Облыс әкімінің орынбасары

Қабыкенов Арыстан Кенжетайұлы – Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Арыстан Кенжетайұлы 1980 жылы дүниеге келген.                                      О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономист», «Заңгер» мамандықтары бойынша, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын «Қаржы» мамандығы бойынша, Ұлыбританияның Ноттингем университетін  «Болашақ» бағдарламасы бойынша аяқтаған. Іскери әкімшілік магистрі, мемлекеттік басқару магистрі біліктіліктері бар.

Еңбек жолын 2001 жылы «ТАТ-2001» ЖШС-нің қаржылық басқарушысы болып бастап, кейін 2004 жылға дейін осы ұйымда қаржылық директоры қызметін атқарды.

2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып еңбек етті.

2008–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2013–2015 жылдары Өңірлік даму, Ұлттық экономика министрліктерінде түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2015-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігінің инвестициялар жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2018 жылдан 2019 жылдың 15 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарып келді.