Облыс әкімінің орынбасары

Арынова Әлия Амангелдіқызы  – облыс әкімінің экономика мәселелер жөніндегі орынбасары

Арынова Ә. А. 1976 жылы туылған, 1998 жылы  С.Торайғыров атындағы ПМУ-ді, 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университетті, 2012 жылы Инновациялық Еуразиялық университеттің магистратурасын экономист-менеджер, құқықтану бакалавры, экономика магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Павлодар облысы экономика департаментінің бас маманы лауазымынан бастады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі, экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.   

 

Негізгі мәселелер:

экономика және бюджеттік саясат мәселелері;

қаржы секторын дамыту мәселелері;

фискалдық органдармен өзара іс-қимыл мәселелері;

мемлекеттік жоспарлау мәселелері;

мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу мәселелері;

мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері;

инфляциялық және инфляцияға қарсы саясат мәселелері;

облыстың мемлекеттік активтерін басқару мәселелері.

 

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс қаржы басқармасы;

1.2. Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

 

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

2.1. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы;

2.2. Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы;

2.3. Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті;

2.4. Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;

2.5. Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаменті;

2.6. Павлодар облысы бойынша статистика департаменті;

2.7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Павлодар филиалы;

2.8. Екінші деңгейдегі баектер.

 

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді

4.1. Облыстық бюджеттік комиссия;

4.2. Облыстық дағдарысқа қарсы кеңесі;

4.3. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссия; 

4.4. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы.