Екібастұз қаласының әкімдігі

 

Ержан Бейбітұлы Иманзаипов Екібастұз қаласының әкімі

Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар, 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша, 2010 жылы –  Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастады.

2006 жылдан 2007 жыға дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің жетекші маманы қызметін атқарды.

2007 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы, сарапшысы.

2011 жылдан 2013 жылға дейін – Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары.

2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, директордың орынбасары.

2014 жылдан 2016 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы қараша айынан бастап осы күнге дейін Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаева Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары болып тағайындалды 

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі өкімімен  Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаева Екібастұз қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлік және сауда мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

1977 жылы 9 шілдеде Павлодар облысы Качир ауданының Федоровка ауылында дүниеге келген.   

Екі жоғары білімі бар, 1998 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін математика және информатика мұғалімі мамандығы бойынша, 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін есеп және аудит мамандығы   бойынша бітірген. 

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 15 жыл.  

Павлодар қаласындағы № 2 орта мектепте директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары, Павлодар қаласының ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемесінің өндіріс жөніндегі директорының орынбасары, Павлодар облысы білім беру департаментінің аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледж директорының, Павлодар облысы білім беру басқармасы  басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  болды.

 

Нефедова Наталья Владимировна – Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылдың 10 мамырындағы қаулысына сәйкес Нефедова Наталья Владимировна Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Наталья Владимировна 1983 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары, Павлодар университетін «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша, Инновациялық Еуразия университетіндегі магистратураны «Педагогика және психология магистрі» мамандығы бойынша, Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқарудың бакалавры» мамандығы бойынша, Омбы мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Жалпы еңбек өтілі – 13 жыл, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі – 11 жыл.

Еңбек жолын Павлодар қаласындағы «Ұлттық жаңғыру мектебі» МКҚК-да тарих мұғалімі қызметінен бастады.

Бірнеше жылда әр түрлі қызметтер атқарды: адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, Павлодар облысының Балалар құқығын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы, Павлодар облысының Балалар құқығын қорғау басқармасының бастығы, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының бастығы.

 

Хасар Айтпекұлы Хабылбеков Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 қазандағы өкімімен Хасар Айтпекович Хабылбеков Екібастұз қаласы әкімінің жедел –шаруашылық мәселелері және коммуналдық  сала жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

1986 жылы 12 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.   

Білімі – жоғары, 2007  жылы Қазақ құқықтану және Халықаралық қатынастар институтын заңтану бакалавр мамандығы бойынша, 2014 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін көлік құрылысы мамандығы бойынша, 2016 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы магистратураны аяқтап, техника және технология  магистрі академиялық дәрежесі мен біліктілігі берілді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 5 жыл.

«ДормРемСтрой ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік директоры, Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өндірістік бөлімінің басшысы, Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау  басқармасы лицензиялау, аттестаттау бөлімінің  басшысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы  лауазымдарын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары болды.

 

Қанат Сәрсенұлы Кәрімов Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі өкімімен  Қанат Сәрсенұлы Кәрімов Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.

1964 жылғы 26 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында дүниеге келген.   

Екі жоғары білімі бар, 1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тарих мұғалімі, қоғамтану және кеңестік құқық мамандығы бойынша, 2001 жылы Заңтану және халықаралық қатынастар жөніндегі қазақ институтын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі-19 жыл.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының, «Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы қызметіне қабылданғанға дейін «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернаты- музыкалық колледж кешені» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.