Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы

Зәкәриянов Даулет Қоқанұлы – Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы

1959 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданындағы Корниловка ауылында туған. 1993 жылы «әлеуметтану» мамандығы бойынша Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірді. Мемлекеттік басқару органдарындағы жұмысты 1993 жылдың қыркүйегінде Павлодар қаласының әкімшілігінде ішкі саясат және әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің кеңесшісі ретінде бастады.

1998–2003 ж. – облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бөлімінің бастығы, облыс әкімі аппаратының діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.

2003–2010 ж. – облыс ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.

2010–2012 ж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Павлодар облысы дін істері департаментінің директоры.

2012–2015 ж. – облыс әкімінің бас инспекторы.

2015 жылдың сәуірінен облыс дін істері басқармасының басшысы.