Міндеттерді бөлу

 

Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және

облыс әкімі аппаратының басшысы арасында

міндеттерді бөлу

 

Павлодар облысының әкімі

Бақауов Болат Жұмабекұлы

 

Функционалдық міндеттері:

облысқа жалпы басшылық жасау;   

қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;

Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республика-сының Парламентімен, Қазақстан Республикасының басқа да конституциялық органдарымен қарым-қатынастарда облыстың мүддесін білдіреді;

Павлодар облыстық мәслихатымен, Павлодар облысының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті тұлғаларға құрмет және басқа да атақтар беру туралы ұсы-ныстар енгізеді;

облыс әкімінің орынбасарларын, облыс қалалары мен аудандарының әкімдерін жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша, аппарат басшысын, оның орынбасарларын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Павлодар облысының үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін, Павлодар облысының әкімдігі жанындағы инвестицияларды тарту жөніндегі кеңесті, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін, жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі облыстық кеңесті, дағдарысқа қарсы облыстық кеңесті басқарады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиялардың, облыстық терроризмге қарсы комиссияның, Павлодар облысының кадрлық комиссиясының, мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның, облыстық бюджеттік комиссияның, облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда құрылатын арнайы комиссиясын, Павлодар облысын 2030 жылға дейінгі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына басшылық жасайды;

облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын шығару, әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары мен міндеттер туралы ақпараттандыру үшін облыс тұрғындарымен жыл сайынғы есеп беру кездесулерін өткізеді;

жұмыс нәтижелері туралы, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды және аумақты дамыту бағдарламасын орындау туралы Қоғамдық кеңес алдында есеп береді;

ішкі аудит қызметінің жұмысын үйлестіреді;

жергілікті полиция қызметінің алдына Павлодар облысының аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді қояды және олардың орындалуын бақылайды;

жылына кемінде екі рет ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебін тыңдайды.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс әкімінің орынбасарлары;

1.2. Облыс әкімі аппаратының басшысы;

1.3. Облыс әкімінің баспасөз қызметі;

1.4. Қалалар мен аудандардың әкімдері;

1.5. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі облыс әкімінің бас инс-пекторы;

1.6. Облыс әкімінің кеңесшілері;

1.7. Ішкі аудит қызметі.

 

  1. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

2.1. Павлодар облысының ішкі істер департаменті.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды:

3.1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша депар-таменті;

3.2. Павлодар облыстық соты;

3.3. Павлодар облысының прокуратурасы;

3.4. Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті;

3.5. Павлодар облысының әділет департаменті;

3.6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.8. Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті.

 

 

                        Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Ұлан Еркінұлы Жазылбек

 

Негізгі мәселелер:

сәулет және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау;

құрылысты дамыту;

жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамыту;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік инфрақұрылымын, энергетика мен байланысты дамыту және жаңғырту;

жылыту маусымына дайындық және оны өткізу;

табиғи монополиялардың субъектілері ұсынған реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді мониторингілеу;

коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде  «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыруды үйлестіру;

төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс;

құқық бұзушылықтың алдын алу;

нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес;

дезинсекциялық шаралар және шыбын-шіркейге қарсы күрес;

адам саудасымен байланысты қылмыстарды болдырмау мен оның алдын алу;

облыс елді мекендерін абаттандыру;

мемлекеттік шекараны белгілеу мәселелері;

жергілікті полиция қызметін үйлестіру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

 «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы;

облыс елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелеріне жетекшілік етеді;

облыс әкімі болмаған кезде оны алмастырады.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс құрылыс басқармасы;

1.2. Облыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

1.3. Облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас-қармасы;

1.4. Облыс сәулет және қала құрылысы басқармасы;

1.5. Облыс мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы.

