Май ауданының әкімдігі

Ақтаев Марат Қамзаұлы – Май ауданының әкімі

Марат Қамзаұлы Ақтаев, 1974 жылы Павлодар облысы,  Ермак ауданында туған. Ұлты – қазақ. Білімі -жоғары. 2006 жылы Инновациялық Еуразия Университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмәмдады, 2016 жылы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын тәмамдады – экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 1998 жылы кәсіпкерлік саласында бастады,

2006-2007 жылдары «Цеснабанк» АҚ Павлодар филиалының Екібастұз қаласындағы № 33 Персоналды қызмет көрсету орталығының тұтыну несиелері жөніндегі маманы,

2007-2013 жылдары «Цеснабанк» АҚ Ақсу филиалының банктық қызмет көрсету орталығының басшысы.

2013-2015 жылдары «Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы.

2015 жылдың 20 наурыз айынан бастап 2015 жылдың 17 тамызына дейін Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2015 жылдың 17 тамыз айынан бастап 2019 жыллың 28 наурызға дейін Ертіс ауданы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары.

2019 жылдың 28 наурыз айыннан бастап облыс әкімінің өкімімен Марат Қамзаұлы Ақтаев Май ауданының әкімі болып тағайындалды.

Үйленген. Үш баласы бар.

 

Аудан әкімінің ауыл бойынша орынбасары – Сарин Темирболат Каблашович.
1959 жылдың 08 маусымда Павлодар облысы, Май ауданы, Май ауылында дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 1981 ж. Семей зоотехникалық ветеринарлық институты «Зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 Павлодар облысы Май ауданы «Жалтыр» кеңшары директорының қосымша ауылшаруашылығын дамыту жөніндегі орынбасары ретінде бастады.
29. 01.1983 – 21.04.1986 Павлодар облысы ҚР ЛКЖО Май аудандық II хатшысы.
23.04.1986 – 31.07.1987 Павлодар облысы Май ауданы «Қызыл-Құрама» кеңшарының бөлімше зоотехнигі.
17.08.1989 – 20.08.1990 Павлодар облысы Май ауданы Қазақстан Коммунистік партия комитетінің нұсқаушысы.
20.08.1990 – 18.09.1991 Павлодар облысы Май ауданы «Белогорский» кеңшары партия комитетінің хатшысы.
26.09.1991 – 23.03.1992 Павлодар облысы Май ауданы «Белогорский» кеңшары директорының экономикалық мәселе жөніндегі орынбасары.
15.03.1992 – 28.01.1997 Павлодар облысы Май ауданы «Шыған» ұжымдық шаруашылық кәсіпорынның бас зоотехнигі.
28.01.1997 – 31.01.1998 Павлодар облысы Май ауданы «Шыған» өндірістік бірлестігінің төрағасы.
31.01.1998 – 31.03.1999 Жеке кәсіпкер
31.03.1999 – 24.08.1999 Павлодар облысы Май ауданы, аудан әкімінің орынбасары – ауылшаруашылық бөлімінің бастығы.
Майский район
24.08.1999 – 22.06.2000 Павлодар облысы Май ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы.
Майский район
22.06.2000 – 29.10.2007 Павлодар облысы Май ауданы әкімі аппаратының басшысы.
29.10.2007 – 04.10.2010 Павлодар облысы Май ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары
04.10.2010 13.03.2013 Павлодар облысы Май ауданы Май аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
13.03.2013 – 17.09.2014 Павлодар облысы Май ауданы Май аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы
17.09.2014 – 29.09.2017 Аудандық «Шамшырақ» газетінің редакторы
04.10.2017 – 23.04.2018 Май ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасарының м.а.
23.04.2018 Қазіргі уақытқа дейін – Май ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары

 

Аудан әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Әділет Төлеутайұлы Сыздыкбаев.
1986 жылдың 09 масырда Павлодар облысы, Май ауданы, Чапай ат. совхозда дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 2008 жылы, КГТИ Лингва Орталық Қазақстан Университеті «Қаржы бакалавры» мамандығы, 2010 жыл «Ак. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті» «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 Май ауданы Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде бастады. 06.2009-05.2011 бас маман, Май ауданының қаржы бөлімі, Май ауданы Павлодар облысы. 09.2011-05.2012 несие сарапшы, “БТА банк” АҚ, Павлодар қаласы. 10.2012-01.2013 бас маман Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Павлодар қаласы. 01.2013-09.2013 бас маман, мониторинг және экономиканың секторының қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімі, Павлодар қаласы. 09.2013-10.2015 басшы, мониторинг және мемлекеттік атып алу есептілік бөлімі Павлодар облысының қаржы басқармасы, Павлодар қаласы. 10.2015-04.2017 басшы, Май ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Павлодар облысы, Май ауданы.
2017 жылғы 10 сәуірден бастап аудан әкімінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Құсайынова Мадина Кабзаитқызы – 1960 жылдың 20 желтоқсанында Ресей федерациясының Алтай өлкесінде туған. Қазақ. Білімі жоғары. Физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын 1982 жылы бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Май ауданында Аманкелді орта мектебінде ұстаз болып бастады (1982-1998ж.ж.). Аманкелді орта мектебінің директорының қызметін атқарды (1998-2010 ж.ж.). 2010-2014 ж.ж. Баскөл селолық округінің әкімі. 

2014 жылы 11 қарашасында Май ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы – Әсем Темирғалиқызы Оспанова.
1989 жылдың 25 шілдесінде Павлодар облысы Краснокутск ауданы Краснокутск ауылында дүниеге келді.
Жоғары білімі бар: 2006-2010 ж. Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің аудармашысы ретінде бастады. 01.2011-03.2011 Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің Ақсу аумақтық бөлімінің сот орындаушысының м.а. 03.2011-07.2011 Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің Ақсу аумақтық бөлімінің сот орындаушысы. 07.2011-03.2012 Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің ішкі әкімшілік бөлімінің бас маманы. 03.2012-07.2013 Павлодар облысы Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы. 07.2013-02.2014 Павлодар облысы Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің басшысы. 02.2014-11.2014 Павлодар облысы Әділет департаменті ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы. 11.2014-06.2018 Павлодар облысы Әділет департаменті ұйымдастыру талдау жұмысы бөлімінің басшысы. 06.2018-09.2018 Павлодар облысы Әділет департаменті Ақсу қалалық Әділет басқармасының басшысы. 09.2018-10.2018 Май ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы.
2018 жылғы 25 қазаныңан бастап «Май ауданы әкімі аппараты» ММ аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

Амангелді Қайыргелдіұлы Иманберлинов – Май ауданы әкімінің аппарат басшысы

Амангелді Қайыргелдіұлы 1988 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2010 жылы «Ақсу қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бухгалтер-экономист болып бастаған. Әр жылдары Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы-бас мемлекеттік тексерушісі, 2015-2016 жылдары Ақсу қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2016-2019 жылдары Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары  лауазымдарында қызмет атқарды.

Май ауданы әкімінің Амангелді Қайыргелдіұлы Иманберлинов аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.