Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың 2019 жылғы 15 ақпандағы облыс халықпен есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистеріне ақпарат

 

2018 жылы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайларында дамытудың жаңа мүмкіндіктері», 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Қазақстан халқына Жолдауларында және 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталды.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2018 жылғы 9 ай ішінде номиналды тұлғалауда 135,4 млрд. теңгеге ұлғайған облыстың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1724,1 млрд. теңгені құрады. Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 4,2%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 2101,0 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 7,7%-ға (1951,5 мың теңге) жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада 7-ші орында.  

 

ӨНЕРКӘСІП

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1960,6 млрд. теңгені, НКИ – 104,8%-ды құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 373,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2017 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 101,2%, соның ішінде: көмір және лигнит өндіру – 103,5%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1250,7 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 105,6%-ды құрады.

Келесі салаларда өсу серпіні қамтамасыз етілді: кокс және мұнай өндеу өнімінің өндірісі115,9%, машина жасау – 114,9%, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 111,2%, химиялық өнеркәсіп өнімдері – 109,4%, металлургия өнеркәсібі – 101,7% (оның ішінде: қара металлургия – 102,7%), тамақ өнімдері өндірісі – 102,9%, өзге металл емес минералды өнімі – 101,8%.

Заттай тұлғалауда өндірістің оң серпіні байқалуда: бензин – 10,7%, газоилдер – 19,8%, ферроқорытпа – 3,1%, жіксіз құбырлар – 20,8%-ға, металл құрылымы – 3,6 есе, әр түрлі модификацияланған крандар – 1,5 есе.

Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмасты-руда өндіріс көлемі 322,7 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 108,4%. 

Облыстың электр станцияларымен сағатына 45,55 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 10,1%-ға жоғары.

Жылу энергиясын өндіру 15,0 млн. Гкал құрады (2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда – 102,1%).

Сумен жабдықтау саласында 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 13,4 млрд. теңгені немесе 106,8%-ды құрады.

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустриялан-дыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 868,2 млрд. теңге инвестициялар көлемімен және 7126 жұмыс орнын құрумен 35 жоба іске асырылуда.

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері 713,2 млрд. теңгеге 27 жоба, соның ішінде 2018 жылы 70,6 млрд. теңге инвестиция көлемімен 8 жоба іске қосылды, жұмыс орын саны – 1128.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Облыста Инвестицияларды тарту жөніндегі 2018 жылға арналған жоспар іске асырылды. Барлығы 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста 473,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Салым құрылымында едәуір үлес салмағын меншікті қаражат иеленуде – 64,4% немесе 304,6 млн. теңге.  

Салалық құрылымда ең үлкен көлемге өңдеу өнеркәсібі ие – 28,5% немесе 134,9 млрд. теңге. Облыс аталған инвестициялар бойынша республикада 2-орында.

Жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру мақсатында облыстық Инвесторлар кеңесі, Өңірлік үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, инвестор күні өткізіледі, алыс және жақын шетелде Роуд-Шоу ұйымдастырылады.  2018 жыл ішінде әр түрлі елдің инвесторларымен 29 кездесу өткізілді.

 

 «ПАВЛОДАР» АЭА

 «Павлодар» АЭА 29 қатысушысы тіркелді, соның ішінде 2018 жылы тіркелген 3 жаңа қатысушы: «Новопэк» ЖШС (полипропилен орам өнімдерін өндіру), «Ертіс Нефте Сервис» ЖШС (қоспалар өндіру) және «ARS SOIL» ЖШС (тыңайтқыштарды өндіру).

АЭА аймағында барлығы 10 кәсіпорын жұмыс істейді. АЭА құрылғаннан бастап аталған кәсіпорындар жалпы сомасы  71,0 млрд. теңгеге өнім шығарды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы кәсіпорындар 31 млрд. теңгеге өнім шығарды (2017 жылы –  19,2 млрд. теңге).

КӘСІПКЕРЛІК

2019 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілерінің саны 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 6,1%-ға ұлғайды және 43,8 мың бірлікті құрады.

2018 жылғы 1 қазанға ШОК-тің жұмыспен қамтылғандар саны  131,4 мың адамды (108,5%) құрады. 

2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 2,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға –  2,2 млрд. теңге.

2018 жыл ішінде Бағдарлама шеңберінде сомасы 6640,6 млн. теңгеге 159 жоба мақұлдады.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкеркерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша жобалардың екінші бағыты шеңберінде сомасы 2,42 млрд. теңгеге 451 жоба мақұлданды.                       

 

ТУРИЗМ

Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 82-сі – турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9-ы – туроператорлық. Статистика деректері бойынша облыста 101 туристік орналастыру объектісі, соның ішінде 65 қонақ үй және 36 орналастырудың басқа орындары (демалыс үйлер, хостелдер) бар. Бөлмелердің жалпы саны – 7002 төсек-орынды бір реттің сыйымдылықпен 2837 бірлік.

Облыстың туристік маршруттар және соқпақтардың тізілімінде 86 туристік маршрут, оның ішінде 65-і сакралды жерлер бойынша жұмыс істейді.  

2018 жылы Баянауыл курорттық аймағы Қазақстан Республикасы Елді туристификациялаудың топ-10 басымды жобаларға қосылды, бұл туристік аймақты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Орналастыру орындарының қызмет көрсетілген келушілердің жалпы саны 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде – 113 664 адамды құрады, оның ішінде резиденттер – 106771 адам, резидент еместер – 6893, бұл  2017 жылдың ұқсас кезеңінен 3,5%-ға көп (109 790 адам). Көрсетілген қызметтер көлемі 1,65 млрд. теңгені құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 227,0 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,3%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс ауданы 1302,2 мың гектарды құрады. Жарма, майлы және азық дақылдарының егісі кеңейді.

403,2 мың га жерде ылғал ресурсын сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының 43%-ын құрады.

Облыста 58,1 мың га суарылатын жер пайдаланылады. Тамшылатып суару 494,0 га ауданда қолданылады.

2018 жыл ішінде облыс ауыл шаруашылық тауар өндірушілер сомасы 8,1 млрд. теңге сомаға жаңа ауыл шаруашылық техникасының 591 бірлігін және құралдарын сатып алды.

 Пысықтағаннан кейін орташа  өнімділік салмақта 11,0 ц/га болған кезде дәнді-дақылдарды жалпы жинау 795,5 мың тоннаны құрады.  

517,9 мың тонна картоп (орташа өнімділік – 291 ц/га), 200,8 мың тонна көкөніс (290 ц/га), 84,2 мың тонна бақша дақылдары (294 ц/га), 147,6 мың тонна майлы дақылдар (6,9 ц/га) жиналды.

Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 7 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 302,1 мың тонна сыйымдылығымен 124 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.

2019 жылғы астықта шаруашылық жүргізуші субъектілер 124,3 мың тонна немесе жоспарлы қажеттіліктен 103,7% жаздық егістің ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын септі.

 Мал шаруашылығында қожалықтардың барлық санаттарында 96,5 мың тонна тірідей салмақтағы ет (103,9%), 382,1 мың тонна сүт (103,3%), 214,4 млн. дана жұмыртқа (125,9%) өндірілді.  

ІҚМ басының саны 410,4 мың басты (2017 жылға қарағанда 104,5%), қой – 475,4 мың басты (102,0%), ешкі – 61,5 мың басты (101,5%), жылқы – 165,6 мың басты (110,2%), шошқа – 71,1 мың басты (113,9%), құс – 1623 мың басты (115,3%) құрады.

2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4569 бас ІҚМ сатып алуға кредит берілді,  Ресей Федерациясынан 1857 бас ІҚМ жеткізілді.

ҰҚМ бойынша 12352 бас қой сатып алуға кредит мақұлданды және берілді, нақты 6325 бас ҰҚМ сатып алынды.

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде  1348,8 тонна ет өнімі экспортталды (жоспардан 135%).

204 дайындау пункті және 266 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2018 жылы облыс бойынша 17 қайта өңдеу объектісі іске қосылды.

Облыс жергілікті жерде өндірілген негізгі тамақ өнімдерімен 80%-ға қамтамасыз етілген (ұн, жармалар, макарон өнімдері, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы).

2018 жылдың қорытындысы бойынша АӨК-те 15,3 млрд. теңге сомаға 55 инвестициялық жоба іске асырылды, 300 жұмыс орны құрылды.  

Едәуір ірі жобалар: 3106 басқа 6 сүт-тауар фермасы, шошқа кешені-репродуктор.

2018 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Астана қаласында павлодарлық өндірушілердің қатысуымен екі жәрмеңке өтті, 260 млн. астам теңге сомаға өнім сатылды. Жәрмеңкелерге облыстың барлық аудандарынан қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы құрылымдарының 100-ден астам кәсіпорны қатысты.

Облыста 121 ӘКК тіркелді, соның ішінде сүт бағыты бойынша – 32, ет – 67, басқа бағыттар бойынша – 22.

 

СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ

Сыртқы сауда айналымының көлемі 2018 жылғы қаңтар-қараша ішінде 3795,5 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 143,9%), соның ішінде экспорт – 2888,9 млн. АҚШ доллары (173,2%), импорт – 908,5 млн. АҚШ доллары (93,5%). Сауда теңгерімінің сальдосы оң болып қалыптасты және 1980,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыстың үлес салмағы республиканың жалпы тауар айналымы көлемінде 4,5% құрады.  

Тауарлардың негізгі топтары бойынша экспорттың өсуі байқалуда: металлургия – 3,5 есе, химиялық сала өнімі – 1,1 есе, минералды өнімдер – 2,4 есе.

Павлодар облысы дүниежүзінің 75 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда жасау көлемі 2018 жылғы қаңтар-қараша ішінде 1648,6 млн. АҚШ долларын құрады (2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 128,0%), соның ішінде экспорт – 1020,3 млн. АҚШ доллар, импорт – 628,3 млн. АҚШ доллар.

2018 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша өңір ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бойынша көш бастаған төрттікке кірді, бұл ретте ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша облыс 2-орынды иемденді.

 

САУДА

Облыстың сауда желісі бөлшек сауданың 8707 объектісімен ұсынылған. 1639 сауда орны бар 30 нарық жұмыс істейді.

Есептік кезең ішінде жалпы ауданы 10,2 мың ш.м. 16 жаңа стационарлық сауда объектісі  іске қосылды, инвестициялар көлемі – 639,0 млн. теңге.

2020 жылы аяқтау мерзімімен 1 санатты 2 ірі сауда объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды (объект ауданы 10 мыңнан астам ш.м.). Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд. теңге.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бөлшек сауда айналымы 371,9 млрд. теңгені құрады (өсу қарқыны – 102,9%). 

Облыста заманауи сауда форматтарына көшу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде ауданы 2 мың шаршы метрден асатын 12 ірі дүкен жұмыс жасайды.  

Қолма-қол ақша төлемей есеп айырысатын дүкендер саны артып келеді. 2018 жыл ішінде POS-терминалдары бар сауда кәсіпорында-рының саны 4001 объектіні құрады.

 

ИНФЛЯЦИЯ

2018 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі      105,4%-ды құрады (ҚР – 105,3%).

Азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 5,0%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 6,2%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 5,1%-ға өсті.  

Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізінен барлық тауарлық топтар бойынша республикалық орташа деңгейден төмен болып сақталуда.  

2019 жылғы 1 қаңтарға облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнның, күнбағыс майының, қарақұмық жармасының, картоптың, қызылшаның, сәбіздің, орамжапырақтың ең төмен бағалары тіркелді.

99 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтан-дыру мақсатында 2018 жыл ішінде 643 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 2,1 млрд. теңге өнім сатылды.

 

БАЙЛАНЫС

Байланыс қызметтерінен түскен табыс 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 13,5 млрд. теңгені құрады (2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 100,9%).

Облыста барлық елді мекендер телефондандырылды, оның ішінен 345-і Интернет желісіне шығумен қамтамасыз етілді.

2018 жылы облыстың «Қазақтелеком» АҚ Успен ауданында жалпы қашықтығы 21 км болатын Успен-Қозыкеткен талшықты-оптикалық байланыс желісін салды.

          

КӨЛІК

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста жүкті көлікпен тасымалдау көлемі (т/ж көлігін есепке алмағанда) 134,6 млн. тоннаны құрады (2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 101,1%), жүк айналымы – 35,2 млрд. ткм (100,2%). 1,23 млрд. жолаушы тасымалданды (100,7%), жолаушы айналымы 0,2%-ға өсті.

Облыстың барлық қалалары мен аудандық орталықтарында автовокзалдар мен автостанциялар жұмыс істейді (3 автовокзал, 6 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 7 пункті).

59 ішкі облыстық, 58 қалалық және 29 ішкі аудандық бағыттан тұратын жолаушылардың сапар желісі жұмыс істейді. Сонымен қоса, 14 облысаралық және 12 халықаралық бағыт жұмыс істейді.

2018 жылы ішкі аудандық әлеуметтік маңызы бар 29 бағытты субсидиялауға облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 38,1 млн. теңге игерілді.  

Жалпы алғанда, облыстың барлық ауылдық елді мекендері тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.  

2018 жылы облыс ішкіоблыстық маршруттар автотасымалдаушылар автокөліктік құралының 159 бірлігі немесе тұрақты маршруттарда жұмыс істкейтін автокөлік құралдарының жалпы санынан 33,5%-ы жаңартылды.  

 Теміржол тасымалдарын қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Павлодар жолдар бөлімінде  44 жеке пункті, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 басып озу пункті және 2 жол посттары бар.

Азаматтық авиация саласында 2018 жылы Павлодар қаласының әуежайы 362,4 тонна жүк жасады. Жіберілген жолаушылар саны 89,4 мың адамды құрайды.

Өзен көлік саласында «Павлодар өзен порты» АҚ 2018 жылы 594,8 мың тонна көлемде жүктер тасымалданды, бұл 2017 жылғы көлемнен 56,6%-ға көп.  

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы «Центр-Восток» дәлізі шеңберінде жалпы қашықтығы 313 шақырым автомобиль жолдарының 8 учаскені қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді (191 шақ. Астана-Павлодар оның ішінде 116 цементбетонды жабыны және 99 шақ. қиыршықтастас-мастикалық асфальтбетон, 122 шақ. Павлодар-Семей).

Қашықтығы 106 шақырым автожолдардың 3 учаскесін пайдалануға берілді, соның ішінде Астана-Павлодар учаскесі бойынша 30 шақ., 76 шақ. – Павлодар-Семей және ЖПУ. 2019 жылға ауысатын объектілер:

– Астана – Павлодар а/ж 235-259 шақ., оң жолақ бойынша өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда;

– Қызылорда – Павлодар а/ж 1206-1251, 1251-1297 шақ. сол жолақ бойынша өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда;

– Қызылорда – Павлодар а/ж 1297-1343 шақ., 2019 жылы оң жолақ бойынша учаскенің барлық қашықтығында өтуді қамтамасыз ету жоспарлануда;

 –  Павлодар – Семей а/ж 541-587 шақ., пайдалануға беру жоспарлануда.

 

ҚҰРЫЛЫС

2018 қаңтар-желтоқсан ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 196,8 млрд. теңгені немесе 2017 жылға қарағанда 102,4%-ды құрады.

2018 жылы облыста 1079 объект пайдалануға енгізілді, оның ішінен 888-і – жаңа ғимарат.  

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 284 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы деңгейден 17,4%-ға артық.

