Азамат Нығматов – Қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы. 
Азамат Нығматұлы, 1979 жылдың 11 қарашасында Павлодар облысының, Ермак қаласында туылған.
2002 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлеккеттік университитін аяқтады.
Еңбек жолын 2003 жылы «Павлодар қаласы көріктендіру басқармасы» ММ-сі экология және көгалдандыру бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2003 жылдың 7 қарашадан «Павлодар қаласы көріктендіру басқармасы» ММ-сі өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2012 жылға дейін «Павлодар қаласы тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автомоюильді жолдар бөлімі» ММ-сінде көріктендіру объектілерін пайдалануға беру бөлімінің міндетін атқарушы лауазымынан бастап, «Павлодар қаласы тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автомоюильді жолдар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары болып қызмет етті. 2012 жыл мен 2017 жылдар аралығында «Павлодар облысының табиғат ресурстары және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары, «Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары, «ЖБИ СТРОЙ АСТАНА» ЖШС-і бас директоры, «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шарушалығы, жолаушылар көлігі және автомоюильді жолдар бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасары, «Павлодар өзен порты» АҚ басқару төрағасының кеңесшісі сияқты лауазымдарда жұмыс атқарды. 2017 жылдың 18 қыркүйектен 2017 жылдың 8 желтоқсанға дейін «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2017 жылдың 8 желтоқсаннан бүгінгі күнде «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сі басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Үйленген, екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.