіс Күні – бұл біздің ортақ мерекеміз. Ең бастысы біздің болашақ ұрпағымыз бейбітшілікте өмір сүріп, осы мереке үшін біздің төлеген құнымыз туралы ұмытпағаны. – деп айтты Михаил Степанович.

Ардагерлердің бірін облыс әкімі ауруханаға барып көріп қайтты. Мереке алдында 97 жасар Бикбулат Хазыровта денсаулығын дұрыстауды жөн көрген. Павлодарда тұратын майдангер ауруханадан шыққаннан кейін 9 мамыр күні Даңқ ескерткішіне келуге сөз берді.

– Соғысқа қатысқандарға ауруханада өте жақсы қарайды. Біздің медицина қызметкерлері бізге осындай назар аударып, қарап жатқандары үшін үлкен алғыс айтамын. Солардың арқасында біздің көбіміз қазір қатарда жүрміз. – деді ол.

Ақсу қаласында Булат Бақауов  келе жатқан мейраммен құттықтап Құдайберген Қапсалямов пен Кирилл Винокуровқа кіріп шықты. Екі ардагерде де Болат Бақауовты қала әкімі лауазымынан бері біледі және оны үйлерінде қуана қарсы алды.

Бізге келгенің үшін рахмет. Бізді ақсақалдарды ұмытпайтының бізді қуантады – деді өңір басшысына Кирилл Винокуров.

Железин ауданы Михайловка ауылында облыс әкімін 95 жасар Кузьма Чуйкин күтті. Кузьма Иванович Калмык даласын, Ростов, Харьков және Донец облыстарын азат етуге қатысқан.

– Мен колхозда жұмыс істеп жүрген кезде шыңдалғанмын, бұл соғыста көмектесті. Ең бастысы – еңбек ету, ерінбеу және сол кезде ғана бәрі жақсы болады. – деп айтты ақсақал.

Екібастұзда Болат Бақауов алты ардагерді, соның ішінде төрт әйел адамды құттықтап шықты. 95 жасар Октябрина Борисова қонақтарды өзі қарсы алып, оларға өлең оқып берді.

– Аспандарың әрқашан ашық болсын, жұлдыздарың жарқырасын, ал танк қаруының дүрсілі, өмірімізден мәңгіге кетсін, – деп барлық павлодарлықтарды құттықтады Октябрина Илларионовна.   

Болат Бақауов Қарағанды облысының шекарасында орналасқан Павлодардан 330 километрдегі қыстауда тұратын 94 жасар Мағаз Бірімжанға да барды. Баянауыл аулының тумасы соғысқа дейін және одан кейінде өмір бойы өз елінде өмір сүріп келеді. Жұбайымен және кіші ұлының отбасымен бірге ардагер бүгінгі күні Байтеке қыстауында тұрады. Жеңіс Күні қарсаңында майдангердің үйінде өңірлерде тұратын балалары, немерелері мен шөберелері жиналған.

– 9 мамыр біз әкемізді, атамызды және арғы атамызды құттықтау үшін жиналатын біздің отбасымыз үшін күнтізбедегі ең маңызды күндердің бірі. Біздің отбасымыздың отағасын барлығы ұмытпайтыны жақсы. Ол үшін және оның ұрпақтары біз үшін бұл өте маңызды. – деді ардагердің ұлы Баянбек Бірімжанов.

Бүгінгі күнде Павлодар облысында 72 Ұлы Отан Соғысының қатысушылары өмір сүреді. Мереке қарсаңында әр қайсысына жарты миллион теңгеден төленді.

Фото Валерий Бугаев, Антон Козлов және Дархан Умырзаков


08/05/2019 186