Батанов Алмас Сұлтанұлы – Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары:

2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Алматы технология және бизнес университетін, 2010 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетін бітірген. Мамандықтары – экономист-информатик; өндірісті стандарттау және сертификаттау жөніндегі инженер; ақпараттық технологиялар менеджменті магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы филиалының жетекші маманы болып бастады. 2000 – 2009 жылдары «Қазақстан Метрология институтында» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Алматы, Астана ққ.) бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы, орталық басшысының орынбасары, орталық басшысы қызметтерін атқарған.

2011 – 2013 жылдары Экономикалық зерттеулер институтында бас сарапшы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында сарапшы, консультант, референт болып еңбек еткен.

2013 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

2016 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары,  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті. 

 2019 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.