Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті

Әлібаев Айбек Қабидоллаұлы – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ басшысы, мемлекеттік бақылау бойынша Павлодар облысының Бас мемлекеттік инспекторы

Әлібаев Айбек Қабидоллаұлы Павлодар облысы Лебяжі ауданында 1975 жылы 1 тамызда туған. Ұлты – қазақ.

Білімі жоғары. 1999 жылы «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша Қазақстандық тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

1994 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы желтоқсан аралығында банкілер мен жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.

Мемлекеттік қадағалау жүйесіндегі жұмыс жолын 1997 жылғы желтоқсанда «Павлодарлық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» РМК маманы ретінде бастаған.

2011 жылғы мамырдан бастап – «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ бөлім бастығы;

2014 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ басшысы;

Әлібаев Айбек Қабидоллаұлы тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор болып белгіленді.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын және Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған республикалық конкурсын ұйымдастыру, дайындау және өткізгені үшін бірнеше рет Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталған. «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Үйленген. Үш баласы бар.