Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Айдашев Марат Сұлтанбекұлы – Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысы

М.С. Айдашев 1971 жылы туған, 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 2009 жылы «Қайнар» университетінен заңгер мамандығын алып шыққан.

1992 жылдан бастап Павлодар қаласындағы «Батыр» балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде дзю-до күресінен жаттықтырушы-оқытушы, Астана қаласындағы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК-да дзю-до командасының бастығы болып еңбек етті.

2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте, «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің жетекші маманы-заңгер және Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және заңды сараптама бөлімінің бас маманы лауазымында болды.

2010 жылғы қарашада осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ертіс-Павлодар спорт клубы» қоғамдық қорының директоры қызметінде жұмыс істеді.

 

Есембаев Нұрлан Абайұлы – «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1980 жылғы 11 маусымда Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген.

2003 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Павлодар университетін бітірген, 2006 жылы  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған,   мамандығы бойынша  біліктілігі: дене тәрбиесі және спорт бакалавры

Еңбек жолын 2004 жылы Константиновка ауылында Константиновка орта мектебінің өндіріске оқыту шебері болып бастаған.

2006 жылы  Константиновка ауылы Константиновка орта мектебінің дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы болып ауыстырылған.

2008 жылы облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасының бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің жетекші маманы лауазымына қабылданды.

2009 жылы облыс туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманы ретінде ауыстырылды.

2011 жылы облыс туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің бас маманы ретінде ауыстырылды.

2013 жылы облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасының бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2015 жылғы 27 қантарда ауыстыру тәртібімен облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, осы жұмыста қазіргі уақытқа дейін істейді.

 

Феризат Байсұлтанқызы Cапариева – «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1969 жылғы 28 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданының Жыланды ауылында дүниеге келген.

 Екі жоғары білімі бар: 2005 жылы құқықтану бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесінің берілуімен Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын аяқтады; 2007 жылы  – экономист бакалавр.

Еңбек жолын 1988 жылы бастады. Облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі-бас маманы, облыс туризм басқармасының туристік қызметті дамыту бөлімінің бастығы, «Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ экономика басқармасы, экономика секторының меңгерушісі, Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы болып қызмет етті.

2016 жылғы 26 желтоқсанда облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.