Облигациялық қарыздар есебінен кредиттік тұрғын үй салу бойынша жалпы ауданы – 82,7 мың ш.м. 12 тұрғын үй (1001 пәтер) пайдалануға берілді.

«Халықтың әлеуметтік-осал топтарына жалдамалы тұрғын үй салу» бағыты бойынша ауданы 15,7 мың ш.м. 3 тұрғын үйді (188 пәтер) салу аяқталды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша барлығы 27 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  

 

ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ

2018 жылы облыс жылуэнергетикалық жүйесін дамытуға 7,6 млрд. теңге жіберілді. ТҮКШ объектілерінде және әлеуметтік салада күрделі жөндеу және ағымдағы қуаттылығы сағатына 100 Гкал дейін 26  бірлік қазандық жабдықты ауыстыру орындалды.

Жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу уақытында ақталды, барлық 333 қазандық, білім берудің 645 объектісі, 337 денсаулық сақтау және 334 әлеуметтік объект  дайындалды, барлық әлеуметтік объектілерде қатты отынның қажетті қоры бар.

Барлық жылу көздері облыстың қалалар мен аудандарында штат тәртібінде жұмыс істейді, отынның нормативтік қорлары бар, әлеуметтік объектілер және тұрғын үйлер температуралық кестелерге сәйкес жылумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі.

Облыс электрстанцияларда және облыс энергия беру ұйымдарда негізгі электр жабдықтауды қайта құру және жаңғырту жүргізілуде. 2018 жылы ТЭЦ-3 «Павлодарэнерго» АҚ қуаттылығы 1              25 МВт № 6 турбина пайдалануға берілді, бұл станцияның қуаттылығы 15 МВт-қа ұлғайды.   

Кәсіпорындардың қаражаты есебінен 2130,5 шақ. электрмен жабдықтау желілері және 758 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді.

2018 жылы электр энергияны өндіру  45,55 млрд. сағкВт құрады (2017 жылы – 41,3 млрд. сағкВт).

Павлодар облысында электрэнергияны тұтыну 19,3 млрд. сағ.кВт немесе өндірудің жалпы көлемінен 42,2%-ды құрады, республиканың барлық өңірлеріне жеткізу – 22,6 млрд. са.кВт (49,5%), Ресей Федерациясына экспорт – 3,7 млрд. сағкВт (8,2%).

Жылу энергиясын өндіру көлемі 15,0 мың Гкалды құрады (2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,1%).

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін жаңғыртуға 764 млн. теңге жолданды.  

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін дамытуға 3,5 млрд. теңге бөлінді. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 15,3 млрд. теңге бөлінді. 

 

АБАТТАНДЫРУ  

2018 жылы 252 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайғастыру,  2086 шағын сәулет формаларын орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 56 спорт алаңы орнатылды, 246 алаңішілік аумақтар жайғастырылды, 12853 м. көше қоршаулары орнатылды және жөнделді, қоғамдық көліктердің 381 аялдамасы жайғастырылды және жөнделді, көше жарықтандырудың 162 мың шақырым желілері қайта қалпына келтірілді, 8850 шамдал орнатылды және жөнделді.

 Сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және жайғастыру бойынша іс-шаралар шеңберінде 14 скверді жайғастыру және 276 сквер мен саябақты ұстау орындалды, 129378 мың ағашты отырғызу жүргізілді, соның ішінен 97707 ағаш бюджеттен тыс қаражат есебінен. 62 179 шаршы метр гүлзарларды және 986 шаршы метр көгал алаңдарды орнату орындалды.

Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қолдау үшін 187 санкцияланбаған қоқыстарды жоюмен аумақты тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

БЮДЖЕТ

2018 жылы мемлекеттік бюджетке 283,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 2018 жылғы жоспарға қарағанда 101,5%, республикалық бюджетке 167,4 млрд. теңге (жоспарға қарағанда 101,2%), жергілікті бюджетке – 116,3 млрд. теңге (101,8%) қаражат аударылды.

Облыс бюджетінің шығындары 226,2 млрд.теңгеге немесе 99,7%-ға атқарылды. Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 53,2 млрд.теңгеге (53,2 млрд.теңге бөлінді) немесе 100,0% игерілді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК

Екібастұз және Павлодар қалаларында көше жарығы толық жаңғыртылды. 

Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада, Павлодар қаласының № 1 және Екібастұз қ. қалалық ауруханаларда  компьютерлік томографтар орнатылды. Облыстың 12 ауруханасында анестезиология и реанимация бөлмелері толық жаңғыртылды.

2018 жылы Черноярская жемчужина демалыс үйінде сауықтыру қызметін облыстың 1353 зейнеткері алды.

МЖӘ шеңберінде Павлодар қаласында 881 баланы қамтумен 6 жеке меншік балабақша ашылды.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

354 ауылдық елді мекен ішінен 105 АЕМ орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 52 ауыл – кешенді блок модулі (КБМ) қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 189 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдаланады. 8 ауыл әкелінетін сумен қамтамасыз етілуде.

2018 жылы жерасты суларының қоры бекіту үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде іс-шараларды іске асыруға 293,5 млн. теңге игерілді, 23 елді мекенде қорлар бекітілді.  

Жалпы сомасы 15,3 млрд. теңге ауылдық сумен жабдықтаудың 37 жобаны салу және және қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді (халық саны 59,2 мың адам).

21 объект бойынша жұмыстар аяқталды. АЕМ-нің орталықтандырылған сумен жабдықтауға колжеткізу көрсеткіші 23,8%-дан 29,7%-ға дейін өсті (сапалы ауызсумен қосымша 38,7 мың адам қамтамасыз етілді).

 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

2018 жылы табиғат қорғау іс-шарасын іске асыруға облыстық бюджеттен 530,0 млн. теңге бағытталды. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 9,5 млрд. теңге сомаға табиғатты қорғау іс-шараларын орындады.

Ертіс өзеніне көктемде жіберілетін суға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Бұдан басқа, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберілді.

Қайнар көзден Алға ауылына дейін Тюлька өзенінің ағынын қайта құру бойынша жобаны іске асыру аяқталды. Аталған жобаны іске асыру елді мекендердің сумен қамтамасыз етілуі, өңірдің агрошаруашылығын, су тәртібінің тұрақтануына, ихтиофауналар мекендеу ортасын жақсартуға және өзен ағынының экологиялық жүйесін жақсартуын көтерді.

Баянауыл ауданы елді мекендерді су апатынан қорғау үшін Ащысу өзенін түбін тереңдету және тазалау бойынша жобаны іске асыру басталды.  Аталған жобаны іске асыру 13 ауылдық елді мекенді су басудан төтеп беруді, сондай-ақ аумағы 6,7 мың га жайылма суарудың су басу шарттарын жақсартуға  мүмкіндік береді.  Жем-шөп базасымен кемінде 51,2 мың бас ІҚМ қамтамасыз етілетін болады.

2018 жылы 36 кәсіпорынмен кең таралған пайдалы қазбалар кенін әзірлеуге 47 келісімшарт жасалды. Қатты пайдалы қазбаларды әзірлеуге 23 жер қойнауын пайдаланушымен 23 келісімшарт жасалды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2018 жылы ішінде 4119 аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 81,6 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді.

 6977 аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 277,6 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

1695 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарының 749 түлегі жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасты.

14 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтарға жалпы сомасы 116,0 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

2018 жылдың басынан Жұмыспен қамту орталықтары және Павлодар облысының ауылдық округтер әкімдерімен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекке өтініштерді қабылдау  жүргізілуде.

2018 жылы мүгедектерді оңалтуға 251,9 млн.теңге бағытталды.       Жыл қорытындысы бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігі 82,2%-ға орындалды. Оңалтудың кәсіби бөлігінің орындалуы 92,5%-ды құрады.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 3096 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7%-ды құрады.

2018 жылы облыста 13331 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 9260-ы тұрақты. Облыс бойынша жұмыспен қамту шараларымен 28692 адам қамтылды (жылға арналған жоспарға қарағанда 130,3%), соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша – 6848 адам.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2018 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады (республика – 4,8%).

 

ХАЛЫҚТЫҢ КІРІСТЕРІ

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2018 жылғы 3-тоқсанда  93578 теңгені немесе 2017 жылғы 3-тоқсанға қарағанда 109,5%-ды құрады. Шынайы ақшалай табыс 3,5%-ға өсті.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2017 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 136889 теңгені немесе 108,2%-ды құрады.

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесі 362 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті (101,4 мың оқушы), 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2018 жылы 2709 адам қатысты.                    ҰБТ-ның орташа балы – 90,96 құрады.

 Мектептердің компьютерлік паркі 20,4 мың бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,0 оқушыдан келеді. Облыстың барлық мектептері кең жолақты Интернетке қосылған.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жарақталу облыс бойынша 100%-ды құрайды.

2018 жылы білім берудің 74 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, Ақтоғай ауданының Жаңабет а. Ныгманов атындағы және Тереңкөл ауданының  № 1 ЖОББМ және А.Ельгин атындағы, Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Зеленая роща а. Шідерті ЖБМ мектептерде жапсаржай салынды. Бұдан басқа, жас натуралистер алғашқы станциясы аумағында орналасқан «Ақсу» жаңа балалар технологиялық орталығы пайдалануға берілді.

Апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді дамытуды және ұйымдастырылған ойын-сауығын қамтамасыз ету үшін облыста 75 қосымша білім беретін ұйым, 11 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары оқушыларының құрамы 22,1 мың адамды құрайды, оның ішінен колледждердің 13,5 мыңнан астам студенті 82 мамандықтары бойынша тегін білім алуда.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың алты коллед-жінде республиканың оңтүстік өңірлерінен 460 студент білім алуда. 2018 жылы аталған жоба бойынша түлек 174 адамды құрады.   

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 421 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39,1 мың бала), соның ішінде 172 балабақша және 249 шағын орталық.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 80,1%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.

Баянауыл ауданы Майқайың кентінде «Нұрбөбек» балабақшасын салу, Тереңкөл ауданының Львовка а. шағын орталық, Павлодар қ. «Baby Star kz» ЖШС жеке меншік шағын орталық, Екібастұз қ. «Сәби City» ЖШС жеке меншік шағын орталық ашу есебінен мектепке дейінгі мекемелерде 275 орын ашылу қосымша қамтамасыз етілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 335 медициналық ұйым есептеледі, онда 2544 дәрігер және 6575 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.

2018 жылы Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында дәрігерлік амбулатория және Павлодар қ.а.а. Мойылды а. фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді.

2018 жылы облыста 11743 бала туды, туу көрсеткіші 2017 жыл-мен салыстырғанда 1,4%-ға кеміді және 1000 адамға шаққанда 15,6 құрады.    

Тұтас алғанда облыс бойынша қатерлі ісік өскіндерінен ауру көрсеткіші 6,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 296,6), туберкулез – 4,5%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 46,9) төмендеуі байқалуда.

2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансер-дің және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы жалғастырылуда.

2018 жылы денсаулық сақтаудың 12 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

 

МӘДЕНИЕТ

2018 жылы Павлодар қаласының Төменгі жағажайда амфитеатр және Баянауыл ауданының Теңдік ауылында 200 орынға арналған мәдениет үйі салынды. Павлодар қаласы ауылдық аумағының  Кенжекөл ауылында, Железнодорожный к. және  Жаңаауыл кентінде мультимедиялық музеу кешені, мәдениет үйлерін салу жалғасуда.

9 мәдениет объектісіне 357,1 млн. теңге сомаға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. 

2018 жыл ішінде облыстық халық шығармашылығы орталығы «Шаңырақ» мәдени-демалыс қызметі және облыстық филармония 515 іс-шара өткізді. 

Облыс музейлері 3990 экскурсия, 1421 дәріс өткізді, 817 көрме ұйымдастырды, 529 экспонат сатып алды.

Облыс театрлары 381 қойылым, соның ішінде 78,9 мың көрермен қамтумен 14 алғашқы қойылым қойылды.

Кітапханалардың компьютерлік паркі 686 бірлікті құрайды, 125 кітапхана (54,8%) Интернет желісіне қосылды. 2019 жылғы                              1  қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша кітапханалар қызметін 425,8 мың оқырман пайдаланды.

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ

Облыстың спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық жеке меншік түрінің 3519 бірлігін қамтиды, соның ішінде 1962 – ауыл-да. 2018 жылы облыс бойынша 50 жаңа спорт объектісі пайдалануға берілді.

28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шамамен 24 мың адам шұғылданады.

2018 жыл ішінде халықаралық санаттың 14 спорт шебері және Қазақстан Республикасының 68 спорт шебері дайындалды.

Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыс-тардан 1480 медаль жеңіп алды, соның ішінде: 480 алтын, 510 күміс, 490 қола.

Облыстың 6 спортшысы Пхенчхан қ. (Оңтүстік Корея) спорттың үш түрі – биатлон, шаңғы жарыстары, шорт-трек бойынша 23-Қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысты.

Облыстың 8 спортшысы 2018 жылы Джакарта қ. (Индонезия) 18-ші Жазғы Азиаттық ойындарға спорттың 6 түрі бойынша қатысты және жеңіл атлетика, велоспорт және еркін күрес бойынша 3 қола медалін алды.

Облыста барлығы 208,9 мың адамды қамтумен 1,5 мыңнан астам бұқаралық-спорт іс-шарасы өткізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 230,8 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 30,5%-ын құрады.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 163,0 мың адамды құрайды (облыс халқының жалпы санынан 21,5%), оның ішінен 126,7 мың адам қалаларда, 36,3 мың адам ауылда (жастардың жалпы санынан 28,7%) тұрады.

2018 жылы облыстық Жастарға қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары өзекті мәселелер бойынша жастарға 113 мыңнан астам консультация берді, оның ішінен 82 мың іштей, 31 мың – онлайн.  

2018 жылы 113 жұмыс берушімен келісімдер бойынша оқу орындарының 259 түлегіне жастар тәжірибесі ұйымдастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарға – 125 адам жұмысқа орналасты.

2018 жылы «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде облыстың ауылдық елді мекендеріне 349 маман келді.

Кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 353 адам өтті.

2018 жылғы наурыздан бастап өз қызметін бірінші Павлодар облысында IT-Center бастады. Жұмыс істеген уақыт ішінде «IT-центр» 4 топ шығарды (40 адам).

2018 жылы барлығы 68 мыңнан астам адамды қамтумен 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді.

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

Полиция органдары өткізген жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындылары бойынша 2018 жыл ішінде қылмыс деңгейі 7,3%-ға төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 9849 құрады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жалпы ашушылық жақсарды – 85,5%-дан 87,7%-ға дейін.

Өңірдің жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2018 жылы жол-көлік оқиғаларының санын 3,3%-ға, онда жараланғандар санын 0,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Облыста 698 ҮЕҰ жұмыс істейді, азаматтық сектордың 200-ге жуық өкілі өз қызметін белсенді іске асыруда.

Этносаралық, тіл және діни қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық этно-мәдени бірлестік қызметі қамтамасыз етіледі.

Облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңесі, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ақсақалдар, жастардың кеңестері жұмыс істейді.

 Жыл сайын Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалары-ның конкурсы өтуде.

2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 136 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.

17 облыстық кәсіподақ ұйымының, 1380 бастапқы кәсіподақ ұйымының қызметі белсенді жүзеге асырылуда.

Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың 6 филиалы жұмыс істейді: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы, жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы және «Бірлік» партиясы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және алға жылжыту шеңберінде Павлодар облысында 7000 мыңнан астам адамды жалпы қамтумен 800-ден аса іс-шара өткізілді.

