Павлодар облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

Александр Витальевич Бабенко Павлодар облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

Александр Витальевич 1966 жылғы, 1987 жылы ССРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2007 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы халық шаруашылығы академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. 

1983 – 1992 жылдары ҚР ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

1992 – 2008 жылдар аралығында жеке кәсіпкер, бақылау кеңесінің төрағасы, «Токатта» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылғы сәуірден бастап 2015 жылғы мамырға дейін Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Соңғы жұмыс орны – Павлодар ауданының әкімі.