Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған, жоғары білімі бар, 2008 жылы экономика және болжау бакалавры мамандығы бойынша Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдады.

2013 жылы Сеул Ұлттық университетін аяқтаған. Мемлекеттік басқару магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы бастады.

Қаржы секторын дамыту саласында үлкен еңбек тәжірибесі бар:

– 2008 жылғы қараша мен 2010 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде сарапшы;

– 2010 жылғы сәуір мен 2010 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде сарапшы;

– 2010 жылғы қарашадан бастап 2012 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде, Мемлекет міндеттемелерін басқару мен қаржы секторын дамыту саясаты департаментінде бас сарапшы;

– 2012 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару мен қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасында басшы болып қызмет атқарды;

Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.

 

Назарчук Ирина Петровна – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары

1965 жылы Павлодар облысының Железин ауданы Железинка ауылында дүниеге келген.

1982 жылы Железин орта мектебін бітіріп, сол жылы Семей қаржы-экономикалық техникумының «Қаржы» мамандығына түсті, 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Железин ауданының мемлекеттік сақтандыру инспекциясында экономист болып бастап, 1985 жылы басшының орынбасары лауазымына ауысты.

1991-1993 жж. Павлодар облысы сақтандыру фирмасының тексеру бөлімінің басшысы.

1993-1995 жылдары – Железин ауданы бюджеттік қаржы бөлімінің 1-санаттағы маманы, меңгерушінің орынбасары, басшысы;

1995-1999 жылдары – аудан әкімшілігі басшысының орынбасары, Железин ауданы әкімінің орынбасары;

1999-2001 жылдары – Железин ауданы қаржы бөлімінің меңгерушісі, қаржы және экономика басқармасының басшысы;

2001-2005 жылдары – Облыс қаржы департаменті басшысының орынбасары, бөлім басшысы;

2005-2011 жылдары – Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы;

2011-2012 жылдары – Екібастұз қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

2012 жылғы желтоқсаннан бастап 2013 жылғы шілдеге дейін Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.

2013 жылғы шілдеден бастап Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

2005 және 2013 жылдары облыс әкімінің Мақтау қағазымен марапатталған.

 

Людмила Рашидовна Курманова экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары 

Павлодар қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді, 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университеттің магистратурасында оқудан өтті. География магистрі ғылыми дәрежесі берілді.

Еңбек қызметі 2002 жылдан басталды.

– 2002 жылдан бастап – 2011 жылға дейін Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас маманы

– 2011 жылдан бастап – 2016 жылға дейін Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы экономика салаларын дамыту бөлімінің, аумақтық салалық даму бөлімінің, экономикалық талдау және болжам жасау бөлімінің басшысы

– 2016 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

Отбасы жағдайы: тұрмыста, екі қызды тәрбиелеп отыр.