Облыс әкімі аппаратының басшысы

Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы – Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы

Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің педагогикалық институтын «Математика және ақпараттандыру мұғалімі»; 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер»; Инновациялық Еуразия универститетін «экономика және бизнес»;  2013 жылы Инновациялық Еуразия универститетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша  тәмамдаған.

Еңбек жолын Павлодар қаласындағы №3 гимназия-интернатында математика және ЕТ мұғалімі болып бастады. 2003-2006 жылдары – Ақсу қаласы Ақжол ауылының әкімі. 2006 жылы Павлодар облысының «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі ҚР Агенттігінің басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауды бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2008 жылдан бастап «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі ҚР Агенттігінің басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақтауды бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімінің басшысы.

2012 жылдан бастап – «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің басшысы. 2014 жылы облыс әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2016 жылдың 18 қарашасынан Ақтоғай ауданының әкімі.

2018 жылдың 21 мамырдан бастап Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.

 

Функционалдық міндеттері:

  • облыс әкімі аппаратының жұмысына басшылық жасау;
  • облыс әкімінің, облыс әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құ-қықтық, ұйымдастыру, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері;
  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
  • қалалар мен аудандар әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволардың қызметін облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындау, олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігінде үйлестіру;
  • мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;
  • азаматтардың хаттары мен өтініштерін, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Мемлекет Басшысы актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырыстарының хаттамалық шешімдерінің, облыс әкімдігі актілерінің, облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
  • әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру;
  • облыс әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдас-тыру;
  • облыс әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім-шілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Кеңсесімен, орталық мемле-кеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

 

Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

  • Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары;
  • Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері.

 

Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

  • Облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттары;
  • Облыс басқармалары;
  • «Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп-орны;
  • «Офис-сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

  • Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті;
  • Әдеп жөніндегі кеңес. 

 

Жетекшілік ететін салалар бойынша:

  • Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;
  • республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.

 

Байланысу

Қабылдау бөлмесі: 32-37-56