Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Кузнецов Сергей Геннадьевич – Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы  

Приказом Министра обороны Республики Казахстан начальником департамента по делам обороны Павлодарской области назначен полковник Кузнецов Сергей Геннадьевич.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы болып полковник Кузнецов Сергей Геннадьевич тағайындалды  

Кузнецов Сергей Геннадьевич  1970 жылы 13 қарашада Алматы облысы, Ұзын-Ағаш селосында дүниеге келді. Алматы жоғарғы жалпыәскери командалық училищесін бітірген. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Әскери бөлімдерде әр түрлі қызметте болған, ҚР ҚК БШ –на қарасты Аэроұтқыр әскер тектерінде қызмет атқарған. ҚР ҚК-нің өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Павлодар  облысының  қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы лауазымына дейін, Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы лауазымында болды.

Келушілерді қабылдау кестесі:

Бейсенбі 15.00 ден 17.00-ге дейін. Сенбі 9.00 ден 12.00-ге дейін. Жұмыс телефоны: 68-30-30

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы майор Сарсымбаев Нариман

Сарсымбаев Нариман Шаяхметович 1983 жылы 3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Қызыл-Аскер селосында дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінінің әскери дайындығынан өткен. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарында әр түрлі қызметте болды. Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы лауазымына дейін Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымында болды.

Келушілерді қабылдау кестесі:

Дүйсенбі, бейсенбі 14.00 ден 16.00-ге дейін. Сенбі 11.00 ден 13.00-ге дейін. Жұмыс телефоны: 65-01-20

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы Баянбек Орашев.

Баянбек Айтмухамедович 1975 жылы 28 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінінің әскери дайындығынан өткен. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 1997 жылдан бері қызмет атқарады. Әскери бөлімде әр түрлі қызметте, жергілікті әскери басқару органдарында әр түрлі қызметте болды. Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының  орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы лауазымына дейін,Павлодар облысы, Екібастұз қаласының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы  лауазымында болды.

Келушілерді қабылдау кестесі:

Дүйсенбі, бейсенбі 14.00 ден 16.00-ге дейін. Сенбі 11.00 ден 13.00-ге дейін. Жұмыс телефоны: 20-25-33

 

Хомяк Олег Васильевич – Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары-жұмылдыру басқармасының бастығы

Полковник О.В. Хомяк 1971 жылы 27 мамырда Павлодар облысы Качир ауданы Качир ауылында туған. Білімі жоғары, 1994 жылы Казақ мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

1994-1995 жылдары – Павлодар қаласы Индустриялық аудандық әскери комиссариатының мобилизацияланған 1-бөлімшесінің ресурстарды есептеу тобы бастығының аға көмекшісі;

1995-1997 жылдары – Павлодар қаласы Индустриялық аудандық әскери комиссариаттың 3-бөлімшесі бастығының аға көмекшісі;

1997-1999 жылдары – Павлодар қаласы Индустриялық аудандық әскери комиссариаттың 3-бөлімшесі бастығы;

1999-2000 жылдары – Павлодар қаласы әскери комиссариаттың 3-бөлімшесі бастығының аға көмекшшісі;

2000-2002 жылы – Павлодар облыстық әскери комиссариатының 3-бөлімшесі бастығының аға көмекшісі;

2002-2005 жылдары – Павлодар облыстық әскери комиссариатының запастағы офицерлер және кадрлар жөніндегі 3-бөлімшенің бастығы;

2005-2008 жылдары – ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы бастығының орынбасары –  Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы;

2008-2012 жылдары – Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің запастағы офицерлер және кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің бастығы;

2012 жылғы қазаннан бастап – Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – жұмылдыру басқармасының бастығы. Үйленген, үш баласы бар.

 

Мейірханов Бақыт Тәуіржанұлы Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – әскери қызметкерлерді келісімшарт және шақырту бойынша  іріктеу басқармасының бастығы 

Подполковник Б.Т. Мейірханов 1975 жылы 16 қаңтарда Жамбыл облысы Құрдай ауданы Успеновка ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, ал 2008 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірді.

1997-2000 жылдары – Гвардейский кентінің 25717 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонының мотоатқыштар ротасы кардрларының комондирі;

2001-2004 жылдары – әскери комиссардың орынбасары – Павлодар облысы әскери комиссариатының Павлодар аудандық 1-жұмылдыру  бөлімінің бастығы;

2004-2008 жылдары – Павлодар облысы Ақтоғай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы лауазымында әскери қызметтен өтті.

2008-2011 жылдары – Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметкерлерді келісімшарт және шақырту бойынша іріктеу басқармасының келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу бөлімінің бастығы;

2011 жылы қыркүйектен бері – Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – келісімшарт және шақырту бойынша әскери қызметкерлерді іріктеу басқармасының бастығы лауазымында.  

Үйленген, қыз тәрбиелеп отыр.

 

Сарин Арман Кәкімұлы – Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – тәрбиелік, әлеуметтік және психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы

Подполковник А.К. Сарин 1976 жылы 25 маусымда Павлодар облысы Павлодар қаласында туған. Білімі жоғары. 1998 жылы С. Торйғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдады.

1998-2001 жылдары – 18404 әскери бөлімшесінің инженер-саперлер ротасының командирі және қорғаныс ротасы байланыс взвод және мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштарға қызмет көрсету полкінің командирі лауазымында жедел әскери қызметтен өтті.

2002-2003 жылдары – Павлодар облысы Ертіс аудандық әскери комиссариатының 2-бөлімшесі бастығы;

2003-2005 жылдары – Павлодар облысы Шарбақты аудандық жұмылдырылған әскери комиссариатының 1-бөлімшесінің бастығы – әскери комиссардың орынбасары;

2005-2012 жылдары Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымында еңбек етті.

2012 жылғы ақпаннан бастап – осы лауазымда.

Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.