Облыс әкімінің орынбасары

Нүкенов Қайрат Теміршотұлы Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Қ.Т.Нүкенов ұзақ жылдар бойы Павлодар облысының шағын және орта бизнес құрылымдарында еңбек етті, облыстық мәслихат депутаты болып сайланды, облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасын басқарды, сонымен қатар, Железин ауданы, индустриялық-өнеркәсіптік аймақтар – Ақсу, Екібастұз қалаларының әкімі қызметін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.