Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы

 Ғанибет Қанатұлы Әубәкіров – Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Ғанибет Қанатұлы 1982 жылғы, екі жоғары білімі бар:                 2003 жылы Қарағанды қаржы институтын «экономист-қаржыгер», 2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «құқық» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті Мемлекеттік активтер мониторингі және ішкі әкімшілік ету басқармасының сарапшысы болып бастады.

2014 жылғы наурыз бен 2016 жылғы қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті Өнеркәсіп саясаты басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті салааралық үйлестіру басқармасының басшысы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриаялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жұмыс орны – Павлодар облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.  

 

Ботагөз Тасболатқызы Нұрғазина – басқарма басшысының орынбасары.

Павлодар облысының Павлодар ауданы Шақат ауылында 1984 жылы 5 қарашада дүниеге келген. Білімі – жоғары, «Мемлекеттік және  жергілікті басқару» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 2003 жылы «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ бастады.

 2003 жылғы тамыз – 2013 жылғы қарашада мемлекеттік қызмет саласында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.

2013ж.01.11. – 2018ж.03.10. – «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ инновацияларды және арнайы экономикалық аймақты дамыту бөлімінің басшысы.

2018ж.04.10. – «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары.