Облыс әкімі

Бақауов Болат Жұмабекұлы – Павлодар облысының әкімі

1971 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Новокузьминка ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Халықаралық бизнес академиясын аяқтады. 2016 жылы ИнЕУ-дің “Мемлекеттік және жергілікті басқару” магистратурасын “Экономика және бизнес” магистрі мамандығы бойынша аяқтады.

2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Түрлі кезеңде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл»  мерейтойлық медальдерімен, «Облыстың дамуы үшін сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.  

Жеке меншік нысандарында басшылық қызмет атқарып, Қашыр ауданының, Ақсу және Павлодар қалаларының әкімі лауазымдарында еңбек етті.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

 

Функционалдық міндеттері:

облысқа жалпы басшылық жасау;

қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;

Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республика-сының Парламентімен, Қазақстан Республикасының басқа да конституциялық органдарымен қарым-қатынастарда облыстың мүддесін білдіреді;

Павлодар облыстық мәслихатымен, Павлодар облысының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті тұлғаларға құрмет және басқа да атақтар беру туралы ұсы-ныстар енгізеді;

облыс әкімінің орынбасарларын, облыс қалалары мен аудандарының әкімдерін жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша, аппарат басшысын, оның орынбасарларын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Павлодар облысының үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін, Павлодар облысының әкімдігі жанындағы инвестицияларды тарту жөніндегі кеңесті, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін, жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі облыстық кеңесті, дағдарысқа қарсы облыстық кеңесті басқарады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиялардың, облыстық терроризмге қарсы комиссияның, Павлодар облысының кадрлық комиссиясының, мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның, облыстық бюджеттік комиссияның, облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда құрылатын арнайы комиссиясын, Павлодар облысын 2030 жылға дейінгі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына басшылық жасайды;

облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын шығару, әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары мен міндеттер туралы ақпараттандыру үшін облыс тұрғындарымен жыл сайынғы есеп беру кездесулерін өткізеді;

жұмыс нәтижелері туралы, соның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды және аумақты дамыту бағдарламасын орындау туралы Қоғамдық кеңес алдында есеп береді;

ішкі аудит қызметінің жұмысын үйлестіреді;

жергілікті полиция қызметінің алдына Павлодар облысының аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді қояды және олардың орындалуын бақылайды;

жылына кемінде екі рет ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебін тыңдайды.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс әкімінің орынбасарлары;

1.2. Облыс әкімі аппаратының басшысы;

1.3. Облыс әкімінің баспасөз қызметі;

1.4. Қалалар мен аудандардың әкімдері;

1.5. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі облыс әкімінің бас инс-пекторы;

1.6. Облыс әкімінің кеңесшілері;

1.7. Ішкі аудит қызметі.

 

  1. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

2.1. Павлодар облысының ішкі істер департаменті.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды:

3.1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша депар-таменті;

3.2. Павлодар облыстық соты;

3.3. Павлодар облысының прокуратурасы;

3.4. Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті;

3.5. Павлодар облысының әділет департаменті;

3.6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті.

 

Байланысу

Қабылдау бөлмесі: 32-34-22