Облыста әр түрлі меншік нысанындағы 94 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың 2018 жылғы 16 ақпандағы облыс халқы алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистеріне ақпарат

 

2017 жылы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталды.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2017 жылғы 9 ай ішінде номиналды тұлғалауда 5,4%-ға ұлғайған облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 1588,7 млрд. теңгені құрады. Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 4,35%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 2101,0 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 7,7%-ға (1951,5 мың теңге) жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада 10-ші орында.   

 

ӨНЕРКӘСІП

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1762,9 млрд. теңгені, НКИ – 105,1%-ды құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 345,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2016 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 109,1%, оның ішінде: түсті металл кендерін өндіру – 208,7%, металл кендерін өндіру – 204,6%, көмір және лигнит өндіру – 106,8%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1120,1 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға 103,4%-ды құрады.

Экономикалық  және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын орындау есебінен келесі салаларда өндіріс көлемдерінің өсімі қамтамасыз етілді: машина жасау – 121,0%, химиялық өндіріс – 112,9%, өзге металл емес минералды өнім өндірісі – 153,6%, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру –104,2%, металлургия өнеркәсібі – 102,9% (оның ішінде: қара металлургия – 102,4%, негізгі асыл және түсті металл өндірісі – 103,7%), дайын металл бұйымдарының өндірісі – 109,0%, тамақ өнімдері өндірісі – 105,8%, қағаз және қағаз өнімінің өндірісі – 102,2%.

Заттай тұлғалауда өндірістің өсуі байқалуда: бензин – 2,1%, тазартылмаған болат – 24,3%, жіксіз құбырлар – 8,6%-ға, полимер негізінде бояулар және лактар – 13,3%.

Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмасты-руда өндіріс көлемі 285,0 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 107,9%. 

Облыстың электр станцияларымен сағатына 41,3 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді, бұл 2016 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 20,6%-ға жоғары.

Жылу энергиясын өндіру 13,9 млн. Гкал құрады (2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда – 98,8%).

Сумен жабдықтау саласында 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 11,9 млрд. теңгені немесе 110,0%-ды құрады.

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустриялан-дыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 1,1 трлн. теңге инвестициялар көлемімен және 8554 жұмыс орнын құрумен 40 жоба іске асырылуда.

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері 642,7 млрд. теңгеге 19 жоба, соның ішінде 2017 жылы 189,9 млрд. теңге инвестиция көлемімен 8 жоба іске қосылды, жұмыс орын саны – 462.

  1. Мал шаруашылығы кешенін ұйымдастыру («Екібастұз ет өндіру комбинаты» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 1,0 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 95, жобалық қуаттылығы – жылына 2 000 бас мал.
  2. «Тазартылған күнбағыс майын және ұн тарту өнімдері өндірісі («Галицкое» ЖШС ). Инвестициялар көлемі – 0,2 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 8, жобалық қуаттылығы – жылына 1200 тонна тазартылған күнбағыс майы, жылына 7500 тонна бидай ұны.
  3. Жағу материалдары өндірісін ұйымдастыру («Evooil Kazakhstan» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,4 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 20, жобалық қуаттылығы – жылына 9,6 мың тонна дайын өнім.
  4. Павлодар МХЗ жаңарту («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 180,0 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 161, жобалық қуаттылығы – жылына 5,1 млн. тонна шикі мұнай.
  5. «Павлодар АЭА аумағында қоспалы алюминий өндірісін ұйымдастыру» («Giessenhause» ЖШС) Инвестициялар көлемі – 4,9 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 30, жобалық қуаттылығы – жылына 36 мың тонна қоспалы алюминий.
  6. Автомобиль жеңіл құйылған дөңғалақтар өндірісі («КиК Павлодар» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,5 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 50, жобалық қуаттылығы – жылына 1 млн. диск.
  7. Тік жікті болат құбырлары өндірісін ұйымдастыру («ДАНиЕР» ПТСФ ЖШС). Инвестиция көлемі – 1,1 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 70, жобалық қуаттылығы – жылына 37,0 мың тонна тік жікті құбырлар.

 

 

  1. Қысқы дизель отыны өндірісі бойынша құрылыс зауыты («Alef trade» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 1,8 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 28, жобалық қуаттылығы – жылына 28,2 мың тонна қысқы дизель отыны.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Облыста Инвестицияларды тарту жөніндегі 2017 жылға арналған жол картасы іске асырылды.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 493,9 млрд. теңгені құрады.

Салым құрылымында едәуір үлес салмағын меншікті қаражат иеленуде – 72,0% немесе 355,5 млрд. теңге.  

Салалық құрылымда ең үлкен көлемге өңдеу өнеркәсібі ие – 42,7%, немесе 210,8 млрд. теңге. Облыс аталған инвестициялар бойынша республикада 1-ші орында.

Жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру, «бір терезе» принципі бойынша қолданыстағы инвесторлар-ды сүйемелдеу мақсатында Инвестициялар тарту агенттігі құрылды, облыстық Инвесторлар кеңесі, Өңірлік ғылыми-технологиялық орталық жұмыс істейді.

ЭКСПО-2017 аумағында «INVEST IN PAVLODAR»  Павлодар облысының инвестициялық көркемдік көрме орталығы жұмыс істеді. Оның жұмысы мерзімінде  182 компанияның өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

 

 «ПАВЛОДАР» АЭА

 «Павлодар» АЭА 29 қатысушысы тіркелді, соның ішінде 2017 жылы тіркелген 7 жаңа қатысушы тіркелді: 2017 жылы тіркелген               «RTF PVL» ЖШС» (ПВХ және полиолефинді өндеу), «НұрҚАЗ ПВ» ЖШС (көлің доңғалақтарын өндеу),  «SD LTD» ЖШС (тұрмыстық химияны өндеу), «КиК Павлодар» ЖШС (автомобиль жеңіл құйылған дөңғалақтар өндірісі), «РОСС DORCOM KZ» ЖШС (ыстық мырыштау  бойынша өндірісті ұйымдастыру), «D&P» ЖШС (дезинфекциялау жабдықтар өндірісі) және «ВекторМаш» ЖШС (радиаторлар және орталық жылу беру қазандықтар өндірісі).

 «Павлодар» АЭА аймағында барлығы инвестициялардың жал-пы көлемі 50 млрд. астам теңгеге 8 кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде 2017 жылы іске қосылған – «Evooil Kazakhstan» ЖШС (жағу материалдары өндірісі), «Giessenhaus» ЖШС (қоспалы алюминий өндірісі) және «КиК Павлодар» ЖШС (автомобиль жеңіл құйылған дөңғалақтар өндірісі). 2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сомасы 19,2 млрд. теңгеге өнім шығарды (2016 жылы –              8,1 млрд. теңге).

 

КӘСІПКЕРЛІК

2018 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілерінің саны 41,3 мың бірлікті құрады.

2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 5,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 2,8 млрд. теңге

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері барлығы                136,4 млрд. теңгеге 1693 жоба мақұлданды.

«Экономиканың басымды салаларында және өндеу өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» екінші бағыты шеңберінде сомасы 106,4 млрд. теңгеге 934 жоба мақұлданды.

 

ТУРИЗМ

Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 82-сі – турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9-ы – туроператорлық.

98 туристік орналастыру объектісі жұмыс істейді, соның ішінде 60 қонақ үй және 38 орналастырудың басқа орындары (демалыс үйлер, хостелдер), 42 туристік маршруттар тіркелді.

«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезеңінде облыс маршруттары бойынша турларды ұйымдастыру 4 есе көп шетел туристердің келуін ұлғайтуға мүмкіндік берді (125-тен 560 адамға дейін).

Баянауыл демалыс орнына 560 шетел туристі келді (Америка, Англия, Румыния, Монғолия, Қытай, Ресей).

«Баянауыл аңыздары» екікүндік маршруты бойынша көрменің бірінші күні (2017 жылғы 10-12 маусым) Астана қаласына ЭКСПО 2017 үшін келгендердің  Ресей Федерациясынан 108 азаматы келді.

 «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезеңінде Павлодар облысының 122 мың аса тұрғындардың келуі ұйымдастырылды.

         Халықтың барлық топтары, соның ішінде әлеуметтік топтардың көрмеге келу мүмкіндігі берілді. Көрмеге 26 мыңнан астам оқушылар қатысты. Астана қаласының көрікті жерлері, тікелей «Астана-ЭКСПО» көрмесін көрумен облыстың құрметті ардагерлер азаматтарының баруы ұйымдастырылды.

         «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу Павлодар облысының ішкі туризмін дамытуға айтарлықтай жәрдемдесті.

         Көрмені танымал ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында «Павлодар облысының Туристік қауымдастығы» ЗТБ құрылды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 196,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 106,7%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс ауданы 1191,9 мың гектарды құрады. Жарма, майлы және азық дақылдарының егісі кеңейді.

394,6 мың га жерде ылғал ресурсын сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының           45,0%-ын құрады.

Облыста 46,8 мың га суарылатын жер пайдаланылады, оның ішінде 2017 жылы 5,4 мың га енгізілді. 336,2 га ауданда жерді тамшылатып және себелеп суару қолданылады.

Жыл басынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 6,9 млрд. теңге сомаға жаңа ауыл шаруашылық техникасының 653 бірлігін және құралдарын сатып алды.

Пысықтағаннан кейін орташа  өнімділік салмақта – 10,8 ц/га болған кезде дәнді-дақылдарды жалпы жинау – 745,5 мың тоннаны құрады.         

488,9 мың тонна картоп (орташа егін шығымы – 286 ц/га), 204,7 мың тонна көкөніс (297 ц/га), 78,7 мың тонна бақша дақылдары (282 ц/га), 126,6 мың тонна майлы дақылдар (6,3 ц/га) жиналды.

Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 7 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 290,0 мың тонна сыйымдылығымен 115 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.

Облыс бойынша 1524,0 мың га (103%) шабындық жерлер шабылды, 1043,4 мың тонна (115%) шөп дайындалды, 926 мың тонна (89%) қыстау орындарына әкелінді.

83,4 мың тонна (122%)пішендеме, 172,9 мың тонна (120%) сүрлем, 219,0 мың тонна (104%) сабан дайындалды.

2018 жылғы астықта шаруашылық жүргізуші субъектілер 126,8 мың тонна немесе жоспарлы қажеттіліктен 112,0% жаздық егістің ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын септі.

Мал шаруашылығында қожалықтардың барлық санаттарында 92,9 мың тонна тірідей салмақтағы ет (109,3%), 370,0 мың тонна сүт (101,8%), 170,3 млн. дана жұмыртқа (123,3%) өндірілді.  

ІҚМ басының саны 392,9 мың басты (2016 жылға қарағанда 101,1%), қой – 466,3 мың басты (93,0%), ешкі – 60,6 мың басты (88,3%), жылқы – 150,3 мың басты (104,4%), шошқа – 62,5 мың басты (98,4%), құс – 1407,8 мың басты (115,1%) құрады.

2017 жылы «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 965 бас ІҚМ (2017 жылғы жоспарға қарағанда 48,3%), 228 бас қой (22,8%), 392 бас жылқы (78,4%) сатып алуға кредит берілді.

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде  1129,3 тонна ет өнімі экспортталды. Селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізілуде, 2017 жылы симментал тұқымы және герефорд асыл тұқымды ұрғашы ІҚМ басының 362 басы әкелінді.

Отарлы учаскелерге жайылымдарды суландыру бағдарламасы бойынша 2017 жылы 26 ұңғыма бұрғыланды.

204 дайындау пункті және 276 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2017 жылы облыс бойынша 37 қайта өңдеу объектісі іске қосылды, оның ішінен 9-ы – жаңа өндірістер.

Облыс жергілікті жерде өндірілген негізгі тамақ өнімдерімен                80%-ға қамтамасыз етілген (ұн, жармалар, макарон өнімдері, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы).

2017 жылдың қорытындысы бойынша салада 13,8 млрд. теңге сомаға 40 инвестициялық жоба іске асырылды, 590 жұмыс орны құрылды. 

Едәуір ірі жобалар: Павлодар мен Екібастұз қалаларында 6,8 га аумағында 2 жылыжай кешені.

Тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын дамытуға салынған инвес-тициялар көлемі 55,4 млрд. теңгені құрады (2016 жылға қарағанда 3 есе), азық-түлік тағам-дарын өндіру – 3,1 млрд. теңге (157,0%).

2017 жылы шілдеден қазанға дейін Астана қаласында павлодарлық өндірушілердің қатысумен 3 жәрменке өткізілді, бұнда сомасы 500 млн. астам теңгеге 2,3 мың тонна ауыл шаруашылық өнім сатылды. Облыстың барлық өңірлерінен 100 өндеу және ауыл шаруашылық кәсіпорны қатысты. 

2017 жылдың басынан облыста 73 ауылдық тұтынушылар кооперативі тіркелді (жоспар – 30 бірлік), соның ішінде сүт дайындау –                    22 бірлік, етті өндіру және дайындау бойынша – 38 бірлік.

СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ

Сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылғы қаңтар-қараша ішінде 2634,5 млн. АҚШ долларын құрады (2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 129,1%), соның ішінде экспорт – 1667,3 млн. АҚШ доллары (162,8%), импорт – 967,2 млн. АҚШ доллары (95,1%). Сауда теңгерімінің сальдосы оң болып қалыптасты және 700,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыстың үлес салмағы республиканың жалпы тауар айналымы көлемінде 3,9%-ды құрады. 

Минералды өнімдердің 32,6%-ға, азық-түлік – 28,9%-ға,  химиялық өнімнің – 7,2%-ға импортының өскені байқалады.

Минералды өнімдердің – 32,6%-ға, азық-түлік өнімінің – 28,9%-ға, химия өнімінің – 7,2%-ға, құрылыс материалдарының – 8,7%-ға импортының өскені байқалады.

Минералды өнімдер (2,5 есе), машина жасау өнімі (2,2 есе)  және металлургия (34,5%-ға) тауарларының негізгі топтары бойынша экспорттың өсуі байқалады. 

Павлодар облысы әлемнің 73 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда жасау көлемі 2017 жылғы қаңтар-қараша ішінде 1282,7 млн. АҚШ долларын құрады (2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 129,1%), соның ішінде экспорт – 689,5 млн. АҚШ доллары, импорт – 593,2 млн. АҚШ доллары. 

2017 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өңір ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бойынша көш бастаған төрттікке кірді, бұл ретте ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша облыс Қарағанды облысынан кейін 2-орынды иемденді.

 

САУДА

Облыстың сауда желісі бөлшек сауданың 4729 объектісімен ұсынылған. 4400 сауда орны бар 33 нарық жұмыс істейді. 2017 жылы облыс бойынша 47 жаңа дүкен ашылды. Соның ішінде облыс орталығында ауданы 9000 шаршы метр «Orange» сауда-қоғамдық орталығы, «SMALL», «Лидер», «inmart» сауда желілерінің дүкендері, сондай-ақ Екібастұз қаласындағы 3000 шаршы метрге сауда үйі. 

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бөлшек сауда айналымы 342,5 млрд. теңгені құрады, тауарларды өткізу инфляцияны ескерусіз (НКИ) жоспарда 1,8% болғанда 3,8%-ға ұлғайды.

         Облыста заманауи сауда форматтарына көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ауданы 2 мың шаршы метрден асатын және «бөлшек сауда» қызмет түрімен 12 ірі дүкен жұмыс жасайды.  

Қолма-қол ақша төлемей есеп айырысатын дүкендер саны артып келеді. 2017 жыл ішінде POS-терминалдары бар сауда кәсіпорында-рының саны 528 бірлікке ұлғайды және 4462 объектіні құрады.

 

ИНФЛЯЦИЯ

Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында облыста 2017 жылға арналған Іс-шаралар жоспары іске асырылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 107,7%-ды құрады (ҚР – 107,1%).

Азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 5,1%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 8,1%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 10,5%-ға өсті. 

Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізінен барлық тауарлық топтар бойынша (19-дан 19) орташа республикалық деңгейден төмен болып сақталуда. 

2018 жылғы 1 қаңтарға облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнның, сиыр етінің, жұмыртқаның, тауық етінің, тұздалмаған сары майдың, күнбағыс майының, қарақұмық жармасының, картоптың, орамжапырақтың ең төмен бағалары тіркелді.

219 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтан-дыру мақсатында 2017 жыл ішінде 677 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 1691,8 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

 

БАЙЛАНЫС

Байланыс қызметтерінен түскен табыс 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 13,2 млрд. теңгені құрады (2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 102,1%). Облыста барлық елді мекендер телефондандырылды   (371), оның ішінен 330-ы Интернет желісіне шығумен қамтамасыз етілді.

2017 жылы облыстың Ақтоғай, Железин, Ертіс және Павлодар аудандарының 6 ауылында «Қазақтелеком» АҚ жалпы ұзындығы 128 шақырым болатын талшықты-оптикалық байланыс желісін салды, ауыл тұрғындарына жоғары жылдамдықты интернетті және ID-TV интерактивті теледидарын қолдануға мүмкіндік берді.

157 елді мекен (57%) ұялы байланыс сигналын тұрақты қабылдау аймағында, 80 елді мекен (29%) сигналды тұрақсыз қабылдау аймағында орналасқан, ал 34 елді мекенде (14%) ұялы байланыс жоқ.

 

КӨЛІК

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста жүкті көлікпен тасымалдау көлемі (т/ж көлігін есепке алмағанда) 133,1 млн. тоннаны құрады (2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 100,1%), жүк айналымы – 35,1 млрд. тшақ. (107,2%). 1,22 млрд. жолаушы тасымалданды (98,4%), жолаушы айналымы 6,1%-ға өсті.

Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында автовокзалдар мен автостанциялар жұмыс істейді (3 автовокзал, 7 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 7 пункті).

63 облысішілік, 58 қалалық және 32 ауданішілік бағыттан тұратын жолаушылардың бағдар желісі жұмыс істейді. Сонымен қоса, 14 облысаралық және 12 халықаралық бағыт қызмет көрсетеді.

2017 жылы әлеуметтік маңызы бар ауданішілік 24 бағытты субсидиялауға облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 36,6 млн. теңге бөлінді және игерілді, 2018 жылға 45,7 млн. теңге көзделген. 

Тұтас алғанда, облыстың барлық ауылдық елді мекендері тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған. 

 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Астана-Павлодар және Павлодар-Семей автожолдары бойынша ұзындығы 200 шақырым жаңа төсем салынды, оның ішінен Астана-Павлодар автожолы бойынша 120 шақырым (оның ішінен 92 шақырымы төрт жолақты қозғалыс бойынша), Павлодар-Семей 80 шақырым. 

2017 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 78,1%-ды немесе 3079 шақырымды құрады (жалпы ұзындығы – 3942,3 шақырым).

Аталған көрсеткіш ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 285 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдарда жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен қолжеткізілді:

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 106,3 шақырым (47,8 шақырымын қайта жаңарту; 58,5 шақырымын орташа жөндеу) жол-жөндеу жұмыстары орындалды;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 178,7 шақырым (35 шақырымын қайта жаңарту; 143,7 шақырымын орташа жөндеу) жол-жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

 

ҚҰРЫЛЫС

2017 қаңтар-желтоқсан ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 179,8 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы облыста 932 объект пайдалануға енгізілді, оның ішінен 588-і жаңа ғимарат. 

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 242 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы деңгейден 31,2%-ға артық (оның ішінен: коммерциялық тұрғын үй – 42 мың ш.м., ЖТҚ – 69,99 мың ш.м., «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы тұрғын үй – 54,38 мың ш.м., кредитке берілетін тұрғын үй – 32,36 мың ш.м., жалға берілетін – 17,61 мың ш.м., өзгелері – 25,69 мың ш.м.).

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысын іске асыру басталды.

«ҚТҚЖБ» АҚ желісі арқылы тұрғын үй салу бойынша жалпы ауданы 22,8 мың ш.м. 374 пәтерлік 5 тұрғын үй іске қосылды.

2017 жылы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

«Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй салу» бағыты бойынша 216 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша барлығы 20 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 

2017 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі 16,2 млрд. теңгені құрады (2016 жылға қарағанда 95,8%), оның ішінен 65,2% – бюджет қаражаты, 34,8% – құрылыс салушылардың меншікті қаражаты.

Облыс әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін түсімдер есебінен 2017 жылы облыс қалаларында 9 кредитке берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды. 

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2017 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін жаңғыртуға 1,04 млрд. теңге бағытталды. 

18,7 шақырым желіні жаңғырту бойынша барлығы 5 жоба іске асырылды, соның ішінде: 16,5 шақырым – сумен жабдықтау, 2,2 шақырым – су бұру. 

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша инженерлік желілердің тозуы: сумен жабдықтау бойынша 63%-дан 61,2%-ға дейін, су бұру бойынша 59,7%-дан 59%-ға дейін төмендеді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының шеңберінде 2017 жылы:

– сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 660,9 млн. теңге;

– ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 10,4 млрд. теңге бөлінді. 

 

АБАТТАНДЫРУ 

Облыс тұрғындарының жаппай демалатын жаңа абаттандырылған және қайта жаңартылған орындарды құру мақсатында 2017 жылы Павлодар қаласында 6 скверге күрделі жөндеу және Ертіс өзінінің Жағалауын Лермонтов к-сінен «Қазтрансойл» ғимаратына дейін қайта жаңарту жүргізілді.      

Тұтас алғанда, 2017 жылы облыстың елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық күтіп-ұстау бойынша іс-шараларды жүргізуге барлық деңгейдегі бюджеттерден 13,6 млрд. теңге бөлінді.

Облыс қалалары мен аудандарындағы халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 238 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайғастыру, 2 021 шағын сәулет нысандарын орнату және жөндеу бойынша жұмыстар орындалды, 60 спорт алаңы жайластырылды.

70,6 шақырым жолдарды күрделі және орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу (шұңқырлы) – 331 мың шаршы метр және 1,3 мың шақырым жолдарды профильдеу бойынша жұмыстар орындалды.

179 аулаішілік аумақтар абаттандырылды. 45,3 мың қ.м. көше қоршаулары орнатылды және жөнделді, қоғамдық көліктің 485 аялдамасы жайластырылды және жөнделді, көше жарығының 55,0 шақырым желілері қалпына келтірілді, 7 338 шамдал орнатылды және жөнделді.

Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша іс-шаралар шеңберінде 20 сквер мен саябақты абаттандыру және 263-ін күтіп-ұстау орындалды, 60,4 мың ағаш отырғызу жүргізілді (оның ішінен -51,8 мың ағаш бюджеттен тыс қаражат есебінен). 60,1 мың шаршы метр гүлзарлардың және 21,4 мың шаршы метр көгал алаңдардың құрылғысы орындалды.

Облыс елді мекендерінің санитарлық жағдайын қолдау үшін 208 санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерлерді жоюмен аумақты тазарту бойынша жұмыстар орындалды.

 

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 24 ұйым бәсекелі ортаға берілді, соның ішінде:

– 2106,1 млн. теңгеге коммуналдық меншіктің 10 ұйымы (ШЖҚ «Павлодар облыстық диагностикалық орталығы» КМК, «Ақсу-Коммунсервис» ЖШС, «Екібастұзлифт» ЖШС, Павлодар ауданы әкімдігінің «Комунсервис» ЖШС, ШЖҚ «Павлодар қаласының № 1 емханасы» КМК, ШЖҚ «Павлодар қаласының № 2 емханасы» КМК, «Павлодар өңірлік ғылыми-технологиялық орталық» ЖШС, «Сапаржай Павлодар» ЖШС, ШЖҚ «Полигон» КМК, Павлодар қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Спортсервис» КМҚК);

– 160,35 млн. теңгеге «Павлодар» ӘКК 5 ұйымы («Ертіс – Лада» ЖШС (үлесі 45,25%), «Павлодар» қаржы орталығы» ЖШС, «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС, «Ертіс-Өркені» ЖШС, «ПВ күрделі құрылысты басқару» ЖШС).

– 9 ұйым таратылды («Железин жол-пайдалану учаскесі» МКК, «Шарбақты ауданы әкімдігінің «Коммунсервис» ЖШС «Жұлдыз» стадионы» КМҚК, «Орталық стадион» КМҚК, «Достық» стадионы» КМҚК, «Астана» мұз сарайы» КМҚК, «Баянтау» спорт сарайы» КМҚК, ШЖҚ «Спорт клубы» КМК, «Шымыр» дене шынықтыру-сауықтыру бассейні» КМҚК).

 

БЮДЖЕТ

2017 жылы мемлекеттік бюджетке 239,5 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 2017 жылғы жоспарға қарағанда 101,4%, республикалық бюджетке 132,5 млрд. теңге (жоспарға қарағанда 100,5%), жергілікті бюджетке – 107,0 млрд. теңге (102,4%) аударылды.

Облыс бюджетінің шығыстары 205,9 млрд. теңгеге немесе 99,0%-ға атқарылды, игерілмегені – 2,0 млрд. теңге.

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 48,96 млрд. теңге сомасында (50,0 млрд. теңге бөлінді) немесе 97,6% игерілді.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Облыста 87 ауыл (23,8%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 63 ауыл – кешенді блок модуль қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 205 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдаланады. 10 ауыл әкелінетін сумен қамтамасыз етілуде.

2017 жылы іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 312,2 млн. теңге бөлінді (100% игерілді). 24 ауылдық елді мекенде жер асты суларының қоры бекітілді, тағы 11 ауыл үшін жер асты суларының қорымен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

2017 жылы облыста ауылдық сумен жабдықтаудың 10 жобасын іске асыру бойынша жұмыстар аяқталды (Константинов ауылы – Успен ауданы, Жолболды ауылы, Приречен ауылы, Андрияновка ауылы – Ақтоғай ауданы, Қызылжар ауылы, Евгеньевка ауылы – Ақсу қаласының ауылдық аймағы, Ямышев ауылы, Жамбыл ауылы – Лебяжі ауданы, Панфилов ауылы – Ертіс ауданы, Ақшиман ауылы – Май ауданы).

 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

2017 жылы 14 табиғат қорғау іс-шарасын іске асыруға облыстық бюджеттен 936,0 млн. теңге бағытталды. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 16,0 млрд. теңге сомаға табиғат қорғау іс-шараларын орындады.

Қоршаған ортаның сапасын кезең-кезеңімен жақсарту үшін облыста Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілді.

Облыстың 2030 жылға дейінгі даму Негізгі бағыттары шеңберінде Экологиялық технологиялар жөніндегі құзірет орталығы жұмыс істейді.

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының күл-қож қалдықтарын кешенді өңдеу бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың кластерін құру тұжырымдамасы әзірленді. Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданында сынапты мониторинг жүзеге асырылды. Іріктелген 268 сынама талдауының нәтижесі бойынша экологиялық жағдай тұрақты орнықты болып сипатталады.

Ертіс өзеніне көктемгі су жіберуге жыл сайын мониторинг жүргізіледі. 2017 жылы арнаға 7,6 текше шақырым су жіберілді және жайылма алқаптың 90,7%-на немесе 307,2 мың гектарына су жайылды.

Бұған қоса, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберілді. 98,4 млн. текше метр су жіберілді, 19,7 мыңнан аса га жайылма суару жерлеріне су жайылды.

Бастаудан Ақтоғай ауданының Алға ауылына дейінгі учаскедегі Тюлька өзенінің арнасын қайта жаңарту бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жалғасуда. Бүгінге 24 шақырымнан арнаның 16 шақырымына тазарту орындалды. 

Сондай-ақ, «Ақсу қаласының кәріздік тазарту имараттарынан «Ұзынбұлақ» жинаушы көліне дейін қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту» жобасын әзірлеу аяқталды.

Облыс аумағында жалпы ауданы 1310 гектар қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) орналастырудың 345 объектісі орналасқан. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың әкімдері ҚТҚ қоқыс тастайтын жерлерге арналған 81% объектіні рәсімдеді. Павлодар облысы бойынша ҚТҚ жеке жинауды, іріктеуді, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді енгізу, жергілікті атқарушы органдардың қалдықтармен жұмыс жасау саласындағы мамандандырылған кәсіпорындармен өзара іс-қимылы жөніндегі 2020 жылға дейінгі жол картасы әзірленді.

2017 жылы кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын қазуға 43 келісімшарт жасалды. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге 19 жер қойнауын пайдаланушымен 20 келісімшарт жасалды.

Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 478,7 мың гектарды құрайды.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Облыс жерінің жалпы ауданы 12,5 млн. га құрайды, оның ішінде  ауылшаруашылық мақсатындағы жер – 5,7 млн. га.

2017 жылы 513,3 мың га пайдаланылмайтын ауылшаруашылық алқабы анықталды: 208,9 мың га – мемлекеттік меншікке қайтарылды, 86,9 мың га ауданды пайдалануға кірісті, 8,5 мың га – бір түрден басқа түрге ауыстырылды. 2018 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша пайдаланылмайтын жер ауданы 179,2 мың га құрады.

Жалпы ауданы 47,2 мың га 168 жер учаскесі жер пайдаланушылардың пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тартуы жолымен мемлекеттік меншікке қайтарылды.  

218,3 мың га пайдаланылмайтын жер ауыл шаруашылығы  айналымына тартылды, бұл 2016 жылғы деңгейден 21%-ға артық. 

2017 жылы 620,7 мың га ауылшаруашылық алқабы ауыл шаруашылығы  айналымына тартылды, олардың ішінен: конкурстық негізде – 416,2 мың га, конкурстан тыс – 204,6 мың га.

Жалпы ауданы 161 га болатын 192 учаскені уақытша жер пайдалануға сату бойынша 23 аукцион өткізілді. 

472 ауылшаруашылық құрылымының 1251 мың га ауданда ішкі шаруашылық жер орналастыру жобалары бар, оның ішінде 1002 мың  га ауданда – далалық егіс айналымымен, бұл бар егістіктерге қарағанда 75% құрайды.

106 жер пайдаланушы 11,0 млн. теңге жалпы сомаға жоғарылатылған мөлшерлемелер бойынша жер салығын төлеуге тартылды. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2017 жылы 4783 табысы аз отбасыға 88,8 млн. теңге жалпы сомаға тұрғын үй көмегі көрсетілді. 

522 табысы аз азаматқа 16,5 млн. теңге жалпы сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 1249 отбасындағы 3375 бала 57,4 млн. теңге сомаға мемлекеттік балалар жәрдемақысын алды.

1979 жұмыссыз адам әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарының 623 түлегі жастар практикасына орналастырылды.

18 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматқа 127,2 млн. теңге жалпы сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60% төмен табысы аз азаматтар жұмыспен қамтуға және әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда оларға шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда. 

2018 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша 214 отбасы (1013 адам) жанұяны жандандырудың әлеуметтік келісімшарттарын жасасты, оларға 38,5 млн. теңге жалпы сомаға ақшалай көмек тағайындалды.

2017 жылы мүгедектерді оңалтуға 367,3 млн. теңге бағытталды. 

Жыл қорытындысы бойынша, жеке мүгедектерді оңалту бағдарламаларының әлеуметтік бөлімі 82,2%-ға орындалды. Оңалтудың кәсіби бөлімі 90,5% орындалды.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2018 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 2472 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді тұрғындар санатында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,6% құрады.

2017 жылы облыста 12971 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 8483 – тұрақты. Облыс бойынша 24882 адам (жыл жоспарына қарағанда 132%) жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 5033 адам – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2017 жылғы ІІІ тоқсанда 4,8% құрады (республика – 4,9%).

 

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

2017 жыл ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша 339 тексеріс жүргізді, оның барысында 210 нұсқама берілді, 22,1 млн. теңге жалпы сомаға 149 әкімшілік айыппұл салынды.

Облыстың 146 кәсіпорнының 2202 қызметкеріне құқықтары қайта қалпына келтірілді және 339,6 млн. теңге жалпы сомаға жалақы бойынша берешек өтелді.

 

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

Жұмыскерлерге 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте есептелген орташа айлық номиналды жалақы 126561 теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 106,6%.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша неғұрлым жоғары орташа айлық жалақы «қаржы және сақтандыру қызметі» секторында – 174015 теңге, ең төменгі «ауыл, орман және балық шаруашылығы» саласында тіркелді – 75071 теңге.

 

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесі 371 мемлекеттік жалпы білім беру мектебін  (98,6 мың оқушы), 50 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

2017 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге 2537 адам қатысты. ҰБТ орташа баллы – 91,77 құрады (2016 жылы – 88,2). ҰБТ қорытындысы бойынша облыстар арасындағы кешенді рейтингіде Павлодар облысы республикада 2 орынды иемденді.

Мектептердің компьютерлік паркі 18,9 мың бірлікті құрайды. Тұтас облыс бойынша бір компьютерге 5,2 оқушыдан келеді. Облыстың барлық мектептері кең жолақты Интернетке кіре алады. 

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталу облыс бойынша 100% құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылы 118 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, Ақсу қ.а.а. М.Омаров атындағы ауылдағы Жамбыл орта мектебінің ескі ғимараты, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылындағы кітапхана ғимараты балабақша етіп реконструкцияланды.

Апатты және үш ауысымдық мектептер жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді дамыту және бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін облыста 92 қосымша білім беру ұйымы, 10 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді.   

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқушылар құрамы 20,7 мың адам құрайды, оның ішінен 12,6 мың колледж студенті 82 мамандық бойынша тегін білім алуда. 

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың жеті колледжінде республиканың оңтүстік өңірлерінен 485 студент оқиды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 426 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39,3 мың бала), оның ішінде 176 балабақша мен  250 шағын орталық.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 77,2% құрайды, 3-тен 6 жасқа дейін – 100%.

Мектепке дейінгі мекемелерде қосымша 355 орын ашу: №111 балабақшаны қайта бейімдеу, Павлодар қаласында № 42 балабақшада қосымша топ және «Инара» жеке меншік шағын орталық, Павлодар ауданы Бірлік ауылында шағын орталық және Заря ауылында балабақша, Екібастұз қаласында «Сәулетай» жеке меншік бақша және Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында балабақша ашу есебінен қамтамасыз етілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Облыстың денсаулық сақтау желісі 348 медициналық ұйымнан тұрады, онда  2392 дәрігер және 6256 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.

Ақсу қ.а.а. Евгеньевка ауылында дәрігерлік амбулатория және Успен ауданының Табылжан ауылында медициналық пункт пайдалануға енгізілді. 

2017 жылы облыста 11905 сәби дүниеге келді, туу көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға төмендеді және 1000 тұрғынға шаққанда 15,7 құрады.

Тұтас облыс бойынша туберкулез ауруының көрсеткіштері – 9,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 49,0), психикалық белсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық және мінез-құлық ауытқуларымен –49,5%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 61,7), ВИЧ-инфекцияларымен – 6,0%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 26,8) төмендегені байқалады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер мен ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысы басталды.

2017 жылы 538,0 млн. теңге сомаға 17 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

2017 жылы міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. 2017 жылы облыс бойынша 119,3 адам үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналар – 1,5 млрд. теңге сомаға төленді.

 

МӘДЕНИЕТ

2017 жылы Лебяжі ауданы Мерғалым ауылында 100 орындық ауылдық мәдениет үйі салынды. Сонымен қатар, 391 млн. 012 мың теңге сомаға 15 мәдениет объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

2017 жыл ішінде «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығы мен облыстық филармония 444 іс-шара өткізді.

2017 жылдың едәуір маңызды мәдени іс-шаралары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұлы Дала Елі» ұлттық мәдениетті, дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, дамыту бойынша жыл сайынғы этнофестиваль өтті, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «БИБЛИОНОЧЬ-2017» ауқымды акциясы өткізілді, «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге арналған Астана қаласында Павлодар облысының Мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді: мәдениет күндерінің ашылуы этноауыл көрмесіне арнайы тұрғызылған «Қазанат» ипподромы аумағында бұқара халықтың қыдыру думанымен өтті. Астана тұрғындары үшін Екібастұз қаласының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды, облыстық музей қорынан «Ертіс – қимақтар өзені» көрмесі ашылды. Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының және А.П.Чехов атындағы драма театрының театралдық қойылымдары  аншлагпен өтті және астаналық қауымның үлкен қызығушылығын тудырды. «Ертістен Есілге тарту» гала-концерті Павлодар облысы мәдениет күндерінің шарықтау шегі болды, оған қазақстан эстрадасының жұлдыздары – біздің облысымыздың тумалары – М.Түсіпбаева, Р.Малцагов, Р.Мұқатаева, Ж.Дугалова және Ертістің Павлодар өңірінің шығармашылық ұжымдары қатысты. 

Облыс музейлері 4238 экскурсия, 1584 дәріс өткізді, 768 көрме ұйымдастырды, 478 экспонат сатып алды.

Облыс театрлары 360 спектакль қойды, оның ішінде 13 алғашқы қойылым, 82,6 мың көрермен қамтылды.

204 кітапхана компьютерлермен жабдықталды, оның ішінен 133 – Интернет желісіне қосылған. 2018 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша  кітапхана көрсететін қызметтерді облыс бойынша 421,0 мың оқырман пайдаланды.

Архив сақтау қоймаларының ауданы 1518 ш.м.-ден 3623,7 ш.м. дейін ұлғайды. 2017 жылы архив анықтамаларын алуға 31,4 мың респондент жүгінді.

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ

Облыстың спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық меншік түрлерінің 3482 бірлігін қамтиды, оның ішінде ауылда – 1957.           2017 жылы облыс бойынша 115 жаңа спорт объектісі пайдалануға енгізілді.

27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 22 мыңнан астам адам шұғылданады.

2017 жыл ішінде халықаралық сыныпты 16 спорт шебері және Қазақстан Республикасының 69 спорт шебері дайындалды.

Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 1435 медальды жеңіп алды, оның ішінде: 497 алтын,                426 күміс, 512 қола.

Павлодар облысының 10 спортшысы Алматы қаласында өткен 28- бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға спорттың үш түрінен қатысты, онда 11 медаль жеңіп алды, оның ішінен – 1 алтын, 6 күміс және 4 қола.

Павлодар облысының спортшылары Саппоро қаласындағы  (Жапония) 2017 жылғы 8-қысқы Азия ойындарына спорттың екі түрінен қатысты және биатлоннан құны әртүрлі 4 медаль жеңіп алды. 

Павлодар облысында кәсіби спорт клубтары жемісті жұмыс істеуде, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жетекші жайғасымдарды тұрақты иемденуде, мысалы:

 «Павлодар» волейбол клубы 2016-2017 жылдар маусымында Қазақстан Республикасының чемпионатында Ұлттық лиганың волейболдан ерлер командалары арасында күміс медальдарын жеңіп алды.

«Ертіс-Қазхром» волейбол клубы 2016-2017 жылдар маусымында Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогінің 2017 жылғы әйелдер командалары арасында күміс медальдарын жеңіп алды.

«Ертіс» футбол клубы футбол маусымын Қазақстан Республикасы Чемпионатының  Премьер-лигасы командалары арасында төртінші орынмен аяқтады, сонымен екінші жыл қатарымен Еуропалық Кубокқа келесі маусымда қатысу құқығын жеңіп алды.

«Ертіс-Павлодар» хоккей клубы 2016-2017 жылдар маусымында Қазақстан Республикасының шайбалы хоккейден чемпионатында ерлер командалары арасында 4 орынды иемденді және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Кубогінің қола медальдарын жеңіп алды. 

Облыста 211,9 мың адам қамтылып, 1,5 мыңнан астам бұқаралық спорт іс-шарасы өткізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адам саны  228 мыңды құрады немесе облыс халқының жалпы санынан 30,2%.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 159,0 мыңды құрайды (облыс халқының жалпы санынан 21,0%), оның ішінен 122,1 мың адам қалаларда тұрады (жастардың жалпы санынан 76,7%), 36,9 мың адам – ауылда (жастардың жалпы санынан 23,3%).

2017 жылы Облыстық жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың әлеуметтік проблемаларын шешу бойынша 37,3 мың консультация берді.

Барлық қалалар мен аудандарда әкімдердің басшылық етуімен Жастар істері және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. 2017 жылы барлық деңгейдегі Кеңестердің 44 отырысы өтті, онда 130-дан астам мәселе қаралды. 

Сонымен қоса, барлық қалалар мен аудандарда Жастар бастамаларын дамыту орталықтары, Жас мемлекеттік қызметшілер, Жұмыс істейтін жастар, Жас ғалымдар кеңестері жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы 257 жұмыс берушімен шарттар бойынша оқу орындарының 623 түлегі үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылды, 953 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

2017 жылы «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде облыстың ауылдық елді мекендеріне 167 маман келді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамасын қолдау мақсатында  жастар санатынан 213 адам «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыды, олардың ішінен 12 адам микрокредит алды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ желісі бойынша 523 пәтер пайдалануға енгізілді, оның ішінен жастарға – 294 пәтер.

2017 жылы 6 желтоқсанда Павлодар қаласында Республикада бірінші Волонтерлік қызметті дамыту орталығы ашылды, онда облыс волонтерлерінің 4 бағыт бойынша жұмысы үйлестірілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2017 жылы 21 жоба ойнатылды (83% – жастар қозғалысын дамытуға, 11% – азаматтық және патриоттық тәрбиелеуге, 6% – жастарды әлеуметтік практикаға тартуға).

2017 жылы барлығы 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді (3 халықаралық, 10 республикалық және облыстық), 80 мың адам қамтылды (облыстың барлық жастарының 50%).

 

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

Ішкі істер органдары 2017 жыл ішінде өткізген жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша қылмыстық деңгейі 23,5%-ға төмендеді, 11052 қылмыс тіркелді. 

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жалпы жақсарды – 80,7%-дан 85,5%-ға дейін.

Облыста жергілікті полиция қызметі жұмыс істейді (бұдан әрі – ЖПҚ). Солай, 2017 жылы ЖПҚ бастықтарының әкімдер мен мәслихаттар алдында 31 есебі және учаскелік полиция инспекторларының 1150 есебі тыңдалды.

Өңір жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2017 жылы жол-көлік оқиғаларының санын 0,9%-ға, қаза болғандар санын – 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. 

2017 жылы облыс ІІД бейне/аудио тіркеудің көп функционалдық құрылғыларының 368 данасын, 64 дана планшет және автомобильдік бейнетіркеуіштің 50 данасын сатып алу үшін қосымша 1,2 млрд. теңге бөлінді.

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ

Облыста 749 ҮЕҰ жұмыс істейді, азаматтық сектордың шамамен 200 өкілі өз қызметін белсенді іске асыруда. 

Этносаралық, тілдік және діни қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық мәдени-этнос бірлестігінің, облыстың қалалары мен аудандарында 89 мәдени-этнос бірлестігінің қызметі қамтамасыз етілуде.

Облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңесі, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен жастар кеңестері жұмыс істейді. 

Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде жыл сайын ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларының конкурстары өтеді.

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 595,8 млн. теңгеге 130 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.

18 облыстық кәсіподақтың, 1359 бастапқы кәсіподақ ұйымының қызметі белсенді жүзеге асырылуда. 

Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың 6 облыстық филиалы жұмыс істейді: «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру және ілгерілету шеңберінде Павлодар облысында 800-ден астам іс-шара өтті, жалпы 700 мыңнан астам адам қамтылды.

Облыста әртүрлі меншік түрінің 116 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. 

Облыс әкімінің тезистері

Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың 2017 жылғы 17 ақпандағы облыс халқы алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистеріне ақпарат

2016 жылы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталды.

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ  

2016 жылғы 9 ай ішінде номиналды тұлғалауда 93,6 млрд. теңгеге ұлғайған облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 1348,4 млрд. теңгені құрады. Жалпыреспубликалық көлемде облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 4,3%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мөлшері 1777,4 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 0,7%-ға (1764,7 мың теңге) жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада 7-ші орында.

 

ӨНЕРКӘСІП

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1369,7 млрд. теңгені, НКИ – 101,3%-ды құрады.  

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 209,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2015 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 146,9%, оның ішінде: түсті металл кендерін өндіру – 519,7%, металл кендерін өндіру – 428,3%, көмір және лигнит өндіру – 97,3%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 905,2 млрд. теңгені, немесе 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға 98,2%-ды құрады.

Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын орындау есебінен келесі салаларда өндіріс көлемдерінің өсімі қамтамасыз етілді: металлургия өнеркәсібі – 103,6% (оның ішінде: қара металлургия – 102,7%, негізгі асыл және түсті металл өндірісі – 104,7%), дайын металл бұйымдарының өндірісі – 117,7%, жеңіл өнеркәсіп – 109,7%, тамақ өнімдері өндірісі – 102,5%, қағаз және қағаз өнімінің өндірісі – 122,6%, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 138,7%, жиһаз өндіру – 113,4%.

Заттай тұлғалауда өндірістің өсуі байқалуда: бензин – 1,2%, өңделмеген алюминий – 9,6%, жер балшық – 3,6%, тазартылмаған болат – 3,4%, жіксіз құбырлар – 12,4%-ға, ферроқорытпа – 0,6%-ға, хлор – 1,9%, каустикалық сода – 8,9%, тұз қышқылы – 13,8%, металл құрылымы – 17,9%, әр түрлі модификацияланған крандар – 23,1%.

Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмасты-руда өндіріс көлемі 243,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 98,3%.

Облыстың электр станцияларымен сағатына 34,2 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді, бұл 2015 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 1,7%-ға төмен.

Жылу энергиясын өндіру 14,1 млн. Гкал құрады (2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда – 103,6%).  

Сумен жабдықтау саласында 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда шығарылған өнімнің көлемі 11,2 млрд. теңгені немесе 105,6%-ды құрады.

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-ның екінші бес жылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде Индустриялан-дыру және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау карталары бойынша 1,4 трлн. теңге инвестициялар көлемімен және 8744 жұмыс орнын құрумен 41 жоба іске асырылуда.

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері 465,6 млрд. теңгеге 14 жоба, соның ішінде 2016 жылы 22,4 млрд. теңге инвестиция көлемімен 9 жоба іске қосылды, жұмыс орын саны – 524.

