Павлодар облысының білім беру басқармасы

Дінислам Болатханұлы – білім беру басқармасы басшысы

Дінислам Болатханұлы 1978 жылы туған 1999 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ал 2002 жылы – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі атанды.
Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысынан бастады.
2002 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түркітану факультеті деканының орынбасары, оқытушысы болып жұмыс істеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, сарапшы, басқарма бастығы, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші проректоры. 2014 жылдан – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. 2016 жылдан – Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы. 2017 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары. 
2017 жылғы 14 желтоқсаннан бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

 

Жомарт Петрович Карамбаев – білім беру басқармасы басшысының орынбасары

1971 жылы Павлодар облысы, Железин ауданы, Есқара селосында дүниеге келген. 1990 жылы Павлодар қаласындағы В.В. Воровский атындағы педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1990-1992 жылдары Ресей Федерациясы, Астрахань облысында Совет Армиясы қатарында әскерде болған. 
2002 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, 2005 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын аяқтаған.
1992- 1995 жылдары Железин ауданындағы Веселотрудская орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1995-2002 жылдары Павлодар қаласындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, кейіннен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2002 -2005 жылдары Павлодар қаласындағы №3 гимназияда директордың орынбасары қызметін атқарады. 
2005-2016 жылдары Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы» ММ-сінің директоры болып қызмет етеді.
2016 жылдың қыркүйек айынан «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ-сі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 
Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Үйленген. 1 ұл тәрбиелеп отыр.

 

Алекпарова Сауле Увалиевна – білім беру басқармасы басшысының орынбасары

1963 жылы 12 шілдеде Павлодар облысы Качиры ауданының Песчан ауылында дүниеге келген.
1986 жылы «Математика және физика» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын бітірді.
2012 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетін аяқтады.
2014 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетінде магистратураны тәмәмдады.
1980-1981 жылдары Павлодар облысы Качиры ауданының Ынталы мектебінде математика мұғалімі болып жұмыс істеді.
1981-1986 жылдары – Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті.
1986-1989 жылдары Павлодар облысы Качиры ауданының № 2 Песчан орта мектебінде математика және физика мұғалімі, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы болып жұмыс істеді.
1989-2000 жылдары Павлодар облысы Качиры ауданының № 1 Песчан орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2000-2003 жылдары Павлодар облысы Качиры ауданының жетім балаларға арналған №2 Песчан көмекші мектеп-интернатының директоры болды.
2003-2010 жылдары «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ бас маман, бөлім басшысы, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2016 жылдары «Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, академиялық бөлім бастығы болды.
2016-2017 жылдары «Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК басшысы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қазаннан бастап «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Роза Кабибуллиновна Аканова – білім беру басқармасы басшысының орынбасары

1969 жылдың 19 қарашасында Павлодар облысы Железен ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар мемлекеттік институтін «орыс тілі және әдебиет» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылдан бастап Павлодар қаласының № 15 ОЖББМ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастады. 1993 жылдан бастап 2009 жылға дейін – Павлодар қаласының № 36 ОЖББМ орыс тілі және әдебиет мұғалімі, экологиялық бағытты директорының орынбасары; 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін – «Павлодар қаласының білім бөлімі» ММ бас маманы; 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін – «Павлодар облысы білім басқармасы» ММ тәрбие жұмысы мен қосымша білім беру бөлімінің бас маманы, басшысы болып жұмыс атқарған; 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Успен ауданының білім бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды. 
2017 жылдың шілде айынан бастап «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.