Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті

Қажинова Зәуре Шорманқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Қажинова Зәуре Шорманқызы, қазақ, 1961 жылғы 16 сәуірде Павлодар облысының Кеңес ауылында туған.

Павлодар медициналық училищесін, Пермь фармацевтикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек қызметін 1979 жылы Павлодар қаласының дәріханаларында фармацевт болып бастады. Фармацевт,  қойма меңгерушісі, дәріхана меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2002 жылдан мемлекеттік қызметте жұмыс істей бастады.

2010 жылдан – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті бөлімінің басшысы.

2013 жылы департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай медальмен марапатталды.

Тұрмыста, екі баласы бар.