 

  1. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

2.1. «Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2.2.  Электрмен, жылумен және сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

3.1.  Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті;

3.2.  Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті;

3.3. Ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі;

3.4. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің  Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.5. Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті;

3.6.  Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы;

3.7.  «Қазавтожол» акционерлік қоғамының облыстық филиалы;

3.8. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы;

3.9. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Павлодар қаласындағы филиалы;

3.10.«Қазақтелеком» АҚ Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясы;

3.11. «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы;

3.12.  Барлық меншік нысанындағы көлік ұйымдары;

3.13. Барлық меншік нысанындағы отын-энергетика кешенінің ұйымдары;

3.14. Барлық меншік нысанындағы жол ұйымдары;

3.15. Барлық меншік нысанындағы газ шаруашылығы ұйымдары;

3.16.  Барлық меншік нысанындағы құрылыс ұйымдары;

3.17. Қалалар мен аудандардың әкімдерімен шұғыл шешуді қажет ететін ағымдағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

 

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді

 

5.1. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

5.2. Павлодар облысында адамдарды заңсыз әкетумен, әкелумен және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия;

5.3. Павлодар облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб;

5.4.  Павлодар облысының қала құрылысы кеңесі;

5.5.  Облыстық эвакуациялық комиссиясы;

5.6.  Облыстық шақыру комиссиясы;

5.7. Кризистік жағдайлар жөніндегі аймақтық-жедел штабы;

5.8. Павлодар облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы;

5.9. Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясы.

 

Облыс әкімінің орынбасары

Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев

 

Негізгі мәселелер:

әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту;

облыста Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламасын іске асыру;

облыста Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылуын үйлестіру (нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағыты бойынша);

аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек көрсету, балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу, тұрғын үй көмегін көрсету;

мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтік көмек беру, әлеуметтік қол-дау шараларын көрсетуге ықпал ету;

медициналық-әлеуметтік мекемелерде белгіленген стандарттар деңгейін-де арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету;

әлеуметтік әріптестік;

көші-қон (оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға, мигранттардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі квоталарды қалыптастыру бөлігінде);

қоғамдық-саяси даму, ақпараттық саясат, көрнекі әлеуметтік жарнаманы үйлестіру, «Қазақстан-2050» стратегиясын ақпараттық сүйемелдеу, азаматтық қоғамды дамыту;

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалық офисінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;

жастар саясаты, 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: Болашаққа бастар жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы;

тіл және ономастика саясаты, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

этносаралық келісім және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы;

отбасы-демографиялық саясатты және гендерлық теңдікті іске асыру;

мәдениетті дамыту, архивтер мен құжаттама;

Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың салалық бағдарламасын іске асыру;

еңбек заңнамасын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

1.2. Облыс денсаулық сақтау басқармасы;

1.3. Облыс білім беру басқармасы;

1.4. Облыс ішкі саясат басқармасы;

1.5. Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы;

1.6. Облыс жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы;

1.7. Облыс дін істері басқармасы;

1.8. Облыс мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;

1.9. Облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасы;

1.10. Облыс еңбек басқармасы;

1.11. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы;

1.12. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

 

2.1. Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон  департаменті;

2.2. Медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасын бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

2.3. Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

2.4. Павлодар облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаменті;

2.5. Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті;

2.6. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Павлодар облыстық филиалы;

2.7. Облыстың емдеу-алдын алу және фармацевтикалық ұйымдары;

2.8. Облыстың білім беру мекемелері;

2.9. Облыстық кәсіподақ кеңесі;

2.10.  Қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар;

2.11. Бұқаралық ақпарат құралдары;

2.12. Діни ұйымдар;

2.13. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі оқу орындары;

2.14. Этномәдени бірлестіктер;

2.15. Қоғамдық кеңес.

 

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына;

республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді

4.1. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және балалар лагерьлерін пайдалануға қабылдау жөніндегі облыстық комиссия;

4.2. Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комис-сия;

4.3. Облыс әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;

4.4. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі облыстық кеңес;

4.5. Облыс әкімдігі жанындағы денсаулықты сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесі;

4.6. Оралмандарды қабылдаудың аймақтық квотаға енгізу жөніндегі комиссия;

4.7. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыстық кеңес;

4.8. Ана мен бала өлім-жітімін және қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітімді төмендету жөніндегі облыстық штаб;

4.9. Мүгедектердің істері жөніндегі облыстық кеңес;

4.10. Облыс әкімдігінің жанындағы науқастардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес;

4.11. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес;

4.12. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі іске асыру жөніндегі жұмыс тобы;

4.13. Облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі консультативтік кеңес;

4.14. Мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия;

4.15. Облыстық ономастикалық комиссия;

4.16. Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес;

 

4.17. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия;

4.18. Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссия;

4.19. Ақпараттық-насихаттау топтары;

4.20. Мемлекеттік наградаларға және «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағына ұсыну мәселелерін қарау жөніндегі комиссия;

4.21. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі штаб;

4.22. Мемлекеттік білім тапсырысын жариялау комиссиясы;

4.23. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақтық жобалық офисі.

