Тереңкөл ауданының әкімдігі

 Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы – Тереңкөл ауданының әкімі

Е.Н. Әйткенов 1965 жылы Павлодар облысының Май ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ернұр Әйткенов еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Осы жылдардың ішінде түрлі қызметте жұмыс істеді.

1997-1998 жылдары Павлодар облысы ауыл шаруашылығы департаменті бөлімінің басшысы, 1998-1999 жылдары Железин ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2006-2010 жылдары Май ауданының әкімі болған.

2014 жылдың қазан айынан бастап екі жылдай Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

 

Ыбыраева Раушан Қайыртасқызы – Качир ауданы әкімінің орынбасары

1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі біліктілігін алумен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, 2006 жылы психология бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алумен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді.

Еңбек жолын 1998 жылы Качир ауданы Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебі орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастады.

09.2005 – 05.2009 жылға дейін – Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 ЖББОМ мұғалімі.

05.2009 – 12.2010 жылға дейін – Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 ЖББОМ директорының орынбасары.

12.2010 – 08.2011 жылға дейін – Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 ЖББОМ директоры.

08.2011 – 08.2012 жылға дейін – Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 ЖББОМ директорының орынбасары.

08.2012 – 10.2012 жылға дейін – Қ. Оспанова атындағы Качир № 3 ЖББОМ мұғалімі.

10.2012 – 08.2013 жылға дейін – Качир ауданы Бобровка ауылдық округінің әкімі.

08.2013 – 08.2016 жылы – Качир ауданы Береговой ауылдық округінің әкімі

08.2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Качир ауданы әкімінің орынбасары.

 

Руслан Берекеліұлы Мұқанов 1986 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Качир ауданы Качир ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, 2008 жылы құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша Еуразиялық Инновациялық университетін бітірді.
Мұқанов Р.Б. еңбек жолын 2008 жылы «Лебяжье ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман болып бастаған.
2010 жылғы мамырдан бастап 2013 жылғы қыркүйекке дейін «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, қоғамдық-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы.
2013 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы қазанға дейін – «Павлодар облысы дін істері жөніндегі басқарма» ММ діни бірлестіктерге мониторинг жүргізу және олармен жұмыс бөлімінің басшысы, діни бірлестіктермен жұмыс бойынша бөлімнің басшысы.

2016 жылғы қазаннан бастап 2016 жылғы желтоқсанға дейін – «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің бас инспекторы.
2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы желтоқсанға дейін – «Ақсу қаласы кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ басшысы.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аудан әкімі аппаратының басшысы.