  1. Екібастұз қаласында жылыжай кешенін салу («Greenhou-seKZ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 3,2 млрд. теңге, жұмыс орны – 70, жобалық қуаттылығы – жылына 10 млн. дана раушан.
  2. Павлодар қаласында жылыжай кешенін салу («Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 1,8 млрд. теңге, жұмыс орны – 50, жобалық қуаттылығы – жылына 1600 тонна қызанақ.
  3. Май ауданында байытылған көмір қондырғысын салу («Директ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,75 млрд. теңге, жұмыс орны – 30, жобалық қуаттылығы – жылына 300 мың тонна байытылған көмір.
  4. Павлодар АЭА аумағында агрохимиялық өнім өндірісі («Агрохимпрогресс» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 3,3 млрд. теңге, жұмыс орны – 118, жобалық қуаттылығы – жылына 11,0 мың тонна химиялық зат.
  5. Қазақстан Республикасында теміржол осьтерін өндіру және доңғалақ жұптарын қалыптасыру бойынша зауыт («R.W.S. Wheelset» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 11,95 млрд. теңге, жұмыс орны – 200, қуатылығы – жылына 32 мың теміржол осьтер, 10 мың доңғалақ жұбы.
  6. Жоғары қысымды құбыр өндірісін жаңғырту («Агромир» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,05 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 4, жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың дана құбыр.
  7. Ұсақ-дана бетон бұйымдарын өндірудің бірінші кезеңін шығару («Грейтбрик» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,8 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 5, жобалық қуаттылығы – жылына 13 млн. ұсақ-дана бетон бұйымы.
  8. Брикеттелген құрғақ жанармай шығару бойынша өндіріс құру («УБУНТУ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,2 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 35, жобалық қуаттылығы – жылына 28,1 млн. брикеттел-ген көмір.
  9. Құрғақ сублимирлы бие сүтін өндіру («FRESHMILK» компаниясы ПТФ» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 0,35 млрд. теңге, жұмыс орын саны – 12, жобалық қуаттылығы – жылына 7,5 млн. құрғақ сублимирлы бие сүті.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде Индустрияландыру карта және Павлодар облысының кәсіпкерлігін қолдау картасы жобаларының үлесі өнеркәсіптік өндіріс жалпы көлемі 27,5%-ды құрады (ҚР -12,1%), өңдеу өнеркәсібінде – 28,2% (ҚР -18,4%). 

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Облыста Инвестицияларды тарту жөніндегі 2016 жылға арналған жол картасы іске асырылды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 435,3 млрд. теңгені құрады.

Салым құрылымында едәуір үлес салмағын меншікті қаражат иеленуде – 52,3% немесе 227,5 млрд. теңге.

Салалық құрылымда ең үлкен көлемге өңдеу өнеркәсібі ие – 57,5%, немесе 250,4 млрд. теңге. Облыс аталған инвестициялар бойынша республикада 1-орында.

Жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру, «бір терезе» принципі бойынша қолданыстағы инвесторлар-ды сүйемелдеу мақсатында Инвестициялар тарту агенттігі құрылды, облыстық Инвесторлар кеңесі, Өңірлік ғылыми-технологиялық орталық жұмыс істейді.

Қараша айында Павлодар қаласында «Eртіс Инвест-2015» үшінші халықаралық инвестициялық форумы өткізілді, оның шеңберінде 317 млрд. теңгеден астам сомаға 31 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

 

«ПАВЛОДАР» АЭА

«Павлодар» АЭА 27 қатысушысы тіркелді, соның ішінде 2016 жылы тіркелген 2 жаңа қатысушы: «Металлогамма» ЖШС (алюминий силикат микросферасы өндірісі) және «Giessenhaus» ЖШС (қоспалы алюминий өндірісі).

«Павлодар» АЭА аймағында барлығы инвестициялардың жал-пы көлемі 43 млрд. астам теңгеге 5 кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде 2016 жылы іске қосылған – «Агрохимпрогресс» ЖШС (агрохимия-лық өнім өндірісі). 2016 жылдың қорытындысы бойынша қолданыстағы кәсіпорындар сомасы 8,1 млрд. теңгеге өнім шығарды (2015 жылы – 3,6 млрд. теңге).

 

КӘСІПКЕРЛІК  

2017 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілерінің саны 44,0 мың бірлікті құрады.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 3,8 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 1,1 млрд. теңге  

Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері барлығы 121,2 млрд. теңгеге 1475 жоба мақұлданды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру» екінші бағыты шеңберінде Бағдарламаның 397 қатысушысына 1098,1 млн. теңге шағын кредит берілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқытудан Бағдарламаның 252 қатысушысы өтті.

 

ТУРИЗМ 

Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 82-сі – турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9-ы – туроператорлық.

97 туристік орналастыру объектісі жұмыс істейді, соның ішінде 58 қонақ үй және 39 орналастырудың басқа орындары (демалыс үйлер, хостелдер), 29 туристік маршруттар тіркелді.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалу шеңберінде облыс тұрғындарының объектілерге келуін ұйымдастыру, волонтерлерді дайындау бойынша жұмыс, ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізілді.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен меморандумға қол қойылды, 5 туристік маршрут әзірленді («Павлодар – Ертістегі қала»; «Баянауыл аңыздары – 1» (біркүндік); «Баянауыл аңыздары – 2» (екікүндік); «Шалдай қарағай орманына саяхат» (Шарбақты ауданы); «Павлодар Ертіс өңірі» (Лебяжі ауданында «Тотал Сервис» демалыс базасына бару).

Туристер үшін тегін жедел желі іске қосылды: +7(7182) 777333. Павлодар қаласының Marwin/Meloman дүкендер желісінде, Қазпошта бөлімдерінде (Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары) және «Саят Павлодар» ЖШС (Павлодар қ.) офисінде ЭКСПО – 2017 билеттерін сату ұйымдастырылды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 171,1 млрд. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 105,3%-ды құрады.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс ауданы 1231,6 мың гектарды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 86,6 мың гектарға ұлғайды. Жарма, майлы және азық дақылдарының егісі кеңейді.

405,2 мың га жерде ылғал ресурсын сақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының 46,6%-ын құрады.

Облыста 41,5 мың га суарылатын жер пайдаланылады, оның ішінде 2016 жылы 3,6 мың га енгізілді. 296 га ауданда жерді тамшылатып және себелеп суару қолданылады. Бұдан басқа, облыста жаңбырлы машинаның 368 бірлігі қолданылады.  

Пысықтағаннан кейін орташа өнімділік салмақта – 10,3 ц/га болған кезде дәнді-дақылдарды жалпы жинау – 679,2 мың тоннаны құрады.

398,9 мың тонна картоп (орташа егін шығымы – 256 ц/га), 208,8 мың тонна көкөніс (329 ц/га), 62,7 мың тонна бақша дақылдары (268 ц/га), 112,9 мың тонна майлы дақылдар (5,9 ц/га) жиналды.

Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 10 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 290,0 мың тонна сыйымдылығымен 115 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.

Облыс бойынша 1545,5 мың га (106%) шабындық жерлер шабылды, 1004,3 мың тонна (112%) шөп дайындалды, 768 мың тонна (77%) қыстау орындарына әкелінді.

103,0 мың тонна (249%) – пішендеме, 246,0 мың тонна (221%) сүрлем, 209,9 мың тонна (101%) сабан дайындалды.

2017 жылғы астықта шаруашылық жүргізуші субъектілер 128,1 мың тонна немесе жоспарлы қажеттіліктен 117,0% жаздық егістің ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын септі.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 8,1 млрд. теңге сомаға ауыл шаруашылық техникасының 508 бірлігін сатып алды.

Мал шаруашылығында қожалықтардың барлық санаттарында 85,0 мың тонна тірідей салмақтағы ет (98,9%), 363,5 мың тонна сүт (101,2%), 138,2 млн. дана жұмыртқа (99,4%) өндірілді.

ІҚМ басының саны 380,3 мың басты (2015 жылға қарағанда 98,7%), қой – 481,3 мың басты (96,9%), ешкі – 65,9 мың басты (95,6%), жылқы – 131,5 мың басты (97,8%), шошқа – 60,3 мың басты (96,8%), құс – 1230,3 мың басты (135,6%) құрады.

2016 жылы «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 4150 бас ІҚМ (2016 жылғы жоспарға қарағанда 103,7%), 3728 бас қой (186,4%), 1259 бас жылқы (122,8%) сатып алуға кредит берілді.

«Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 1354 тонна ет өнімі экспортталды. Селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізілуде, 2016 жылы симментал тұқымы және герефорд асыл тұқымды ұрғашы ІҚМ басының 603 басы әкелінді.

Отарлы учаскелерге жайылымдарды суландыру бағдарламасы бойынша 2016 жылы 37 ұңғыма бұрғыланды.

204 дайындау пункті және 299 қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді. 2016 жылы облыс бойынша 36 қайта өңдеу объектісі іске қосылды, оның ішінен 22-сі – жаңа өндірістер.

Облыс жергілікті жерде өндірілген негізгі тамақ өнімдерімен 80%-ға қамтамасыз етілген (ұн, жармалар, макарон өнімдері, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы).

2016 жылдың қорытындысы бойынша салада 13,8 млрд. теңге сомаға 40 инвестициялық жоба іске асырылды, 590 жұмыс орны құрылды.

Едәуір ірі жобалар: Павлодар мен Екібастұз қалаларында 2 жы-лыжай кешені, Павлодар қаласының Жетекші ауылында қуаттылығы жылына 62 млн. жұмыртқаны құрайтын құс фабрикасы («Павлодарқұс» ЖШС), Ақсу қаласы ауылдық аймағының Үштерек ауылында 600 мал басына арналған сүт-тауар фермасы («Үштерек және К» ЖШС).

Тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын дамытуға салынған инвес-тициялар көлемі 15,4 млрд. теңгені құрады (207,2%), азық-түлік тағам-дарын өндіру – 1,8 млрд. теңге (174,8%).

2016 жылы 24-25 қыркүйекте Астана қаласында Павлодар облысының қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы құрылымдарының 100 кәсіпорнының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 200 млн. астам теңге сомаға өнім сатылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2016 жылы облыста 42 ауылдық тұтынушылар кооперативі құрылды, онда 3-тен 40-қа дейін жеке және заңды тұлға біріктірілді.

 

СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ

Сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде 2030,7 млн. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 81,3%), соның ішінде экспорт – 1014,2 млн. АҚШ доллары (90,4%), импорт – 1016,5 млн. АҚШ доллары (73,8%). Сауда теңгерімінің сальдосы теріс болып қалыптасты және 2,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыстың үлес салмағы республиканың жалпы тауар айналымы көлемінде 3,7% құрады.

Химиялық өнімнің – 5,2%-ға, құрылыс материалдарының – 19,6%-ға, ағаштың, орман материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйым-дарының – 19,4%-ға, минералды өнімдердің 15,5%-ға импортының өскені байқалады.

Минералды өнімдер (7,4%-ға) және металлургия (12,3%-ға) тауарларының негізгі топтары бойынша экспорттың қысқарғаны байқалады.

Сонымен бірге, тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспорттық жеткізу 14,5%-ға, құрылыс саласы – 15,1%-ға, машина жасау – 2,7 есеге, ағашты, орман материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйымдарын – 15,5 есеге өскені байқалады.

Павлодар облысы дүние жүзінің 80 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда жасау көлемі 2016 жылғы қаңтар-қараша ішінде 1020,1 млн. АҚШ долларын құрады (2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 85,3%), соның ішінде экспорт – 568,2 млн. АҚШ долл., импорт – 451,9 млн. АҚШ долл.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңір ЕАЭО елдерімен тауар айналымы бойынша көш бастаған төрттікке кірді, бұл ретте ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша облыс Қарағанды облысынан кейін 2-орынды иемденді.

 

САУДА

Облыстың сауда желісі бөлшек сауданың 4654 объектісімен ұсынылған. 4400 сауда орны бар 33 рынок жұмыс істейді. 2016 жылы облыс бойынша 45 жаңа дүкен және Екібастұз қаласында 167 сауда орнына арналған «Халық базары» рыногі ашылды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде бөлшек сауда айналымы 305,0 млрд. теңгені құрады, тауарларды өткізу 1,4%-ға артты.

Облыста заманауи сауда форматтарына көшу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күні ауданы 2 мың шаршы метрден асатын және «бөлшек сауда» қызмет түрімен 10 ірі дүкен жұмыс жасайды.  

Қолма-қол ақша төлемей есеп айырысатын дүкендер саны артып келеді. 2016 жыл ішінде POS-терминалдары бар сауда кәсіпорында-рының саны 790 бірлікке ұлғайды және 3731 объектіні құрады.  

 

ИНФЛЯЦИЯ

Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында облыста 2016 жылға арналған Іс-шаралар жоспары іске асырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 108,3%-ды құрады (ҚР – 108,5%).

Азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 9,5%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 9,3%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 6,1%-ға өсті.

Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізінен барлық тауарлық топтар бойынша (33-тен 32) республикалық орташа деңгейден төмен болып сақталуда.

2017 жылғы 1 қаңтарға облыста республика бойынша 1 сұрыпты ұнның, күнбағыс майының, қарақұмық жармасының, картоптың, қызылшаның, сәбіздің, орамжапырақтың ең төмен бағалары тіркелді.

259 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтан-дыру мақсатында 2016 жыл ішінде 634 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 1630,6 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

 

БАЙЛАНЫС

Байланыс қызметтерінен түскен табыс 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 12,9 млрд. теңгені құрады (2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 98,0%). Облыста барлық елді мекендер телефондандырылды (401), оның ішінен 368-і Интернет желісіне шығумен қамтамасыз етілді.

2016 жылы облыстың Баянауыл, Лебяжі, Май, Павлодар, Шарбақты аудандарының 15 ауылында «Қазақтелеком» АҚ жалпы қашықтығы 275 км болатын талшықты-оптикалық байланыс желісін салды, ауыл тұрғындарына жоғары жылдамдықты интернетті және ID-TV интерактивті теледидарын қолдануға мүмкіндік берді.

287 елді мекен (72%) ұялы байланыс сигналын тұрақты қабылдау аймағында, 73 елді мекен (18%) сигналды тұрақсыз қабылдау аймағында орналасқан, ал 41 елді мекенде (10%) ұялы байланыс жоқ.

«Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының өндірістік объектілер желісі 184 құрылымдық бөлімшемен ұсынылған. 2016 жылы 6 пошта байланысы объектісі жаңартылды (Павлодар, Ақсу қалаларында, Май, Ертіс, Лебяжі, Качир аудандарында).

Әлеуметтік жобалар іске асырылды: Павлодар қаласында 6 постамат орнатылды, 13 пошта байланысы объектісінде электрондық кезек енгізілді, облыстың пошта таратушылары үшін 154 бірлік велосипед және формалық киім сатып алынды.

 

КӨЛІК

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде облыста жүкті көлікпен тасымалдау көлемі (т/ж көлігін есепке алмағанда) 133,0 млн. тоннаны құрады (2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 103,5%), жүк айналымы – 32,8 млрд. ткм (103,1%). 1,25 млрд. жолаушы тасымалданды (100,3%), жолаушы айналымы 5,0%-ға өсті.

Облыстың барлық қалалары мен аудандық орталықтарында автовокзалдар мен автостанциялар жұмыс істейді (3 автовокзал, 7 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 7 пункті).

