Успен ауданының әкімдігі

 

Дычко Николай Васильевич Успен ауданының әкімі

Николай Васильевич 1965 жылғы, Солтүстік- Қазақстан облысының тумасы. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік ашық университетін экономика мамандығы бойынша, 2000 жылы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын электр жабдықтау мамандығы бойынша аяқтады. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы «Екібастұзкөмір» өндірістік бөлімі «Северный» разрезінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастап, 1999 жылға дейін осы ұйымда электрмонтер, электрмеханик, учаске бастығы, бас энергетик лауазымдарына дейін көтеріліп, өсудің барлық сатыларынан өтті. Әр жылдары «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС Екібастұз филиалында, «Монтаждық-баптау басқармасы» ЖШС-де және «Грань» ЖШС-де еңбек етті.

2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

2006 – 2013 жылдары – Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары;

2013 – 2015 жылдары –  Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы;

2015 – 2017 жылдар аралығында өнеркәсіптік даму, кәсіпкерлік, сауда және туризм мәселелері бойынша Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары Ақсу қаласының әкімі болды.

2018 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Абушахманов Қабиболла Аманұлы — Успен ауданы әкімінің орынбасары.

Әбушахманов Қабиболла Аманұлы 1958 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында туылған. Семей малдәрігерлік-зоотехникалық институтын малдәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы Баянауыл ауданы Торайғыров атындағы совхозда жұмысшы болып бастады. Мемлекеттік органдарда басшылық жұмыс тәжірибесі мол.

1983 жылдан 1991 жылға дейін Баянауыл ауданының совхоздарында мал дәрігері-эпизоотолог, бас мал дәрігері болып жұмыс істеді.

1991 жылдан бастап – “Бірлік” совхозының директоры, Павлодар ауданының аумақтық инспекциясының басшысы.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Павлодар облысы әкімінің өкімімен Железин ауданының әкімі болып тағайындалды.

2018 жылдың 04 мамырынан бастап Успен ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың 08 мамырынан бастап Успен ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарады. 

Успен ауданының әкімі аппаратының басшысы Валентина Петровна Курсакова

Валентина Петровна Курсакова – орыс тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдады. Еңбек жолын 1996 жылдың қыркүйек айынан № 2 Успен ЖОББМ орыс тілі және әдебиет мұғалімі болып  бастады, 2000 жылдың тамыз айынан бастап Успен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымның төрағасы, 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап  №1 Успен ЖОББМ директоры, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы. Қазіргі уақытта Успен ауданының әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқаруда.