Павлодар облысының Әділет департаменті

Ернар Ақселеуұлы Сейдімбек – Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы

1970 жылы 02 қаңтарда Қарағанды қаласы дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1995 жылдың маусым айынан – Алматы қаласы Алмалы аудандық прокурорының көмекшісі қызметіне сынақ мерзімінен өтуші, 1996 жылдың шілде айынан – прокурордың көмекшісі.

1996 жылдың қыркүйек айынан – Алматы қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры.

1997 жылдың қыркүйек айынан – Қарағанды облыстық Әділет басқармасының консультанты.

1999 жылдың наурыз айынан – Қарағанды облыстық Әділет басқармасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімінің бас маманы.

1999 жылдың маусым айынан – ҚР Әділет министрлігі Кадрлық жұмыс басқармасының бас маманы.

1999 жылдын желтоқсан айынан 2000 жылдың ақпан айына дейін ҚР Әділет министрлігі Кадрлық жұмыс басқармасының бастығы міндеттерін атқарушы.

2000 жылдын ақпан айынан ҚР Әділет министрлігі Кадрлық жұмыс басқармасының бастығының орынбасары.

2000 жылдың шілде айынан – СҚО Әділет басқармасы бастығының орынбасары.

2002 жылдың сәуір айынан – СҚО Әділет департаментінің бастығы.

2010 жылдың маусым айынан – Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің басшысы.

2011 жылдың құркүйек айынан – СҚО Әділет департаментінің басшысы. 

2016 жылдың ақпан айынан – Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы.

2016 жылдың қараша айынан бері – Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы.

 

Тұқтыбаева Айгүл Құмарқызы – Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Тұқтыбаева Айгүл Құмарқызы 1981 жылы 25 мамырда туған, Павлодар облысының тумасы. 2002 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

2003 жылдың сәуір айынан бастап 2004 жылға дейін – Павлодар облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап 2005 жылдың маусым айына дейін – Павлодар облысы Әділет департаменті құқықтық насихат және халыққа заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бөлімінің бас маманы.

2005 жылдың маусым айынан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін – Павлодар облысы Әділет департаменті құқықтық насихат және халыққа заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бөлімінің басшысы.

2013 жылдың тамыз айынан бастап – Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

 

Төлепов Мейіржан Шерманұлы – Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Төлепов Мейіржан Шерманұлы 1981 жылы 10 шілдеде туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

2003 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген.

2005 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген.

2014 жылы Пенсильвания Мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар мектебін (АҚШ) бітіріп, «Халықаралық қатынастар магистрі» дәрежесін алды.

Еңбек қызметін 2003 жылы «Кеден Брокер НС» ЖШС-де (Шымкент қал.) бастап, кедендік рәсімдеу брокері, бас менеджер және ЖШС директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Мемлекеттік қызметті 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бастап, жетекші және бас маманы, сондай-ақ бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындау алдын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментінде және Мамандандырылған мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінде жұмыс атқарып келген.

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Үйленген, екі қызды тәрбиелеуде.

 

Айбек Адильбекович Аубанов – Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Айбек Адильбекович Аубанов 1987 жылдың 07 қаңтары туған, Алматы қаласының тумасы.

2004-2006 жылдары ҚР ӘМ КАЖК Павлодар заң колледжінде оқыды.

2006-2009 жылдары «заңгер» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім алды.

2004 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етті.

2014 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың қазанына дейін Ертіс аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы ретінде қызмет етті.

2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың сәуір айына дейін Павлодар қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы ретінде қызмет етті.

2015 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы ретінде қызмет етті.

2016 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Баянауыл аудандық Әділет басқармасының басшысы ретінде қызмет етті.

2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы департаментінің өнеркәсіптік меншік басқармасының басшысы ретінде қызмет етті.

2018 жылдың 12 сәуірінен Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Тавлютова Шынар Михаиловна – Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

Тавлютова Шынар Михаиловна 1973 жылдың 02 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.

1995-2000 жылдар аралығында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін мектептегі тарих және құқық мамандығы бойынша, 2000-2002 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық – заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шынар Михаиловна Тавлютова еңбек жолын 1991 жылдың 09 қыркүйегінен 1997 жылдың 29 мамырына дейін – ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында Бородулиха аудындық халықтық сотының сот орындаушысы ретінде бастады.

1997 жылдың 27 маусымынан 1998 жылдың 01 маусымына дейін – ШҚО, Бородулиха аудыны, Бородулиха ауылында Бородулиха аудандық сотының сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

1998 жылдың 01 маусымынан 1999 жылдың 01 қазаны аралығында – ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында  Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот орындаушылар мен сот жасауылдары департаментінің Бородулиха аумақтық участкісінің сот орындаушыларының аға – сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

1999 жылдың 01 қазанынан 2001 жылдың 14 сәуіріне дейін – ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында сот қаулыларын орындау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Бородулиха аумақтық участкісінің аға-сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

2001 жылдың 16 сәуірінен 2005 жылдың 13 желтоқсан аралығында ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында Шығыс Қазақстан облысы сот Әкімшісінің Бородулиха аумақтық участкісінің аға – сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

2005 жылдың 13желтоқсанынан 2006 жылдың 06 шілдесіне дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы соттар Әкімшісінің Өскемен аумақтық участкісінің сот орындаушысы ретінде қызмет етті.

2006 жылдың 07 шілдесінен 2007 жылдың 01 маусымына дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің нормативті құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті.

2007 жылдың 01 маусымынан 2007 жылдың 15 маусымына дейін Астана қаласы Әділет департаменті құжаттама және халықты тіркеуді ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы ретінде қызмет етті.

2007 жылдың 15 маусымынан 2007 жылдың 16 тамызына дейін Астана қаласы Әділет департаменті құжаттама және халықты тіркеуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті.

2007 жылдың 16 тамызынан 2008 жылдың 01 сәуірі аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау және бақылау басқармасы нормативтік құқықтық актілерді бақылау бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті.

2008 жылдың 01 сәуірінен 2008 жылдың 20 қазанына дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді талдау және бақылау басқармасы нормативтік құқықтық актілерді бақылау секторының сарапшысы ретінде қызмет етті.

2008 жылдың 21 қазанынан 2011 жылдың 22 сәуірі аралығында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды тіркеу Агенттігінің Заңнамалық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық талдау сұрақтары бойынша сарапшы ретінде қызмет етті.

2011 жылдың 22 сәуірінен 2012 жылдың 05 қарашасына дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды тіркеу Агенттігінің Заңнамалық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының құқықтық сараптама сұрақтары бойынша бас сарапшы ретінде қызмет етті.

2012 жылдың 05 қарашасынан 2014 жылдың 23 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің ұйымдастыру-талдау және құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы ретінде қызмет етті.

2014 жылдың 23 қазанынан 2015 жылдың 08 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке сот орындаушылардың қызметін ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы ретінде қызмет етті.

2015 жылдың 08 қазанынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары ретінде қызметін атқаруда.