2019 жылға арналған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшылығымен азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ

Қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні

Жеке қабылдаудың күні және уақыты

Мемлекеттік мекеменің тұрғылықты орны

Телефон

Басшы

Мұқашев

Әділбек Қйырбекұлы

Сәрсенбі

сағат 15:00-ден-18:00-ге дейін

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі,

5А үй

20-85-06

 

 

Басшы

орынбасары

Жахин Нұрлан Серікұлы

Бейсенбі

сағат 10:00-ден-12:00-ге дейін

сағат 15.00-ден – 18.00-ге дейін

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі,

5А үй

20-85-41

 

Басшы

орынбасары

 

Жұма

сағат 10:00-ден-12:00-ге дейін

сағат 15.00-ден – 18.00-ге дейін

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі,

5А үй

 

20-85-31

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Мұқашев Әділбек Қайырбекұлы

Әділбек Мұқашев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

2002 жылы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды мемлекеттік институтын «заңгер» мамандығы бойынша, 2007 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Заң ғылымдарының кандидаты.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1998 жылдан 9 жыл ішкі істер органдарында қызмет етуден бастады. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ сот жүйесінде еңбек тәжірибесі бар.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2014 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет атқарды.

2014-2016 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңесінің төрағасы болды.

2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры болып тағайындалды.

2016 жылдың қазанынан – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры.

2018 жылдың 8-қаңтар күнінен бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

 

Басшысының орынбасары

Нұрлан Жахин 1984 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауылында дүниеге келген.

2006 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша, 2010 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы болып бастаған.

2007-2010 жылдары – проректор көмекшісі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ әлеуметтік жұмыс бойынша маманы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «МТРК» телеарнасының тележүргізушісі.

2010-2014 жылдары – инспектор, аға инспектор, аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор – СҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес бойынша Департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының баспасөз хатшысы.

2014-2017 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және қоғаммен қарым-қатынас жасау бөлімінің басшысы, МҚСЖҚІҚА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі депаратаментінің бас кеңесшісі.

2018 жылдың қаңтарынан бастап – МҚІСЖҚІҚА жұртшылықпен байланыс жөніндегі депаратаменті директорының орынбасары – МҚІСЖҚІҚА ресми өкілі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен 2018 жылдың қыркүйегінен бастап МҚІСЖҚІА Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Наши страницы в соцсетях:

Instagram: dagspk.pvl
Facebook: https://www.facebook.com/KYZMET.PVL/
Telegram-канал ДАДГСиПК по Павлодарской области: http://t.me/kyzmet