63 ішкі облыстық, 55 қалалық және 29 ішкі аудандық бағыттан тұратын жолаушылардың сапар желісі жұмыс істейді. Сонымен қоса, 14 облысаралық және 12 халықаралық бағыт қызмет көрсетеді.

2016 жылы ішкі аудандық әлеуметтік маңызы бар 29 бағытты субсидиялауға облыс қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 34,1 млн. теңге бөлінді.

Тұтас алғанда, облыстың барлық ауылдық елді мекендері тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.

 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Астана – Ерейментау – Шідерті» бағыты бойынша автожолдың бір шеті бойындағы қашықтығы 36 км учаскені реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, «Қызылорда – Павлодар – Успен – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолының бір шеті бойындағы қашықтығы 56 км учаскені реконструкциялау аяқталды.

2016 жылы облыс автожолдарын және елді мекендердің көшелерін реконструкциялауға, күрделі, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға барлық деңгейдегі бюджеттерден 6,2 млрд. теңге бағытталды.

Жалпы қашықтығы 94,8 км облыстық маңызы бар автомобиль жолының 9 учаскесін орташа жөндеу бойынша, жалпы қашықтығы 83,8 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендер-дің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша аудандық маңызы бар 8 км автомобиль жолы орташа жөнделді, сондай-ақ елді мекендердің көшелеріне орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерінің қаражаты есебінен аудандық маңызы бар жалпы қашықтығы 9,6 км автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Жалпы алғанда, жергілікті маңызы бар жолдардың 196,2 км қашықтығында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. 2016 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 77%-ды немесе 3026 км құрады (жалпы қашықтығы – 3929,9 км).

 

ҚҰРЫЛЫС

2016 қаңтар-желтоқсан ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 168,1 млрд. теңгені құрады.

2016 жылы облыста 1081 объект пайдалануға енгізілді, оның ішінен 586-сы – жаңа ғимарат.

2016 жылы желтоқсанда «Орталық-Шығыс» республикалық көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылатын, қашықтығы 12,3 км болатын, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір ашылды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 184,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы деңгейден 12,1%-ға артық (оның ішінен: коммерциялық тұрғын үй – 37,0 мың ш.м., ЖТҚ – 79,0 мың ш.м., «ИО «КИК» АҚ желісі арқылы тұрғын үй – 20,5 мың ш.м., кредитке берілетін тұрғын үй – 6,0 мың ш.м., жалға берілетін – 39,2 мың ш.м.).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша 6,0 мың ш.м. кредитке берілетін тұрғын үй іске қосылды.

«ИО «КИК» АҚ желісі арқылы тұрғын үй салу бойынша Академик Сәтбаев-Теплов көшесі бойында жалпы ауданы 20,5 мың ш.м. 270 пәтерлік екі 9 қабатты тұрғын үй іске қосылды.

Коммерциялық тұрғын үй құрылысы шеңберінде жалпы ауданы 33,8 мың ш.м. 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жеке құрылыс салушылар 79,0 мың ш.м. пайдалануға енгізді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша барлығы 12 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

2016 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 16,0 млрд. теңгені құрады (2015 жылға қарағанда 129,2%), оның ішінен 49,9% – бюджет қаражаты, 36,2% – құрылыс салушылардың меншікті қаражаты, 13,9% – басқа қарыз қаражаты.

Облыс әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін түсімдер есебінен 2016 жылы облыс қалаларында 5 кредитке берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды.

 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін жаңғыртуға 5,0 млрд. теңге бағытталды.

59,2 км желіні жаңғырту бойынша барлығы 7 жоба іске асырылды, соның ішінде: 28,7 км – жылумен жабдықтау, 24,1 км – сумен қамтамасыз ету, 6,4 км – су бұру жүйесі.

Орындалған іс-шаралар нәтижесінде облыс бойынша 60%-дан аса орташа-табиғи тозған желілердің ұзындығы кеміді:

– жылумен жабдықтау бойынша – 3,3%-ға және 553 км құрады (жалпы ұзындықтан 60,4%);

– сумен қамтамасыз ету бойынша – 1,8%-ға және 761,4 км құрады (жалпы ұзындықтан 61,2%);

– су бұру бойынша – 0,7%-ға және 536,8 км құрады (жалпы ұзындықтан 59%).

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 2016 жылы Павлодар қаласында екі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді, нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 33%-дан 30%-ға дейін төмендеді.

2016 жыл ішінде көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы үйдің жылу энергиясын есепке алатын 676 құрал орнатылды. Қосымша орнатуға қажетті құрал саны 1243 бірлікті құрайды.

 

АБАТТАНДЫРУ

Облыс тұрғындары бұқаралық демалатын жаңа көркейтілген және реконструкцияланған орындарды құру мақсатында 2016 жылы Павлодар қаласында Володарский көшесіндегі «Ғашықтар бағы» мен бульвар күрделі жөндеуден өткізілді, гүлзарлар отырғызылды және «Қаз қонақ» аумағы тазартылды.

Ворушин көшесі бойындағы саябақты күрделі жөндеу және Ертіс өзенінің Жағажайын Лермонтов көшесінен «Қазтрансойл» ғимаратына дейін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

Тұтас алғанда, 2016 жылы облыстың елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитариялық күтіп-ұстау бойынша іс-шараларды жүргізуге барлық деңгейдегі бюджеттерден 6,0 млрд. теңге бөлінді.

Облыс қалалары мен аудандарындағы халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында 255 балалар ойын алаңдарын жөндеу және жайғастыру, 709 шағын сәулет формаларын орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді, 78 спорт алаңы орнатылды.

89,7 шақырым жолдарды күрделі және орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу (шұңқырлы) – 279,2 мың шаршы метр және 1,5 мың шақырым жолдарды профильдеу бойынша жұмыстар орындалды.

103 алаң ішілік аумақтар жайғастырылды. 17,5 мың п.м. көше қоршаулары орнатылды және жөнделді, қоғамдық көліктердің 325 аялдамасы жайғастырылып, жөнделді, дала жарықтандырудың 18,4 мың шақырым желілері қайта қалпына келтірілді, 3457 шамдал орнатылды және жөнделді. Елді мекендерді көгалдандыру және жайғастыру бойынша іс-шаралар шеңберінде 11 сквер мен саябақты жайғастыру және 269 ұстау орындалды, 51,3 мың ағашты отырғызу жүргізілді (соның ішінен -51,2 мы ағаш бюджеттен тыс қаражат есебінен). 59,5 мың шаршы м гүлзарларды және 43,4 мың шаршы м көгал алаңдарды орнату орындалды.

Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қолдау үшін 221 санкцияланбаған қоқыстарды жоюмен аумақты тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Кешенді жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша бәсекеге қабылетті ортаға 14 ұйым берілді, соның ішінде:

  • жалпы сомасы 41,7 млн.теңгеге «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ 3 ұйымы («Wind Energy Pavlodar» ЖШС; «Павлодар» брокерлер компаниясы» ЖШС; «Павлодаршина» ЖШС);
  • 462,7 млн.теңге сомаға 9 ұйым сатылды («Павлодар Геокарта» ЖШС, «Павлодарлифт» ЖШС, «Горкомхоз-Аксу» ЖШС, МПФ «Өрлеу» ЖШС, «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС, «Ана тілі орталығы» ЖШС, «Павлодарградкадастр» ЖШС, «Екібастұз қаласының муниципальлі нарығы» ЖШС, Екібастұз қаласы әкімдігінің «Спортсервис» КМҚК);
  • 2016 жылғы маусымда Качир ауданы әкімдігінің «Өркендеу» ЖШС кәсіпорны 3 жыл мерзімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді;
  • Шарбақты ауданының «Ланта» ЖШС кәсіпорны жойылды (2016 жылғы 10 тамызда).

Жекешелендіру үдерісі ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыстық БАҚ 220 материал орнатылды, соның ішінен: 86-сі – баспасөз БАҚ-тарда, 134-і – электрондық БАҚ-тарда. Сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар баспасөз БАҚ-тарда және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланды.

 

ЗАҢДАСТЫРУ

Заңдастыру науқаны басталғалы бері (2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсан аралығында) Павлодар облысы бойынша 6560,4 млн. теңге сомаға жылжымайтын мүліктің 4918 нысанын заңдастыруға 1982 өтініш қабылданды.

5810,9 млн. теңгеге 4491 нысан заңдастырылды, оның ішінен 1219 тұрғын үй нысаны, 3272 – тұрғынжай емес нысан.

Комиссиялар 749,5 млн. теңге сомаға 238 өтінішті қайтарды.

Облыс бойынша заңдастырылған нысандардың орташа құны 1293,9 мың теңгені құрды: тұрғын үй нысаны бойынша – 1568,7 мың теңге, ал тұрғын жай емес нысан – 1191,5 мың теңге.

Әділет органдарында 4489 нысан мемлекеттік тіркеуден өтті, бұл заңдастырылған объектілердің жалпы санынан 99,96% құрайды.

Облыста Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс орналас-қан жалпы құны 25,9 млн.теңгеге 17 нысан көлемінде мүлік заңдасты-рылды.

Екінші деңгейдегі банктерде Павлодар облысы бойынша 19,9 млрд.теңге енгізілген 122 ағымдағы счеттар ашылды (республика бойынша 12 орын).

Облыс бюджетіне күтілетін салық төлемдері 13,5 млн,теңге тәртібін құрайды.

Заңдастырудың өту барысын ақпараттық ілгерілету және хабарландыру мақсатында облыс бойынша 62665 іс-шара өткізілді, оның ішінде баспасөз БАҚ-тарында 1401 мақала жарияланды, 1425 «дөңгелек үстел», семинарлар, брифингтер, кеңестер өткізілді, облыс бойынша 106 билборд және т.б. орналастырылды.

 

БЮДЖЕТ

2015 жылы мемлекеттік бюджетке 237,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе 2016 жылғы жоспарға қарағанда 113,3%, республикалық бюджетке 145,9 млрд. теңге (жоспарға қарағанда 120,9%), жергілікті бюджетке – 91,5 млрд. теңге (103%) қаражат аударылды. Төлемдердің 2015 жылмен салыстырғанда артуы 72,7 млрд.теңгені құрады.

Облыс бюджетінің шығындары 164,9 млрд.теңгеге немесе 99,2%-ға атқарылды, игерілмегені – 1,25 млрд.теңге.

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 60,5 млрд.теңгеге игерілді (61,2 млрд.теңге бөлінді) немесе 98,7%.

 

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Облыста 78 ауыл (19,8%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 81 ауыл – кешенді блок модулі қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 225 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдаланады. 10 ауыл әкелінетін сумен қамтамасыз етілуде.

2016 жылы іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 672,7 млн. теңге бөлінді (100% игерілді). 45 ауылдық елді мекенде жерасты суларының қоры бекітілді және тағы 2 ауылда жерасты суларының қорын қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

2016 жылы облыстағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету бойынша 3 жобаны іске асыру бойынша жұмысар басталды: Павлодар қаласының Ленинский кентінде сумен жабдықтау желісін салу; Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында су құбырлары желілерін салу; Успен ауданының Константиновка ауылында су құбырларының сыртқы желілерін салу.

Ертіс ауданының 12 ауылын қамтитын 1 кезекті Беловод топтық су құбырын қайта құру бойынша жұмыстар аяқталды..

 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

2016 жылы 14 табиғат қорғау іс-шарасын іске асыруға облыстық бюджет қаражатынан 123,3 млн. теңге бағытталды. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 8,6 млрд. теңге сомаға табиғат қорғау іс-шараларын орындады.

Атмосфераға шығарылатын ластайтын заттар 8,4%-ға қысқарды (568,3 мың тонна).

Облыста Қоршаған орта аясының жай-күйін мониторингілеу бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жалғасуда. Шығарылатын тастандылары өзгеше 10 өнеркәсіптік объектінің санитариялық-қорғау аймақтарының шекарасындағы сынамаларды іріктеу бойынша жұмыстар атқарылды («Қазақстан Алюминийі», «ҚЭЗ», «ҚА» ТЭЦ-1, «Павлодарэнерго» ТЭЦ-2 және ТЭЦ-3, «ПМХЗ», «Каустик», АФЗ, «ЕЭК», «KSP Steel»).

Қоршаған ортаның сапасын кезең-кезеңімен жақсарту үшін облыста Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілді.

Облыстың 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы шеңберінде Экологиялық технологиялар жөніндегі құзірет орталығы жұмыс істейді. 2016 жылғы 4 қазанда Орталық және «ЕЭК» арасында «ЕЭК» АҚ электр станциясының қождарын кешенді қолдану бойынша техникалық-экономикалық есеп беру орындау бойынша қызметтерді көрстеуге өзара ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Бұдан бөлек, ЕЭК АҚ кәсіпорындарында шығатын газдарды электронды-сәулелі тазартуды енгізу бойынша коммерциялық ұсыныс дайындалу сатысында.

Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданында сынапты мониторинг іске асырылды. Іріктелген 268 үлгінің талдамасы нәтижесі бойынша экологиялық күй-жағдай тұрақты орнықты болық сипатталады.

Ертіс өзеніне көктемде жіберілетін суға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. 2015 жылы арнаға 7 текше шақырым су ығыстырылды және жайылма алқаптың 83,5%-ына немесе 282,8 мың гектарына су жайылды.

Бұған қоса, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберілді. 100 млн. текше метр су ығыстырылды, 20,5 мыңнан аса гектар алқапқа су жайылды.

2016 жылы «қайнар көзден Алға ауылына дейін Тюлька өзенінің ағынын қайта құру» жобасы бойынша арнаның бойынан суға батқан бөренені жинау бойынша жұмыстар жүргізілді, су шаю кемерін орнату (мердігер – «Павлодар өзен порты» АҚ).

Торайғыр көліне 70,0 мың дана көлемінде тұқылардың тұқымдарын жіберу жүргізілді.

Облыс аумағында жалпы ауданы 1310 гектар қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) орналастырудың 345 нысанын орналасқан. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың әкімдері ҚТҚ қоқыс тастайтын жерлерге арналған 81% нысан рәсімделді. ҚТҚ жекеше жинау, іріктеу, жою және қайта өңдеу бойынша, Павлодар облысы бойынша 2020 жылға дейін қалдықтармен жұмыс жасау саласында арнайы кәсіпорындармен жергілікті атқарушы органдардың өзара қарым-қатынастарын енгізу бойынша Жол картасы әзірленді.

2016 жылы жер қойнауын пайдалану құқықығына 10 мақұлдау берілді, соның ішінен: 7 мақұлдау жалпыға таралған пайдалы қазбаларды шығаруға және 3мақұлдау іздестіру-барлауға.

Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 127,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде 89,7 мың гектары – орманмен жамылған.

2015 жылы 7 гектар ауданда қарағай және қайың тұқымды ағаш түрлері егілді.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Облыс жерлерінің жалпы ауданы 12,5 млн.гектарды құрайды, соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5,5 млн. га.

2016 жылы 674,1 мың.га ауыл шаруашылығы пайдалынбайтын жерлер анықталды, соның ішінен: мемлекеттік меншікке қайтарылғаны – 255,1 мың га, пайдалануға көшкендерінің ауданы 100 мың га, бір түрден екінші түрге берілді – 13,8 мың га. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдаланылмайтын жерлердің ауданы 305,2 мың га.

Мемлекеттік меншікке 248 жер телімдері қайтарылды, жалпы ауданы 77,4 мың га жер телімі жерді пайдаланушылардың қолданудан өз еркімен бас тартуы жолымен қайтарылды.

2018,3 мың га пайдаланылмайтын жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, бұл 2015 жылғы деңгейден 21% -ға артық.

2016 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 530,7 мың га ауыл шаруашылығы жерлері тартылды, соның ішінен: конкурстық негізде – 305,8 мың га, конкурстан тыс – 224,9 мың га.

Жалпы ауданы 69,7 га жалпы ауданында 147 телімді уақытша жерді пайдалануға сату бойынша 13 аукцион өткізілді.

958 мың га ауданында 399 ауыл шаруашылық қалыптастырулар ішкі шаруашылық жерді орналастыру жобаларына ие, соның ішінде егіншілік ауыспалы егістіктермен – 838,2 мың га ауданында, бұл қолда бар айдалған жерлердің 60% құрайды.

125 жерді пайдаланушылар жалпы соммасы 13,8 млн.теңгеге жоғары ставкалар бойынша жер салығын төлеуге тартылды.

2016 жылы бұқаралық ақпараттық құралдарында және телеарналарда жер заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында (2016 жылғы 5 мамырдан 27 қыркүйегіне дейін) «горячие линии Call – center» жұмыс жасады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2016 жылы ішінде 7539 аз қамтылған отбасыға 107,8 млн. теңге тұрғын үй көмегі, 1344 отбасыға 53,9 млн. теңге сомаға балалар жәрдемақысы төленді.

597 аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 16 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

1887 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарының 728 түлегі жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасты.

29 мыңнан астам әлеуметтік осал азаматтарға жалпы сомасы 11,2 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен аз қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқанды талап ететін шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша отбасыны белсендірудің әлеуметтік келісім-шартын 144 отбасы жасасты (702 адам), оларға жалпы сомасы 22,6 млн. теңгеге ақшалай көмек тағайындалды.

2016 жылы мүгедектерді қалпына келтіруге 225 млн.теңге бағытталды. Жұмыспен қамту шараларымен 739 мүгедек қамтылды, соның ішінде 13 мүгедек шағын несиелер алды.

Облыста арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің 9 орталығы жұмыс істейді, нақты тұратын жері жоқ тұлғаларға арналған 4 баспана-орталығы бар.

2016 жылы тіреу-қоғайтын аппараты бұзылған мүгедектерге арналған облыстық Орталық; 200 орынға арналған психоневрология-лық орлатық; «аутизм» диагнозы бар «ерекше» балаларға арналған қалпына келтіру үшін орталық ашылды. Паллиативті көмек көқрсету облыстық ауруханасының және облыстық психоневрологиялық диспансердің балаларға және жасөспірімдердың психикалық денсаулығы орталығының ауданы кеңейтілді. 2016 жылдың нәтижесі бойынша мұқтаж жандардың жалпы санынан арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандардың үлес салмағы 98,9%-ды құрайды.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 1674 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4%-ды құрады.

2016 жылы облыста 13239 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 6844-і тұрақты. Облыс бойынша жұмыспен қамту шараларымен 21045 адам қамтылды (жылға арналған жоспарға қарағанда 125,4%), соның ішінде ЖҚ2020ЖК бағдарламасы бойынша – 3394 адам.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (республика – 4,9%).

 

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

2016 жыл ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша 340 тексеру жүргізді, оның барысында 186 нұсқама берілді, жалпы сомасы 19,7 млн. теңге 274 әкімшілік айыппұл салынды.

Еңбек құқықтары қалпына келтірілді және облыстың 166 кәсіпорынының 4130 қызметкеріне жалпы сомасы 685,8 млн. теңге жалақы бойынша берешек төленді.

 

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ 

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 122382 теңгені немесе 113,1%-ды құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша анағұрлым жоғары орташа айлық еңбекақы «қаржы және сақтандыру қызметі» секторында байқалады – 168503 теңге, ең төмен жалақы «ауыл, орман және балық шаруашылығы» саласында тіркелген – 70585 теңге.  

 

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру жүйесі 387 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепті (96,4 мың оқушы), 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін қамтиды.

2016 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге 2564 адам қатысты. ҰБТ-ның орташа баллы – 88,2 құрады (2015 жылы – 80,2). ҰБТ қорытындысы бойынша облыстар арасындағы кешенді рейтингте Павлодар облысы республикада 1 орынды иеленді.

Мектептердің компьютерлік паркі 16,8 мың бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,7 оқушыдан келеді. Облыстың барлық негізгі және жалпы орта білім беретін мектептері Интернет желісіне, кең жолақты Интернетке шыға алады, мектептердің 97,4%-ы қосылған.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жарақталу облыс бойынша 100% құрайды.

2016 жылы Екібастұз қаласында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді, Павлодар қаласының «Сарыарқа» ықшамауданында 502 орынға арналған балалар техникалық мектебі және Лебяжі ауданының Аққу ауылында 300 орынға арналған балалар өнер мектебі ашылды.

Апатты және үш ауысымды мектептер жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді дамытуды және ұйымдастырылған ойын-сауығын қамтамасыз ету үшін облыста 89 қосымша білім беретін ұйым, 5 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары оқушыларының құрамы 20,8 мың адамды құрайды, оның ішінен колледждердің 4-мыңнан астам студенті 25 жұмыс мамандықтары бойынша тегін білім алуда.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша облыстың алты коллед-жінде республиканың оңтүстік өңірлерінен 393 студент білім алуда.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 432 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39,5 мың бала), соның ішінде 170 балабақша және 262 шағын орталық.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 75,3%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.

Мектепке дейінгі білім беру желісін кеңейту және дамыту мақсатында Ақсу қаласында 280 орынға арналған балабақша пайдалануға берілді және Екібастұз қаласында 255 орынға арналған бөбекжай қалпына келтірілді.

Тұтас алғанда облыс бойынша 89 білім беру ұйымына жөндеу жүргізілді (соның ішінде 81 объект – ЖҚ2020ЖК шеңберінде).

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

Облыстың денсаулық сақтау желісінде 356 медициналық ұйым

есептеледі, онда 2325 дәрігер және 5898 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. 

2016 жылы Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылында дәрігерлік амбулатория, Ақсу қаласының ауылдық аймағы Алғабас ауылында және Качир ауданының Жаңабет ауылында екі фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

2016 жылы облыста 12519 бала туды, туу көрсеткіші 2015 жыл-мен салыстырғанда 2,2%-ға кеміді және 1000 адамға шаққанда 16,51 құрады.  

Тұтас алғанда облыс бойынша туберкулез дертімен ауру көрсеткіші 7,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 53,9), психикалық және тәртібінің бұзылуы, психикалық белсенді заттарды қолдану салдары – 16,2%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 122,1) төмендеуі байқалуда.

Сондай-ақ, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 16,7%-ға, қан айналымы жүйесінің дерті – 19,7%-ға төмендеуі байқалуда (2016 жылғы 11 ай). Қатерлі ісік өскіндерінен өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 141,9 құрады.

2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Павлодар қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансер-дің және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы басталады.

2016 жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендермен 274 елді мекенге шығу жүзеге асырылды, 30,0 мыңнан астам адам медициналық тексерумен қамтылды, 42 мыңнан астам диагностикалық және зертханалық тексеру жүргізілді.

Санитарлық авиация қызметімен 434 шығу жүзеге асырылды, оның ішінен әуе көлігімен – 87.

Заманауи телекоммуникациялық технологиялар енгізілуде. Республикалық ғылыми орталықпен бейне және конференцбайланыс бойынша 1132 телемедициналық консультациялар мен сеанстар өткізілді.

 

МӘДЕНИЕТ 

Мемлекеттік желіде 546 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде 279 кітапхана, 236 клуб мекемесі, 17 жылжымалы мәдени-бос уақыт кешені, 10 мұражай, 2 театр, филармония, мәдениет және демалыс саябағы.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының шеңберінде 37 мәдениет объектісі жөнделді және абаттандырылды.

2016 жыл ішінде облыстық халық шығармашылығы орталығы «Шаңырақ» мәдени-демалыс қызметі және облыстық филармония 422 іс-шара өткізді.

2016 жылдың аса маңызды мәдени іс-шаралары: «Ұлы Дала Елі» ұлттық фестивалі, «Ескелді» мәдени-қонақ үй кешенін ашу, Малайса-ры Тарханға қола ескерткіш тұрғызу, «Кітапхана және оқырман: 120 жыл бірге» ашық есіктер күні, «QR-кітапхана «Павлодар Ертіс бойы-ның заманауи авторлары» онлайн-жобасының таныстырылымы, Баянауылдағы «Шабыт» суретшілердің республикалық биенналі.

Облыс мұражайлары 4842 экскурсия, 1558 дәріс өткізді, 828 көрме ұйымдастырды, 278 экспонат сатып алды.

Облыс театрлары 333 қойылым сомдады, соның ішінде 14-і алғашқы қойылым.

204 кітапхана компьютерлермен жабдықталды, оның ішінен 140 – Интернет желісіне қосылды. 2016 жыл ішінде облыс бойынша кітапханалар қызметін 411,0 мың оқырман пайдаланды.

Жеке құрам бойынша Павлодар қалалық архиві температуралық-ылғал режимін бақылау жүйесімен жабдықталған және нормативтік жағдайлар жасалған жаңа ғимаратқа орналасты. Архив қоймаларының ауданы 966,9 шаршы метрден 1518 шаршы метрге дейін ұлғайды.

2016 жылы 22,4 мың сұхбаткер архивтік анықтамалар алу үшін жүгінді.

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ 

Облыстың спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық жеке меншік түрінің 3403 бірлігін қамтиды, соның ішінде 1956 – ауыл-да. 2016 жылы облыс бойынша 57 жаңа спорт объектісі пайдалануға берілді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының шеңберін-де 10 спорт ұйымына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді және 42 спорт алаңшасы абаттандырылды.

27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шамамен 22 мың адам шұғылданады.

2016 жыл ішінде халықаралық санаттың 38 спорт шебері және Қазақстан Республикасының 106 спорт шебері дайындалды.

Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыс-тардан 1091 медаль жеңіп алды, соның ішінде: 386 алтын, 353 күміс, 352 қола.

Павлодар облысының еркін күрес, велоспорт, жеңіл атлетика бойынша бес спортшысы және садақтан ату бойынша бір параолимпиадашысы Бразилияда өткен 2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада, Параолимпиада ойындарына қатысты.

2016 жылы «Ертіс» футбол клубы, «Ертіс» хоккей клубы, «Ертіс-Қазхром» волейбол клубы және «Павлодар» волейбол клубы Қазақстан Республикасы чемпионаттарының қола жүлдегерлері болды.

«Ертіс-Қазхром» айелдер волейбол клубы Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды.

«Ертіс» хоккей клубы Қазақстан Республикасы кубогының күміс жүлдегері атанды.

«Павлодар» ерлер волейбол клубы Қазақстан Республикасы кубогының қола жүлдегері атанды.

2016 жылы облыста 211,1 мың адамды қамтумен 1,5 мыңнан астам бұқаралық-спорт іс-шарасы өткізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 223,8 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 29,5%-ын құрады.

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыста 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 164,5 мың адамды құрайды (облыс халқының жалпы санынан 21,7%), оның ішінен 119,6 мың адам қалаларда (жастардың жалпы санынан 72,7%), 44,9 мың адам ауылда (жастардың жалпы санынан 27,3%) тұрады.

2016 жылы облыстық Жастарға қызмет көрсету орталығы жас адамдардың әлеуметтік проблемаларын шешу бойынша 15776 консультация көрсетті.

Барлық қалалар мен аудандарда әкімдердің басшылығымен Жастар істері және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңестер жұмыс істеуде. 2016 жылы барлық деңгейдегі Кеңестердің 42 отырысы өткізілді, онда 130-дан астам мәселе қаралды.

Бұдан басқа, барлық қалалар мен аудандарда Жастардың бастамаларын дамыту орталықтары, Жас мемлекеттік қызметшілердің, жұмыс істейтін жастардың, жас ғалымдардың кеңестері жұмыс істейді.

2016 жылғы ЖОО және ТжКБ мекемелерінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді. 5285 адам немесе түлектердің жалпы санынан 99,2%-ы жұмысқа орналасты.

Жастар еңбек биржасы арқылы 249 адам жұмысқа орналасты.

«Дипломмен – ауылға» жобасының шеңберінде облыстың ауылдық елді мекендеріне 521 маман келді. 426 маманға көтерме жәрдемақы төленді, 95 маманға бюджеттік кредит берілді.

2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 135 жас адам тұрғын үй алды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында жастардың қатарынан 365 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті, 40 Start-up жобасы мақұлданды.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 20 жоба аяқталды (20% – жастар қозғалысын дамытуға, 30% – уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға, 30% – азаматтық және патриоттық тәрбиелеуге, 20% – басқа бағыттарға).

2016 жылы барлығы 102 мың адамды қамтумен 1400-ден астам іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді (облыстың барлық жастарынан 62%).

 

ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС

2016 жыл ішінде ішкі істер органдары 68 жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді (2015 жылы – 60).

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 18,5%-ға төмендеді, тіркелген қылмыстар саны 14440 құрады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды жалпы ашушылық жақсарды – 58,8%-дан 80,7%-ға дейін.

Облыстың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 5110 адамды анықтады немесе 2015 жылдан 10,5%-ға жоғары.

Өңірдің жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар 2016 жылы жол-көлік оқиғаларының санын 14,7%-ға, қаза болғандар санын 17,4%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Облыста жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) жұмыс істейді. ЖПҚ үкіметтік және атқарушы органдардың алдында 29 есеп беруді және учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік учаскелердің тұрғындары алдындағы 997 есеп беруі өткізілді.

2016 жылы ІІД және ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін дабыл-акустикалық қондырғылар, автомобильді радиостанциялар, көп функционалды бейне-аудио белгілеу қондырғылары, қызметтік автокөлік сатып алынды. Павлодар қаласының ІІБ жедел басқару орталығы үшін сыртқы бақылаудың 53 бейнекамерасы сатып алынды және орнатылды.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ  

Облыста 792 ҮЕҰ жұмыс істейді, азаматтық сектордың 200-ге жуық өкілі өз қызметін белсенді іске асыруда.

Этносаралық, тіл және діни қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық этно-мәдени бірлестік, облыстың қалалары мен аудандарындағы 89 этно-мәдени бірлестік қызметі қамтамасыз етіледі.

Қоғамдық келісім, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен ақсақалдар, жастардың кеңестері жұмыс істейді.

Облыстың қалалары мен аудандарында қоғамдық кеңестер, облыстық Қоғамдық кеңес құрылды. 2016 жыл ішінде 600 отырыс өткізілді, онда бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және басқалары туралы 1000-нан астам мәселе қаралды. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің 920 жобасына ұсыным берілді.

Мәселелерді жедел және егжей-тегжейлі талқылау мақсатында облыстың қоғамдық кеңестері жанында жұмыстың түрлі бағыттары бойынша 57 комиссия құрылды.

Жыл сайын Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау шеңберінде ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобалары-ның конкурсы өтуде.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 692 млн. теңге сомаға 124 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.

19 кәсіподақ ұйымының, 1392 бастапқы кәсіподақ ұйымының қызметі белсенді жүзеге асырылуда.

Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың 6 филиалы жұмыс істейді: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы, «Бірлік» партиясы, «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Облыста әр түрлі меншік нысанындағы 112 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, оның ішінен 87-і баспа, 25-і электронды.

Саясатішілік тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.