Шарбақты ауданының әкімдігі

 Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы – Шарбақты ауданының әкімі

Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 1978 жылдың 1 қаңтарында  Қарағанды облысы  Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар.  1995-1999 жылдар аралығында О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Ағылшын және неміс тілі пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2015 жылы Эстония дипломатия мектебін «Халықаралық қатынастар және еуропалық интеграция» мамандығы бойынша тәмамдады. Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 10 жыл. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасының басшысы қызметінде еңбек етті. Баянауыл ауданы әкімінің 2016 жылдың 24 тамызындағы №2-23/33 үкіміне сәйкес Әбеуов Әзілхан Кәріғұлұлы 2016 жылдың 24 тамызынан бастап Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Павлодар облысы әкімінің 2018 жылдың 26 қарашасындағы үкіміне сәйкес Шарбақты ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Үйленген, 3 баласы бар.

Талғат Асқарұлы Бегімов – Аудан әкімінің ауыл және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық жөніндері орынбасары

Талғат Асқарұлы Бегімов 1968 жылы Павлодар облысының Қашыр ауданы Жаңабет ауылында туыған.

Целиноград ауыл шаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын арнайы есеп және аудит бойынша тәмәмдаған. 

Еңбек жолын 1985 жылы Бобровка совхозында бастаған. Институттан кейін «Төлеке» ӨКШ коммерция мәселелері бойынша директордың орынбасары ретінде жұмыс істеді.

1993 жылғы шілдеден бастап Бобровка совхозында бас агроном, 1994 жылы Бобровка совхозында агролесомелиоратор болып қызмет атқарды.

1995 жылдан 1999 жылға дейін (Бобровка ауыл шаруашылық жеке меншік кәсіпкері» ӨК бас агрономы. 2001-2002 жылдары Бобровка ауылдық округінің «Қамқор» МҚКК директоры.

2002 жылғы сәуірден 2002 жылғы желтоқсанға дейін Бобровка ауылдық округінің әкімі.

2003 жылғы мамырдан 2008 жылғы сәуірге дейін ҚР АШМ Қашыр аудандық аумақтық фитосанитария басқармасының бас маманы.

2008 жылдан 2010 жылға дейін ҚР АШМ Қашыр аудандық аумақтық фитосанитария басқармасының бастығының орынбасары.

2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы наурызға дейін «Қашыр ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бастығы.

2013 жылғы наурыздан 2013 жылғы маусымға дейін «Қашыр ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы сәуірге дейін – «Аделан-Трейд» ЖШС супервайзері.

2014 жылғы сәуірден 2014 жылғы шілдеге дейін «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ өсімдік шаруашлығы бойынша инспекторы.

2014 жылғы қазаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы.

Неғманова Ризагүл Алексеевна – Шарбақты ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

1976 жылы 2 қаңтарда Шарбақты ауданының Шаңды ауылында туған. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары, 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын  тарих және география мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Шарбақты ауданының №3 орта мектебінде хатшы болып  бастаған.

2003-2009 жылдары – №3 орта мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.

2009-2011 жылдары – «Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бас маманның міндетін атқарушы, бас маман.

2011-2013 жылдары – «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімі бастығы, «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы.

2013-2014 жылдары – Шарбақты ауданы әкімі аппаратының басшысы. 

2014 жылғы 26 қыркүйектен – аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Тұрмыста, екі ұл тәрбиелеп отыр

Жармағамбетов Асхат Баймұханұлы – аудан әкімінің экономика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары.

1976 жылдың 1 тамызында Павлодар облысы, Краснокутск ауданының Краснокутск ауылында дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары – 1998 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистратурасын жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1999 жылы машинатану мен тахникалық еңбек пәнінің мұғалімі қызметінде Павлодар облысы Ақтоғай аудадының Шолақсор ауылындағы Шолақсор орта мектебінде бастады.

2009-2012 – «ДорРемСтрой ПВ» ЖШС-да өндіріс бойынша директор.

2001 жылдың ақпаны мен желтоқсаны аралығында – Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Ақтоғай ауылы.

2002 – 2003 жылдары – Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының жастармен жұмыс жасау бойынша бас маманы.

2003-2004 жылдары – Ақтоғай ауданы әкімінің ішкі саясат бөлімі бас маманы, Ақтоғай ауылы.

2004-2006 жылдары – Ақтоғай ауданы әкім аппаратының құжаттық қамтамасыз ету бөлім меңгерушісі, Ақтоғай ауылы.

2006 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің кеңесшісі.

2006 жылдың шілде-қазан айлары аралығында – Ақтоғай ауданы әкім аппаратының құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлім меңгерушісі, Ақтоғай ауылы.

2006-2008 жылдары – Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Харьковский ауылдық округінің әкімі.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушысы, Астана қ.

2009 жылдың шілде-қазан айларында – Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Харьковский ауылдық округінің әкімі.

2009-2011 жылдары – «Ақтоғай ауданы Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы, Ақтоғай ауылы.

2011-2013 жылдары – Қашыр ауданы әкімінің орынбасары, Тереңкөл ауылы.

2013-2014 жылдары – Май ауданының әкімі.

2014-2017 жылдары – Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2017-2018 жылдары – облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Павлодар қ.

2018 жылдың қазан айынан бүгінге дейін – Шарбақты ауданының экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары. 

Жакишева Гүлнар Ескенқызы – аудан әкімі аппаратының басшысы

Жакишева Гүлнар Ескенқызы 1968 жылдың 24 шілдесі Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген.

2008 жылы «Қайнар» университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызмет жолын 1985 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылының Шарбақты техникумында кітапханашылықтан бастаған.

1986-1987 жылдары – Алма-Ата кинотехникумының лаборанты, Алматы қаласы.

1987-1990 жылдары – ҚазССР Автокөлік министрлігінің Алма-Ата оқу комбинатының хатшысы, Алма-Ата қаласы.

1990-1991 жылдары – Батыс-Қазақстан темір жолының Ақтөбе бөлімі хатшысы, №8 Теміржол совхозы, Ақтөбе қаласы.

1991 жылдың шілде-қазан айларында – Шарбақты ауданының жұмыспен қамту орталығының 2 санаттағы маманы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы.

1991-1992 жылдары – Шарбақты ауданының жұмыспен қамту орталығының аға маманы.

1992-1999 жылдары – Шарбақты ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы.

1999-2000 жылдары – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – Шарбақты ауданы әкімі еңбек биржасының бас маманы.

2001 жылдың сәуір-қыркүйек айларында – Абай атындағы Шарбақты қазақ орта мектебінің лаборанты, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы.

2001-2005 жылдары – Шарбақты ПШ-24 «хатшы-іс жүргізуші» өндірістік оқыту тобының шебері, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы.

2005 жылдың наурыз-мамыр айларында – «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы, Шарбақты ауылы.

2005-2011 жылдары – «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы, Шарбақты ауылы.

2011-2015 жылдары – Павлодар облысының координациялық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Павлодар облысының қарттары мен мүгедектеріне арналған жалпы типтегі Шарбақты медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ директоры.

2015-2016 жылдары – «Шарбақты ауданы Ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы.

2016 жылы – «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

2016-2018 жылдары – «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.

2018 жылдың шілдесінен бүгінге дейін – «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы