Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

Әубәкіров Амантай Акрамұлы – Павлодар облысы ІІД бастығы

 Павлодар облысы  Ішкі істер департаментінің бастығы Әубәкіров Амантай Акрамұлы 1963 жылы 27 ақпанда  Алматы қаласында дүниеге келген. ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Республикасының жауынгерлік қарудан ату бойынша спорт шебері.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген.

– 1980 жылдан бастап  КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы;
– 1984 жылдан бастап Алматы қалалық атқару комитеті ІІБ Қылмыстық іздестіру басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;
– 1991 жылдан бастап бөлімше бастығы, Алматы қаласы Алатау АІІБ криминалдық милиция бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасары;
– 1995 жылдың қаңтарынан бастап  Алматы қаласы Алатау АІІБ бастығының бірінші орынбасары;
– 1995 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласы бойынша МТК Бас басқармасының Медеу ауданы бойынша МТК басқармасы бастығы; 
– 1997 жылдан бастап Алматы қаласы  Бостандық АІІБ бастығы; 
– 2000 жылдан бастап  Алматы қаласы Медеу АІІБ бастығы;
– 2001 жылдан  бастап Алматы қаласы ҚІІБ Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары;
– 2003 жылдан бастап Алматы қаласы ІІД  Криминалдық полиция басқармасының бастығы;
– 2007 жылдың тамызынан бастап  Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары;
– 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған;
– 2011 жылдың шілдесінен бастап  2017 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласы ІІД бастығы;
– 2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін  Павлодар облысы ІІД бастығы.

Марапаттары:

І дәрежелі (2018 ж.) және ІІ дәрежелі (2013 ж.) Данқ ордендерінің толық кавалері;

ІІ дәрежелі  «Айбын» орденімен (2008 ж.);

«Ерлігі үшін» медалімен (2005ж.);

Наградтық қару;

Қазақстан Республикасы және КСРО медальдары.

 

Үйленген, үш баласы, төрт немересі бар.

 

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қайыров Жасқайрат Иманбекұлы

1974 жылғы 8 шілдеде Павлодар облысы Қашыр ауданы Малые Березняки ауылында дүниеге келді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарындағы борышын 1992 жылғы маусым айынан бастап 1993 жылға дейін атқарды.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылы Павлодар қ. Индустриалдық АІІБ патрульдік қызмет батальонының милиционерінен бастады.
1997 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы ІІБ патрульдік – пост милициясының бастығы.
2003 жылғы қыркүйектен бастап Павлодар қ. Оңтүстік ІІБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі.
2010 жылғы желтоқсаннан бастап Павлодар қ. ІІБ патрульдік полиция батальонының командирі.
2015 жылғы мамырдан бастап Павлодар қ. ІІБ әкімшілік полициясының бастығы.
2016 жылғы қаңтардан бастап Павлодар қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы.
2018 жылғы ақпаннан бастап Павлодар облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы.
2019 жылғы 05 маусымда ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Білімі – жоғары, заңгерлік, Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын бітірген.
Үйленген, 2 баласы бар.

 

 

 Асылбеков Мыңбай Қайырұлы – Павлодар облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары.

Мыңбай Қайырұлы 1970 жылдың 26 қыркүйегінде Көкшетау облысы Красноармейка ауданы Бірлік ауылында туған.

Орта мектепті аяқтағаннан кейін ауыл шаруашылығында жұмыс істеді, сол жерден КСРО Қарулы күштері қатарына шақырылды. Әскери борышын өтегеннен кейін Шучье педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, бітірді. Кейін А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

1996 жылы колледжді аяқтағаннан кейін Көкшетау облысы ІІБ ішкі істер органына Красноармейка ауданы ішкі істер бөлімі әкімшілік қызмет бөлімшесі учаскелік жедел уәкілі лауазымына қызметке түсті.

1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ-на Тайыншы ауданы ішкі істер бөлімі криминалдық полиция жедел уәкілі, аға жедел уәкілі болып жедел жұмысқа ауысты.

2002 жылы практикалық тәжірибесі ескеріле отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ІІД Аққайың ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.  2009 жылы осы облыстың М.Жұмабаев атындағы ауданының ішкі істер бөлімі бастығы лауазымына жоғарылатылды.

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын басқарды, одан кейін Криминалдық полиция басқармасын басқарды.

