Павлодар ауданының әкімдігі

Шұғаев Жанат Рашитұлы – Павлодар ауданының әкімі

Ж.Р. Шұғаев 1960 жылы туған, Павлодар өңірінің тумасы, қазақ, білімі жоғары, 1983 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1983 жылы Павлодар ауданының Маяк совхозында агроном болып бастады, одан кейін Павлодар ААШБ бас агрономы, партком хатшысы, «Маяк» совхозының директоры болып қызмет істеді.

1991-2003 жылдары – ШК бас директоры, «Комерция БАТТ» өкілі, «Смирнов элеваторы» АҚ директоры, «Қиялы Астық» ЖШС директоры қызметтерінде болды.

2004-2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі, «Мамлют ұн тарту комбинаты» ААҚ президенті;

2007-2009 жылдары дейін Ақмола облысы Щучинск ауданының «Агрофирма Бурабай 2007» ЖШС бас директоры;

2009-2012 жылдары – Железин ауданының әкімі;

2012-2013 жылдары — Ертіс ауданының әкімі;

2013-2014 жылдары – Павлодар облысының ауыл шаруашылығы баскармасының бастығы;

2014- 2018 жылдары – Тереңкөл ауданының әкімі

2018 жылғы 25 желтоқсандан Павлодар ауданы әкімі.

Нұрболат Озыханұлы Сағандықов – Павлодар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Сағандыков Нұрболат 1964 жылы 2 ақпан күні Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл совхозында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1971 жылдан 1981 жылға дейін Октябрь орта мектебінде оқыды.

1985 жылдан 1986 жылға дейін Кеңестік Әскер қатарындағы қызмет.

1986 жылдан 1988 жылға дейін Жаңатас ауылында МО штабының бастығы, 1988 жылдан 1993 жылға дейін Жаңа-жол, Баянауыл №2 орта мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1994 жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдады.

1993 жылдан 1994 жылға дейін ауылдық Кеңес төрағасының орынбасары, Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан 2000 жылға дейін Лекер, Торайғыр ауылдық округтерінің әкімі болып қызмет етті.

2000-2002 жылдары Павлодар ауданы әкімінің аппаратында өндірістік-коммуналдық саласы бөлімнің төтенше жағдайлар жөніндегі маманы, Павлодар қаласының жұмыспен қамту басқармасында тұрғындарды белсенді жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2001 жылы Халықаралық Дамыту бойынша АҚШ Агенттігімен қаржыландырылатын «Қазақстандағы жергілікті Басқаруды дамыту» ICMA жобасы аясында «Өзгерістер менеджменті» курсы бойынша оқытуды табысты аяқтады.

2002 жылдың 15 мамырынан Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығы медалімен марапатталды.

2012 жылғы 2 тамыздан бастап Павлодар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2013 жылғы 29 шілдеден бастап  Павлодар ауданы әкімімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2014 жылғы 25 тамыздан бастап Павлодар ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2014  жылы құқық бакалавры мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетін тәмамдады.

2015 жылғы 12 қазандан бастап  Павлодар ауданы әкімімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген. 4 қызды тәрбиелейді.

 

Жәутікбаев Ернұр Бүкенбайұлы — Павлодар ауданы әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары.

Ернұр Бүкенбайұлы 1984 жылғы 12 маусымда Алматы облысында туды.

Екі жоғары білімі бар:

2007 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Басқару жүйесін автоматтандыру және жекешелендіру» мамандығы бойынша аяқтады;

2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді.

Әр түрлі жылдары Алматы қаласы Алмалы және Жетісу ХҚКО-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарды атқарады:

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бас маманы;

Алматы қаласы Аумақтық жер инспекциясының бас маманы – мемлекеттік инспекторы;

ҚР Аймақты дамыту министрлігінің персоналды басқару қызметінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің бас сарапшысы;

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаментінің Кадрлық әлеуетті дамыту басқармасының басшысы.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электронды өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.

 

Гүлнәр Құсайынқызы Сейітқазина – Павлодар ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары

«Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша «Семей» университетін бітірген.

Еңбек жолы:

«Павлодартара» ШК жабдықтау, өткізу бөлімінің бастығы,

Павлодар қаласы Индустриалды ауданының экономика жөніндегі комитетінің төрағасы;

Облыс индустрия және сауда департаменті экономикалық талдау бөлімінің бастығы;

Облыс құрылыс департаменті экономикалық талдау бөлімінің бастығы;

Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау басқармасы бастығының орынбасары;

Облыс әкімі аппараты экономика бөлімінің бастығы;

Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы макроэкономикалық талдау және мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы наурыздан бастап – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары;

2013 жылғы тамыздан бастап – Павлодар ауданы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары.

 

 

 

Оспанова Әсем Темірғалиқызы – Павлодар ауданы әкімі аппаратының басшысы

Павлодар облысы Краснокутск ауданы Краснокутск ауылында 1989 жылдың 25 шілдесінде дүниеге келді.

        Жоғары білімі бар, 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің аудармашысы ретінде бастады.

2011-2012 жылдары Павлодар облысы Сот актілерін орындау департаментінің ішкі әкімшілік бөлімінің бас маманы жумысын аткарды.

2012 жылдаң 2018 жылдың маусым айына дейін облыстық Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бөлімінің бас маманы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің басшысы, кейін Департаменттің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.

2018 жылдың маусым айынаң бастап 2018 жылдың қыркүйегі айына дейін Ақсу қалалық Әділет басқармасын басқарды.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың қазан айына дейін  Май ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болды.

2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін  Май ауданы әкімінің аппарат басшысы болды.

2019 жылдың 26 наурыз айынан бастап Павлодар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.