Ақтоғай ауданының әкімдігі

Арынов Қаршыға Зәлмұханұлы – Ақтоғай ауданының әкімі, 1972 жылы туған. Білімі – жоғары, 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын «дәнекерлеу өндірісінің жабдығы және технологиясы» мамандығы бойынша, 2005 жылы Павлодар университетін “менеджмент” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы бастады.

1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте:

1997-2011 жылдар аралығында Ақсу қаласының мемлекеттік органдарында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерд жұмыс істеді.  

2012 жылдың қаңтарынан 2013 жылға дейін  “Горкомхоз-Аксу” ЖШС директоры;

2013 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2013 жылдың тамызынан бастап Ақсу қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2018 жылдың шілдесінде Ақтоғай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

 

Бәтима Дүйсенқызы Әбілдинова – 1965 жылы 18 қыркүйекте Павлодар облысы Краснокутск ауданы «Рассвет» кеңшарында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 2004 жылы Алматы экономика және статистика институтын бугалтерлік есеп  және аудит мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1983 жылы Краснокутск «Ауылшаруашылықхимиясы» аудандық өндірістік бірлестікте механикалық отрядының диспетчері ретінде бастаған, одан кейін бухгалтер және экономист болып ауыстырылды. Осы мекеменің Краснокутск аудандық аумақтық кәсіпорны, Агроөнеркәсіп комитетінің ӨМТС Краснокутск аудандық бірлестігі, 1994 жылдан бастап Ақтоғай ауданының «Агроснабсервис» АҚ болып қайта құрылған кезінде есептік үстел бухгалтері ретінде жұмыс істеген.

1996-2012 жылдары Ақтоғай ауданының мемлекеттік органдарында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.  

2012 жылдан 2018 жылдың қазанына дейін Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды.

2018 жылдың қазан айынан Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметінде.

 

Манкеев Асылхан Шаншарұлы – 1959 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар: 1982 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «дәрігер-стаматолог», 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтын «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Асылхан Шаншарұлы 1982 жылдан бастап 11 жылдан аса денсаулық сақтау саласында қызмет етті.

1995 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының кедендік бақылау органдарында басшылық қызметтер атқарды.

2009-2017 жылдары  Павлодар облысының мемлекеттік органдарында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.  

2017 жылдың шілдесінен бастап Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары.

 

Машрықов Ермек Қайыркешұлы – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары. 1963 жылы 20 қазанда Павлодар облысы Краснокутск ауданы Краснокутск ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1985 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын “Ауыл шаруашылығын механикаландыру” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Краснокутск ауданы Чкалов совхозының еңбек сыйымдылығы үдерістері жөніндегі инженер ретінде бастаған. Кейін Краснокутск ауданы Чкалов ауылдық комсомол комитетінің хатшысы, Краснокутск ауданы Чкалов ауылдық Халық депутатарының пролетарлық ауылдық кеңестің төрағасы, Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі  әкімшілігінің өкілі, Мүткенов ауылдық округінің әкімшілік басшысы, Мүткенов ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.

1996 жылдан бастап Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі лауазымдарын иеленді.  Осы лауазымға тағайындалғанға дейін аудан әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары.

 

Ибраев Дидар Елубекұлы – 1992 жылы 23 маусымда Павлодар облысы Железинск ауданы Антоновка ауылында туған. Жоғары білімі бар, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы  бастады.

2009-2015 жылдар аралығында ҚР БП ҚСжАЕАК-де түрлі қызметтер атқарды.

2015-2018 жылдар аралығында  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінде түрлі лауазымдарда, соның ішінде басқарушылық қызметтерді атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы.