Баянауыл ауданының әкімдігі

Қайыргелдинов Оразгелді Әлиғазыұлы – аудан әкімі

Оразгелді Қайыргелдинов 1957 жылы туылған, 1982 жылы  Алматы ауылшаруашылығы  институтын,  ал 1992 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.

Жалпы еңбек өтілі – 40 жылдан астам. Ұзақ уақыт бойы түрлі лауазымдарда болды, оның ішінде Железин ауданында басшылық қызметтер атқарды.

2003 – 2007 жылдары Качир ауданының әкімі болды, 2007 – 2011 жылдары Ақсу қаласының әкімі болды, ал 2011 – 2014 жылдары Павлодар қаласының әкімі лауазымында болды.

2015 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарды.

Жұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы – Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

Жұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы 1989 жылы 16-қаңтарда Түркістан облысы, Шымкент қаласында туған.

Білімі – жоғары: 2010 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін бітірген; мамандығы – «Құқықтану», «Құқық бакалавры»; 2011 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген; мамандығы – «Заңтану», «Құқық магистрі».

Жалпы еңбек өтілі – 7 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 7 жыл.

Еңбек жолы:

2010-2012 жылдары – Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі, кейіннен аға көмекшісі;

2012 жылдың мамыр-қараша айларында – Қостанай облысы прокуратура басқармасының прокуроры;

2013 жылғы наурыз-мамыр айларында – «НК «СПК «Есиль» акционерлік қоғамы Құқық жұмыстары департаментінің менеджері;

2013-2015 жылдары – Көкшетау қаласы және Павлодар ауданы әкімдерінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы;

2015-2016 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі;

2016 жылғы 26-шілдеден бастап «Павлодар облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Баянауыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 19-желтоқсандағы №2-23/56 өкімімен Жұмашев Сейітжан Жасыұзақұлы ішкі конкурс қорытындысы бойынша  Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ахметов Мәдениет Қайргелдіұлы – Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

Ахметов Мәдениет Қайргелдіұлы 1963 жылы 12 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келді.

Екі жоғарғы білімі бар. Павлодар монтаждау техникумының өндірістік және азаматтық құрылыс бөлімі бойынша техник-құрылысшы мамандығын алды.

1990 жылы Павлодар индустриалды институтының өндірістік және азаматтық құрылыс бойынша құрылыс-инженері деген біліктілігі берілді.

2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мандығы бойынша бітіріп шықты.

Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл, мемлекеттік қызыметте – 10 жыл.

Еңбек жолы:

1990-1991 жылдары – Облыстық агроөндірістік құрылысы-2 Павлодар механикаландырылған жылжымалы 3 колоннасының шебері;

1991-1992 жылдары – “Темп” шағын кәсіпорнының бригадир-шебері;

1992-1993 жылдары – «Мади» АФ Қалқаман құрылыс учаскесінің басшысы;

1993 жылдың ақпан-тамыз айларында – АСФ “ПМК-3” учаскесінің бастығы;

1993-1997 жылдары – “Асан-Павлодар” құрылыс фирмасының директоры;

1997-1999 жылдары – “Рауан” құрылыс фирмасының директоры;

1999-2003 жылдары – Павлодар қаласының жер ресурстары басқармасы өндірістік бөлімінің меңгерушісі;

2003 жылдың ақпан-сәуір айларында – Павлодар қаласының жер ресурстары басқармасы бастығының орынбасары;

2003-2005 жылдары – Павлодар қаласының жер ресурстары басқармасының бастығы;

2005 жылдың 12-25 қаңтар айының аралығында – “Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі”  мемлекеттік мекемесінің бастығы;

2005-2009 жылдары – Павлодар облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы;

2010-2011 жылдары – “Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы” ММ директоры;

2011-2016 жылдары – “Павлодарлифт” ЖШС директоры;

2016 жылдың 30 сәуірінен «КВАТРО ПЛЮС» ЖШС  директорының орынбасары ретінде қызмет атқарды.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік наградасы: Құрметті жер орналастырушы, 2007 жыл.

Баянауыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №2-23/02  өкімімен Ахметов Мәдениет Қайыргелдіұлы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

 Бақыт Кенжеғайырқызы Тоғжігітова – аудан әкімінің орынбасары

Бақыт Кенжеғайырқызы Тоғжігітова 1961 жылы 6 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданы Александровка ауылында туған.

Білімі – жоғары, 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін финансист-экономист мамандығы бойынша бітірген.

1980-2000 жылдары аудандық білім бөлімінде және Қарағанды экономикалық-құқық колледжінің Баянауыл филиалында бухгалтер, бас бухгалтер, экономист болып қызмет істеген.

2001-2005 жылдары аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бухгалтерлік есеп және есептік бөлімінің бастығы.

2005-2008 жылдары Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, қаржы бөлімінің бастығы.

2008 жылғы 11 маусымда аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тұрмыста. Екі баласы бар.

Қайыргелді Қасымтайұлы Әбілғазин – аудан әкімі аппаратының басшысы

Қайыргелді Қасымтайұлы Әбілғазин 1960 жылы 9 мамырда Павлодар облысының Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында туған.

Білімі – жоғары, 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, біліктілігі – экономист.

1982-1997 жылдары – экономист, Павлодар химия зауытында нормалаушы, аға экономист, Баянауыл аудандық ауылшаруашылығы техникалары кәсіпорнының аға инженері, Оренбург «Радиатор» зауытының экономисі, Баянауыл аудандық тұтынушылар одағы бастығының кадрлар бойынша орынбасары, «Жасыбай» ШК директоры, «Камадия» ЖШС коммерциялық директоры.

1997 жылғы ақпан-қазан айларында Баянауыл аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік–экономикалық саласы бөлімінің меңгерушісі.

1997-2002 жылдары Баянауыл аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бас маманы, бастығы.

2002-2004 жылдары Павлодар қаласы «Трансстрой» АҚ ТЭЦ-3 басқарушысы.

2005-2009 жылдары Баянауыл ауданы әкімінің көмекшісі.

2008-2009 жылдары Баянауыл ауылдық округінің әкімі.

2009 жылғы 9 қарашадан бастап Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет етеді.

Үйленген, үш баласы бар.