«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ

Сорокина Ирина Николаевна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы, Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 

Сорокина Ирина Николаевна 1960 жылы 13 желтоқсанда туған, ұлты – орыс.

1984 жылы «Санитарлық дәрігер» біліктігін ала отырып, «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша Омбы мемлекеттік медициналық институтты аяқтады.

Өз еңбек жолын 1984 жылы Павлодар қалалық санэпидстанцияда дәрігер-эпидемиолог қызметінен бастады.

1988 жылдан 2003 жылға дейін Павлодар қалалық санэпидстанцияның аурухана ішіндегі жұқпаларды қадағалау бөлімін, содан соң Павлодар облыстық санэпидстанцияның аурухана ішіндегі жұқпаларды қадағалау бөлімін басқарды.

2013 жылдан бастап ҚР ДСМ МСЭҚК Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылғы маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

2016 жылғы 03 тамыздан бастап Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды.

Дәрігер-эпидемиологтың жоғары біліктілік санаты бар.

2001, 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

2005 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төселгісімен, 2010 жылы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті департаментінің басшысы

 

Шакарова Гүлназ Тілеубекқызы – Павлодар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары

Туған күні: 1986 жылғы 28 қаңтар.

Білімі, мамандығы (біліктілігі): 2009 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетін «Дәрігер гигиенист – эпидемиолог» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек өтілі: өз еңбек жолын 2009 жылы Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманынан бастады. 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында туберкулез, аса қауіпті инфекциялар және карантиндік инфекциялардың алдын алу бөлімінің басшысы, кейін ТҚҚ агенттігінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде аурухана ішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.

2015 жылдан бастап Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

2016 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін департамент басшысының орынбасары – Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары лауазымында қызмет етіп келеді.

2017 жылғы 3 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

 

Кубенова Сандуғаш Зейнулловна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары

Туған күні: 1966 жылғы 21желтоқсан.

Білімі, мамандығы (біліктілігі): 1990 жылы Омбы мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер гигиенист – эпидемиолог» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек өтілі: өз еңбек жолын 1990 жылы Павлодар қаласында Павлодар қалалық санэпидстанцияда  дәрігер-эпидемиолог қызметінен бастады.

1993 жылы Павлодар қаласында Павлодар медициналық училищеде оқытушы болып қызмет атқарды.

2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін Павлодар қаласында ҚР ДСМ МСЭҚКД Павлодар облысы бойынша мемсанэпидқадағалау департаментінде бас маман болып еңбек етті.

2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Павлодар қаласында ҚР ДСМ МСЭҚКД Павлодар облысы бойынша мемсанэпидқадағалау департаментінде мектеп және жасөспірімдер объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы болып еңбек етті.

2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде мектеп және тағамдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

2017 жылғы 8 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықақылары, құрметті атақтары:

ҚР Ұлттық экономика министрі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының құрмет грамотасы, 2016 жыл

 

Дощанова Замзагүл Сапарғалиевна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары

Туған күні: 1972 жылғы 11 қаңтар.

Білімі, мамандығы (біліктілігі): 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер гигиенист – эпидемиолог» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек өтілі: өз еңбек жолын 1996 жылы Павлодар қаласында Павлодар қалалық санэпидстанцияда  өнеркәсіптік гигиена жөніндегі санитариялық дәрігер қызметінен бастады.

2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін Павлодар  қалалық мемсанэпидқадағалау басқармасында тамақ гигиенасы жөніндегісанитариялық дәрігер қызметін атқарды.

2010 жылдан бастап Павлодар  қалалық мемсанэпидқадағалау басқармасында тамақ объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы.

2014 жылдан бастап Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

2015 жылдан бастап Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы, автоматтандырылған басқару жүйесі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2017 жылғы 8 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықақылары, құрметті атақтары:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасы, 2017 жыл