Павлодар қаласының әкімдігі

 

Павлодар қаласының әкімі – Нукенов Қайрат Теміршотұлы

 Қайрат Теміршотұлы 1970 жылғы, екі жоғары білімі бар, Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясын және П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін аяқтады.

Қ.Т. Нүкенов ұзақ жылдар бойы Павлодар облысының бизнес құрылымдарында еңбек етті, облыс кәсіпкерлік және сауда басқармасын басқарды, сонымен қатар, Железин ауданы, индустриялық-өнеркәсіптік аймақтар – Ақсу, Екібастұз қалаларының әкімі болып қызмет атқарды. 2018 жылдың тамыз айынан бастап   2019 жылғы ақпан айына дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылғы 12 ақпаннан – Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2019 жылғы 10 шілдеден бастап Павлодар қаласының әкімі.

 

 

Хабылбеков Хасар Айтпекұлы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Хасар Хабылбеков 1986 жылы Павлодар қаласында туған, қазақ, екі жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын  қаржы мамандығы бойынша және 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін көлік құрылысы мамандығы бойынша тәмәмдады.

Техника және технология  магистрі  дәрежесі бар – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында: «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманынан «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылдан 2017 жылдар аралығында Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы еңбек етті.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қазан айынан 2019 жылғы тамыз айына дейін  Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып істеді.

2019 жылғы 7 тамызда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

 

Мұқанов Саян Назымұлы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Саян Назымұлы 1979 жылы туған,қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 2010 жылы – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы – экономикалық факультетін, 2014 жылы – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетін «Дефектология» мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары оқу орнынан кейін білімі бар – 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдады.

2003 жылдан 2006 жылдар аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ этнология, мәдениеттану және археология кафедрасының оқытушысы, Х. Арғынбаев атындағы этноәлеуметтік антропология орталығының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2007 жылы – Ақсу қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру – бақылау бөлімінің бас маманы.

2007 жылдан 2008 жылға дейін – Павлодар облысы білім беру департаментінің ұйымдастыру – кадрлар және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

2008 жылдан 2014 жылға дейін– есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы түзету мектеп – интернатының директоры.

2014 жылдан 2017 жылдың маусымына дейін –Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

2017 жылдың 26 маусымынан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Бейсекин Аян Уахитұлы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Аян  Уахитұлы, 1987 жылы туған, қазақ, жоғары экономикалық білімі бар. 2008 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы  бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық  университетін және 2013  жылы – «мемлекеттік басқару магистрі» біліктілігі бойынша М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы мен Мәскеу қаласының мемлекеттік емес құрылымдарында бастады.

2013 жылдың шілде айы мен 2013 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасында персоналды басқару бөлімінің  консультанты болып қызмет  атқарды.

2013 жылдың қазан айы мен 2014 жылдың  сәуір айы  аралығында  Железин ауданы  әкімінің  аппарат басшысы.

2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың қыркүйек айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас  инспекторы, облыс әкімі  аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің индустриялық-инновациялық даму секторының меңгерушісі, Солтүстік-Қазақстан  облысы Петропавловск қаласы кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2015 жылдың қыркүйек  айы  мен 2017 жылдың мамыр айы  аралығында Алматы  қаласы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып  қызмет  атқарды.

2017 жылдың мамыр айы мен  2018 жылдың сәуір айы аралығында Железин ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Павлодар қаласы әкімінің өкімімен 2018 жылғы 28 сәуірден бастап Бейсекин Аян Уахитұлы  Павлодар қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

  

Гладышева Светлана Анатольевна – Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы

Светлана Анатольевна 1981 жылы Павлодар қаласында туған, орыс, жоғары білімі бар, педагог-психолог мамандығы бойынша Павлодар университетін тәмамдаған.

Психология және политология магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар қаласының № 43 жалпы білім беру мектебінде әлеуметтік педагог болып бастады.

2009 жылдан 2011 жылға дейін әлеуметтік-еріктілер орталығының төрағасының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2013 жылдар аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімі және Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемелерінің бас маманы, кейін Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада бөлім басшысы болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

2018 жылдан 2019 жылдың 13 тамызына дейін Железин ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

Мемлекеттік қызмет өтілі 8 жылды құрайды.