Болат Бақауов: жер кепілдікте ме, жоқ па – ол экономикалық нәтиже беруі тиіс

Павлодар облысында 93 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына жібермек.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәслихат депутаттарының алдында есеп беру кезінде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігі туралы еске салды. Жыл басында облыста 471 мың гектардан астам ауылшаруашылық жері тұрып қалса, бүгінгі таңда олардың 140 мың гектары резервтік жерлерге қайтарылды, ал 183,6 мың гектар жерді игеру басталды.

 

– Бүгінгі таңда облыста 3 миллион гектарға жуық жайылымдық жерлер бекітілмеген,-деді аймақ басшысы. – Бұл үлкен әлеует. Жыл соңына дейін қала және аудан әкімдері пайдаланылмайтын жер бойынша жұмысты аяқтауы қажет, жер кадастрын толық цифрлау қажет.  

Депутаттардың банк кепіліндегі учаскелер туралы сұрақтарына жауап бере отырып, Павлодар облысының әкімі өңірде 93 мың гектар жер бар екенін айтты. Сондықтан, бүгінде билік осы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартылуы үшін жұмыс істеуде.

– Бізде айырмашылық жоқ, бұл жер банктікі ме, жоқ па, – деп атап өтті Болат Бақауов. – Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан. Сондықтан біз оларды айналымға енгізу үшін ең қатал шаралар қабылдайтын боламыз.

Бұдан басқа, облыс басшысы жер учаскелерін игермеген жер пайдаланушыларға салынатын он еселік жер салығын қолданудың тиімділігін қарастыруды ұсынды. Әйтпесе көбіне жұмыс істей бастағаннан гөрі, жер жалдаушыларға бұл «айыппұлды» төлей салу оңайырақ болып шығады.

Суретін түсірген Валерий Бугаев

 


17/07/2019 191