Ертіс ауданының әкімдігі

Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы – Ертіс ауданының әкімі

С.Б. Батырғұжинов 1964 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Котельников ауылында туған. 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетін юриспруденция мамандығы бойынша аяқтады. 2015 жылы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын «Экономика және бизнес» мамамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1982 жылы Голубовский кеңшарының №1 бөлімшесі шопанының көмекшісі болып бастады, кейін Голубовский кеңшарының бас агрономы, «Беловодский ХПП» АҚ директоры, «Иса Байзақов атындағы» ЖШС директоры, «Алтыншы ауыл» тауар өндірушілер ассоциациясы» ЖШС директоры, Качир ауданының ауыл шаруашылық департаментінің бірінші орынбасары, бастығы, Қачир ауданы әкімінің орынбасары, Қачир ауданының әкімі, «Аманкөл» ШҚ кеңесшісі, «Нұрби» ЖШС коммерциялық директоры, Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылғы 5 мамырдан бастап Ақтоғай ауданының әкімі қызметін атқарды.

2016 жылғы 18 қарашадан бастап Ертіс ауданының әкімі болып тағайындалды.

Болатбек Кәрімұлы Шәріпов – Ертіс ауданы әкімінің тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы, өндірістік сала, кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары

Б.К.Шәріпов 1973 жылдың 21 тамызында Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар мемлекеттік облыстық тәжірибе станциясының ғылым бөлімінің зертханашысы, одан кейін кіші ғылыми қызметкер болып бастады.

1994 жылы Ертіс аумақтық кешендік бөліміне кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды.

1995 және 1998 жылдар аралығында – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқыды.

2001 – 2007 жылдар аралығында аға ғылыми қызметкер, аумақтық тұқым шаруашылығы және дәнді дақылдар технологиялары зертханасының меңгерушісі, Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Ертіс аумақтық бөлімінің меңгерушісі, «Сарыарқа» ШҚ атқарушы директоры лауазымдарда жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары Қызылжар ауылдық округінің әкімі.

2011-2012 жылдары Ертіс ауылының әкімі.

2012 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін «Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы.

2012 жылы 12 желтоқсанынан 2014 жылғы 27 қарашаға дейін «Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ басшысы болып қызмет атқарды.

Аудан әкімінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 1-198-ө өкімімен Болатбек Кәрімұлы Шәріпов Ертіс ауданы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, өндірістік сала, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселер бойынша орынбасары – Жаңбырбай Сағынаев

Аудан әкімінің өкімімен Жаңбырбай Сағынаев Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ж.Сағынаев 1958 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында туды. Павлодар педагогикалық институтын «Орта мектептің физика мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1981 жылы Ертіс ауданы №2 Сілеті сегізжылдық мектебінің математика және физика пәндерінің мұғалімінен бастады. 1983 -1984 жылдары Ертіс орта мектебінің математика және физика пәндерінің мұғалімі, 1984 -1987 жылдары Ертіс ауданының сегізжылдық Кутузов мектебінің директоры қызметін атқарды. 1987 -1989 жылдары Ертіс ауданының Пушкин орта мектебінің директоры, 1989 -1999 жылдары Ертіс ауданының Чапаев сегізжылдық мектебін, 1999- 2006 жылдары Қарағаш орта мектебін басқарды.  2006-2008 жылдары Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды. 2008 -2009 жылдары Ертіс ауданы білім бөлімінің басшысы, 2010 – 2014 жылдары Ертіс ауданы мұрағат бөлімінің басшысы. Сол жылы «Ертіс ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы. 2014 жылдың қараша айынан 2017 жылдың 4 тамызына дейін Ақтоғай ауданының білім бөлімі ММ басшысы лауазымында болды. 2017 жылдың 4 тамызында Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды.

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Облыс әкімдігінің келісімімен, Ертіс ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №1-101-ө өкіміне сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне Нығман Мүтәләпұлы Жүсіпов тағайындалды.

Нығман Мүтәләпұлы Жүсіпов 1978 жылы 12 қарашада  Ертіс ауданының Северный ауылында туған. Білімі жоғары, 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «тарих және география мұғалімі» мамандығы боынша, 2012 жылы С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.  

Еңбек жолын Северный жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімінен бастады. 2013 жылы Ертіс ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, 2014 жылы персоналды басқару  қызметі  бөлімінің  басшысы лауазымдарына тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Ертіс ауданы әкімінің қенесшісі қызметін атқарып келді.