2016 жылдың қазанында Павлодар облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

Шәкеров Мұратжан Болатұлы – Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары

Шәкеров Мұратжан Болатұлы – Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары. Қызметін 1996 жылы  Семей облысы бойынша МТКБ лауазымдық қылмыстарды тергеу және экономика салаларында тергеуді басқару бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

1997 жылдан бастап 1998 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысы  ІІД Семей қ. ІІБ тергеу бөлімі қасақана кісі өлтіруді тергеу бөлімшесінің тергеушісі,  1999 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысы  ІІД Семей қ. ІІБ тергеу бөлімі тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары, 2006 жылдан бастап 2012 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысы  ІІД Семей қ. ІІБ тергеу бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы  ІІД Семей қ. ІІБ  бастығының орынбасары.

2012 жылдан бастап 2018 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысы  Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы  Полиция департаменті бастығының орынбасары (ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты).

2018 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытта  Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

Атағы: полиция полковнигі

Атағын алған күні, бұйрықтың нөмірі: 2001 жылғы 14 маусымдағы ІІМ-нің № 151 бұйрығы

 

 

Бұхаев  Серік Аспандиярұлы – Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары

1971 жылғы 29 қаңтарда Павлодар облысы Успен ауданы Ольгино ауылында дүниеге келді.

1991 жылдан бастап Павлодар қ. ІІБ ППҚ жеке батальонының милиционері.

1996 жылдан бастап Павлодар облысы ІІБ жанындағы ЖПЖБ МАИ взводы жол милициясының инспекторы.

2002 жылдан бастап  Павлодар облысы ІІБ ЖПЖБ взвод командирі.

2007 жылдан бастап Павлодар облысы ІІД ЖПЖБ командирінің орынбасары.

2010 жылдан бастап Павлодар облысы ІІД ЖПЖБ командирі.

2012 жылдан бастап Павлодар облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары.

2014 жылдан бастап Павлодар облысы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары.

2018 жылғы қаңтардан бастап Павлодар облысы  ІІД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

Үйленген. Үш  баласы бар.

  

Құдешев Рустам Асқарұлы – Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі

Кудешев Рустам Асқарұлы Павлодар облысы Железин ауданы Озерное ауылында 1974 жылғы 7 тамызда дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1996 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ал 2008 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірген.

1992-1996 жылдары – ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы;

1996 жылы – Павлодар қаласы Индустриалды аудан бойынша ОМТК тергеу бөлімшесінің тергеушісі;

1996-1997 жылдары – Павлодар облысы Екібастұз қаласы станциясындағы МТКЖБ кезекші бөлімінің инспектор-кезекшісі;

1997 жылы – Павлодар станциясындағы МТКЖБ экономикалық қылмыстарды тергеу бөлімшесінің жедел уәкілі;

1997 жылы – Павлодар қаласы Индустриалдық АІІБ жедел-іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі;

1997-1998 жылдары – Павлодар қаласы Индустриалдық АІІБ экономикалық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі;

1998-1999 жылдары – Павлодар облысы бойынша салық полициясы басқармасының экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы;

2001 жылы Павлодар облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің Екібастұз өңірі бойынша ауданаралық Қаржы полициясы басқармасының аға инспекторы болып тағайындалды.

2004 жылы – Павлодар облысы бойынша Екібастұз ҚІІБ тергеу бөлімшесінің бастығы;

2004-2005 жылдары – Павлодар облысы бойынша ІІБ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары;

2005-2006 жылдары – Павлодар облысы ІІД тергеу басқармасы, ұйымдасқан қылмыспен байланысты қылмыстарды тергеу бөлімнің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі;

2006-2007 жылдары – Павлодар облысы Ақсу ҚІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің мүліктік қылмыстарды ашу тобының аға жедел уәкілі;

2007 жылы – Павлодар облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары әрі статистика және аймақтық бақылау бөлімінің бастығы;

2007-2008 жылдары – Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институты магистратура бөлімінің магистранты;

2008-2009 жылдары – Павлодар облысы Штаб-басқармасы бастығының орынбасары әрі ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы;

2009-2012 жылдары – Павлодар облысы ІІД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;

2012-2014 жылдары – Павлодар қаласы ІІБ бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары;

2014 жылы – Павлодар облысы ІІД бастығының орынбасары.