Аққулы ауданының әкімдігі

Балғабаев Абзал Әбілхақұлы– Аққулы ауданының әкімі

Абзал Әбілхақұлы 1974 жылғы, екі жоғары білімі бар. 1998 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша және 2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады. 

Еңбек жолын  1995 жылы Павлодар облысының Жекешелендіру бойынша мемлекеттік комитетінің маманы болып бастады. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2004 – 2012 жылдар аралығында Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінің түрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2014 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Смағұлов Бауыржан Рахметұлы – аудан әкімінің орынбасары

Смағұлов Б.Р. 1971 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2000 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар мелиорация ПМК-71 мекемесінің жұмысшысы болып бастады. Одан кейін Лебяжі ауданы қаржы бөлімінің инспекторы, Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы, мәдениет бөлімінің есепшісі, қаржы бөлімінің маманы болып қызметтер атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1998 жылы Лебяжі ауданы қаржы бөлімінің жетекші маманы, экономика және қаржы басқармасының бас маманы, «Қазақстан Халық банкі» ашық акционерлік қоғамы №249902 филиалының меңгерушісі, Лебяжі ауданы әкімінің қаржылық мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы аудандық почта байланысы торабының басшысы, Успенка ауданы қаржы және экономика басқармасының бас маманы, Павлодар қаласы қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің бастығы, «Қазақстан Халық банкі» ашық акционерлік қоғамы №249902 филиалының бастығы, аудан әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан бүгінгі күнге «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Аққу ауылындағы қызмет көрсету орталығының бастығы болып қызмет етті.

Аудан әкімінің өкімімен Бауыржан Рахметұлы Смағұлов аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

 

Алма Жантемірқызы Қасымова – аудан әкімінің орынбасары

1972 жылы Лебяжі ауылында туған. 1993 жылы «Орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 1997 жылы «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Бесқарағай негізгі мектебінде мұғалім болып бастады.

1998 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

1998 жылдың мамыр айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің маманы.

1998 жылдың шілде айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2005 жылдың тамыз айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі.

2009 жылдың қаңтар айынан Лебяжі ауданы әкімінің аппарат басшысы.

2012 жылдың тамыз айынан Лебяжі ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын иеленді.

2012 жылы «Аймақты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жоғарылату семинарының бағдарламасын, 2013 жылы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында басшы құрамының біліктілігін арттыру республикалық оқу-әдістемелік орталығының курсын сәтті аяқтады.

Аудан әкімінің (2014 жыл, 2011 жыл) және аудандық мәслихаттың (2013 жыл) Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер ісі жөніндегі агенттігінің Құрмет грамотасымен (2011 жыл) марапатталған. 2010 жылы «Лебяжі ауданының  ең үздік мемлекеттік қызметшісі» атанды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер ісі жөніндегі агенттігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай төсбелгісімен марапатталды.

 

Рысбек Серікұлы Тастамбеков – аудан әкімінің ауыл шаруашылық және коммуналдық – өндіріс саласы бойынша орынбасары

 

Рысбек Серікұлы Тастамбеков 1962 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Жамбыл гидромилиоративті-құрылыс институтын «Экономика және су шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Еңбек жолын 1979 жылы Лебяжі ауданы КОКП ХХІІІ съезі ат. совхоз №2 бөлімшесінің жұмыскері болып бастаған. Одан кейін осы совхоздың тракторист-машинисі, бухгалтері, қаржылық-есеп орталығының аға қаржыгері, «Ырыс» кәсіпорнының бухгалтері, «Мерей» кооперативінің аға экономисі, Лебяжі ауданы әлеуметтік қорғау бөлімінің зейнетақы тасушысы, Черное ауылы, Потанин орта мектебінің қолданбалы экономика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2001 жылы Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ретінде бастады. Одан кейін Лебяжі ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Лебяжі ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Лебяжі ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Лебяжі ауданының  ҚР АШМ АӨК МИК Лебяжі ААИ бастығы, Лебяжі ауданы әкімінің аппарат басшысы, «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» АҚ-ның кепіл жөніндегі менеджері, мониторинг бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

 

Соңғы кезде Лебяжі ауданы ҚР АШМ АӨК МИК Лебяжі ААИ бастығының міндетін атқарушы болып қызмет етті.

 

 

Тасболат Төлеубайұлы Қобайдаров – аудан әкімі аппаратының басшысы

 

Тасболат Төлеубайұлы Қобайдаров 1962 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Шоқтал ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1989 жылы «Зооинженер» мамандығы бойынша Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын тәмамдаған.

 

Еңбек жолын 1989 жылы Лебяжі ауданының Қызылқоғам совхозында зоотехник ретінде бастады. Содан кейін Лебяжі ауданының Қазы өндірістік кооперативінің, Уахап Сыздықов атындағы ауылдық тұтынушылар кооперативінің бас зоотехнигі болып жұмыс істеді. Ямышев ауылдық округінің «Болашақ» шаруа қожалығының мүшесі болды. 1996-2006 жылдар аралығында Лебяжі ауданының Ямышев селолық округі әкімі, 2006 жылдан 2009 жылға дейін Лебяжі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, 2009 жылдан 2011 жылға дейін тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, 2011 жылдан 2016 жылға дейін  Ямышев ауылдық округі әкімі лауазымдарында қызмет етті.

 

Соңғы кездері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымын  атқарды.