Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы

Мұрат Қабылжарапұлы Хамитов – Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасының басшысы

Мұрат Қабылжарапұлы Хамитов Павлодар қаласында 1963 жылғы 18 қаңтарда дүниеге келді.

1981 жылы мамыр айында Кеңестік әскер қатарына шақыртылды, жедел қызметті УКСР Николаев қаласындағы Краснозназемскінің Одесск әскери округінде 12392 (У) әскери бөлімшесінде өтіп, 1983 жылы қызметтен қайта оралды.

1983 жылғы маусым айынан 1990 жылғы сәуір айына дейін Павлодар облыстық атқарушы комитеті ІІД-нің патрулдық-кеден қызметінің бөлек батальонының арнайы тағайындау взводының милиционері болып қызмет атқарды.

Ішкі істер органдарында қызмет атқарған кезінде 1984 жылы А.Р. Руденко атындағы Свердловск заң институтына түсіп, оны 1989 жылы сырттай бітірді.

1990 жылдың сәуір айында Павлодар облысының прокуратура органына жұмысқа қабылданды.

Еңбек қызметін Екібастұз қаласы прокуратурасының тергеушінің тағылымдамадан өтуші ретінде бастады.

1991 жылдан 2001 жылға дейін Екібастұз қаласының прокуратурасында әр түрлі қызметтерінде жұмыс атқарды.

2001 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар облысының прокуратурасында әр түрлі қызметтерінде жұмыс атқарды.

2007 жылдың шілде айынан 2012 жылдың қаңтар айында дейін – Павлодар облысының Павлодар ауданының прокуроры;

2012 жылғы 1 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Павлодар облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕК басқармасының бастығы.

Үйленген, үш баласы бар.

 

Ғалымжан Иракұлы Елекеев – басқарма бастығының орынбасары

Ғ.И. Елекеев Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 1978 жылғы 3 желтоқсанда дүниеге келді.

1999 жылы Қазақ Мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылы ҚР Мемлекеттік табыс министрілігінің жетекші маманының міндеттерін атқарушысы, жетекші маманы болып тағайындалды.

2002 жылы ҚР Қаржы Министрлігі бөлімінің бастығы болды.

2004 жылы Атырау облысы бойынша ҚР Қаржы Министрлігі Комитетінің шамасы жоқ борышқорлармен жұмыс бойынша басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің бас эксперті болып тағайындалды.

2008 жылы Атырау облысының ҚР Білім және ғылым Министрілігінің балалар құқықтарын қорғау Департаментінің директоры болып тағайындалды.

2010 жылы «Жамбыл облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету» ММ-нің директор орынбасары болып тағайындалды.

2011 жылдың сәуір айынан бастап – Павлодар облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕК басқармасының орынбасары болып тағайындалды.