 

Облыс әкімінің орынбасары

Рүстем Жомартұлы Құрманов

 

Негізгі мәселелер:

агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

жер қатынастары және су ресурстары;

азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде азық-түлік тауарларына баға белгілеу, облыстың азық-түлік тұрақтандыру қорының жұмысын ұйымдастыру;

ауыл шаруашылығы өнімін сақтау инфрақұрылымын дамыту;

облыстың экологиялық қауіпсіздігі;

орман, аңшылық және балық шаруашылығы;

ветеринария;

тірек ауылдық елді мекендерді дамыту;

ауылдық аумақтарды дамыту;

ауылдық жерлерде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының (кәсіпкерлікті дамыту мәселелері) іске асырылуын үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы;

1.2. Облыс ветеринария басқармасы;

1.3. Облыс жер қатынастары басқармасы;

1.4. Облыс жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы;

1.5. Облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы (су, орман және аңшылық шаруашылығы, экология мәселелері бойынша).

        

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

2.1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы;

2.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы;

2.3. Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспек-циясы;

2.4. Су шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындар:

2.4.1. Ертіс бассейндік инспекциясы;

2.4.2. «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар филиалы;

2.4.3. «Қ. Сәтбаев атындағы «Ертіс – Қарағанды» каналы» Павлодар филиалы;

 2.5. Барлық меншік нысанындағы агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорын-дары;

2.6. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдіс-темелік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар филиалы;

2.7. Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фи-тосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы;

2.8. «Республикалық ветеринарлық зертхана» республикалық мемлекет-тік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы;

2.9. «Павлодар гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіп-орны;

2.10. Павлодар облысы бойынша экология департаменті;

2.11. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы;

2.12. «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамының Павлодар облысындағы өкілдігі;

2.13. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар облысындағы өкілдігі;

2.14. «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының Павлодар облысын-дағы өкілдігі;

2.15. «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының Пав-лодар облысындағы өкілдігі;

2.16. «Қазагрогарант» акционерлік қоғамының Павлодар облысындағы өкілдігі;

2.17. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компа-ниясы» акционерлік қоғамы;

2.18. Қалалар мен аудандардың әкімдерімен шұғыл шешуді қажет ететін ағымдағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына;

республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді:

4.1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия;

4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесі;

4.3. Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия;

4.4. Субсидия қаражаттарын бөлу жөніндегі комиссия;

4.5. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия;

4.6. Ресей Федерациясы аумағынан астықты заңсыз әкелуді жол бермеуге бағытталған іс-шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штаб;

4.7. 2017 жылғы өнімнің 3-классты азықтық бидайын сатып алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы;

4.8. Тұрақты жұмыс істейтін аттестациялық комиссия;

4.9. Ведомствоаралық комиссия;

4.10. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау жөніндегі комиссия;

4.11. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорларының кеңесі.

 

Облыс әкімінің орынбасары

Арынова Әлия Амангелдіқызы

 

Негізгі мәселелер:

экономика және бюджеттік саясат;

қаржы секторын дамыту;

фискалдық органдармен өзара іс-қимыл;

мемлекеттік жоспарлау;

мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;

инфляциялық және инфляцияға қарсы саясат;

облыстың мемлекеттік активтерін басқару;

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ірі кәсіпорындармен меморандумдар жасау және оның орындалуын мониторингілеу.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс қаржы басқармасы;

1.2. Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

2.1. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы;

2.2. Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы;

2.3. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;

2.4. Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;

2.5. Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаменті;

2.6. Павлодар облысы бойынша статистика департаменті;

2.7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Павлодар филиалы;

2.8. Екінші деңгейдегі банктер.

 

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді

4.1. Облыстық бюджеттік комиссия;

4.2. Облыстық дағдарысқа қарсы кеңесі;

4.3. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссия; 

4.4. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы;

4.5. Павлодар облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша Жұмыс тобы.

 

Облыс әкімінің орынбасары

Қайрат Теміршотұлы Нүкенов

 

Негізгі мәселелер:

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамы-тудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасын  іске асыру;

өңірге инвестицияларды, соның ішінде шетел инвестицияларды тарту, инвестициялық климатты жақсарту;

инновацияларды және озық технологияларды енгізу үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағын дамыту;

өнеркәсіпті қолдау және дамыту;

кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастықтардың мемлекеттік органдар-мен өзара іс-қимыл, кәсіпкерлік үшін әкімшілік тосқауылдарды азайту, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру;

ұлттық компаниялардың және жүйе құраушы кәсіпорындардың, мем-лекеттік  органдардың  сатып  алу  көлемдерінде отандық тауар өндірушілердің

(қазақстандық үлестің) өнімін ұлғайту;

облыс өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін, өндірістің қуат тиімділігін дамыту және арттыру, технологияларды жаңғырту және трансферті;

сыртқы экономикалық қызметті және шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту;

өңірде сауда мен туризмді дамыту;

өңірдің шикізат қорларын тиімді игеру және оларды тереңдетіп қайта өңдейтін жаңа өндірістер құру;

кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану;

индустриялық аймақтарды дамыту;

мемлекеттік органдарды жобалық басқару және цифрландыру;

қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының (кәсіпкерлікті дамыту мәселелері) іске асырылуын үйлестіру;

«Цифрлық Қазақстан» инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасы;

1.2. Облыс кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы;

1.3. Облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы (жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша).

 

  1. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

2.1. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компа-ниясы» акционерлік қоғамы;

2.2. «Инвестицияларды тарту агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

 

3.1. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.2. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.3. Павлодар облысы бойынша ұлттық кәсіпкерлік палатасы;

3.4. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалы;

3.5. «Павлодар өңірлік ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3.6. «Халықаралық Стартап Академия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3.7. Өнеркәсіп кәсіпорындары, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;

3.8. Қалалар мен аудандардың әкімдерімен шұғыл шешуді қажет ететін ағымдағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

 

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;

республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде өткізілетін мемлекеттік ор-гандар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне;

мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді:

 

5.1. Павлодар облысы әкімдігі жанындағы инвестицияларды тарту кеңесі;

5.2. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компа-ниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі.

5.3. Павлодар облысындағы туризм және туристік қызмет мәселелері жөніндегі комиссия;

5.4. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиясы;

5.5. Павлодар облысы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі;

5.6. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі;

5.7. Облыста инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес;

5.8. Павлодар облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;

5.9. Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабы;

5.10. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау жөніндегі облыстық комиссиясы.

 


Облыс әкімі аппаратының басшысы

 Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин

функционалдық міндеттері:

 

облыс әкімі аппаратының жұмысына басшылық жасау;

облыс әкімінің, облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құ-қықтық, ұйымдастыру, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері;

мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволардың қызметін облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындау, олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде үйлестіру;

мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;

азаматтардың хаттары мен өтініштерін, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

облыс әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерге материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Мемлекет Басшысы актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарының хаттамалық шешімдерінің, облыс әкімдігі актілерінің, облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;

ҚР Президентін, ҚР Парламентінің, жергілікті уәкілетті органдары  депутаттарын, референдумдарды, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауға ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуін бақылау;

әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру;

облыс әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдас-тыру;

облыс әкімі аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссиялары қызметтеріне жалпы жетекшілік ету;

қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;

облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

облыс әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім-шілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен және басқа да орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

 

1.1. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары;

1.2. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері.

 

  1. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

 

2.1. Облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттары;

2.2. Облыс басқармалары;

2.3. «Офис-сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

 

3.1. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері;

3.2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті; 

3.4. Әдеп жөніндегі кеңес. 

 

  1. Жетекшілік ететін салалар бойынша:

 

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;

республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.

 


Облыс әкімі мен оның орынбасарлары арасындағы

өзара алмастырушылық тәртібі

 

Облыс әкімі мен оның орынбасарлары арасындағы өзара алмастырушы-лықтың тәртібі келесідей белгіленеді:

 

Б.Ж. Бақауов Ұ.Е. Жазылбек
Ұ.Е. Жазылбек Қ.Т. Нүкенов
Қ.Т. Нүкенов Р.Ж.Құрманов
Р.Ж.Құрманов Қ.Т. Нүкенов
Ә.А. Арынова Ұ.Е. Жазылбек
М.М. Бегентаев Ә.А. Арынова