Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы

Пшембаев Нығыман Құдайбергенүлы – ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы

1961 жылы Павлодар облысы Май ауданы Май ауылында туған.

1983 жылы Семейдің зоотехникалық мал-дәрігерлік институтын мал – дәрігерлік мамандағы бойынша тамамдаған.  2001 жылы Павлодар университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген, экономика магистрі.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне  10 жыл мерекелік медаль, Қазақстан Республикасының тәуелсіздіғіне 20 жыл, Қазақстан Конституциясына 10 жыл, Құрмет Орденімен марапатталған.

Еңбек жолын Семей облысының Левобережье  АМШ кеңшарында  мал-дәрігенрі болып бастаған, Май ауданының мал-дәрігерлік стансасында  мал-дәрігері, Белогорье совхозында    мал-дәрігер, Май ауданының  Қызыл-Құрама совхозында директор Май ауданының АӨК департаменті басшысы, Павлодар облысы мал-дәрігерлік  Комитетінің жетекші маманы, Павлодар ауданы ауылшаруашылығы басқармасы басшысы, Ақтоғай ауданының әкімі, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, Май ауданының әкімі, Ертіс ауданы әкімі.

2017 жылдың 24 ақпанынан бастап ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы.