Павлодар облысының еңбек басқармасы

Асқар Қапанов – Павлодар облысының еңбек басқармасы басшысы.

А. Қапанов 1979 жылы туылған, 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдап, заңгер біліктілігіне ие болған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Аэропорт – Павлодар» АҚ-да заңгерболып бастады. 2001-2003 жж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы-жетекші маманы. 2003-2004жж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Екібастұз аумағы бойынша және Павлодар қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімінің бас маманы. 2004-2008 жж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы. 2008 жылғы қырқүйектен 2008 жылғы қазанға дейін – Павлодар облысы бойынша Бақылау және халақты әлеуметтік қорғау департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы. 2008-2013 жж.-  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бастығы. 2013-2015 жж. – «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы–Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы. 2015-2017 жж. – «Спецконсалтинг» ЖШС директоры. 2017 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы.

Қабжәмитов Марат Тілеубергенұлы – Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының орынбасары

М.Т. Қабжәмитов 1976 жылы 26 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келді. 1999 жылы Павлодар мемлекеттік университетің құрылысшы-инженер, ал 2003 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар үй құрылысы комбинатында монтаждаушы, содан соң шебер болып бастады.

2001 жылдың сәуірінен бастап 2013 жылдың маусым айына дейін Павлодар облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде бас маман, одан кейін бөлім басшысы – Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысының еңбек басқармасы басшысының орынбасары ретінде еңбек етуде.