Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы

Ернұр Нұрланұлы Дәуенов – ішкі саясат басқарма басшысы

1988 жылы 11 шілдеде Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлак ауылында туған.

2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Археология және этнология» мамандығы бойынша тәмамдаған.  2011 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2012 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономика университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған. 2015 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Биология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылдан 2011 жылға дейін облыстық Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатында тарих мұғалімі болып жұмыс жасады. 2011 жылғы тамыз айынан Астана қаласы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы әлеуметтік-гуманитарлық білім зертханасының ғылыми қызметкері, Астана қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.  2012 жылғы қыркүйек айынан Павлодар қаласы «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы зертханасының меңгерушісі болып жұмыс жасады.  2013 жылғы қыркүйек айынан «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2014 жылғы қазан айынан Шарбақты ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 жылғы ақпан айынан «Баянауыл ауданы білім беру бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды. 2016 жылғы тамыз айынан бастап «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылғы шілде айынан бастап Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы ММ басқарма басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.

Әлімханов  Олжас Сансызбайұлы – Павлодар облысы ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары

Әлімханов  Олжас Сансызбайұлы 1988 жылғы 11 желтоқсанда Лебяжі ауданының Малыбай ауылында туған. Білімі жоғары, 2010 жылы С. То-райғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «металлургия» мамандығы  бойынша аяқтады; 2013 жылы Еуразия Инновациялық Уни-верситетін  «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 

Еңбек жолын 2010 жылы  өзінің білім ордасы – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Өртең» шығармашылық жобалар орталығының басшысы  болып бастады.   2012  жылы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-да қызмет жасады. 

2013- 2014 жылдары «Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы»  ММ бас маманы болып жұмыс істеді.   

2015- 2016 жылдары «Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы»  ММ бөлім басшысы болып жұмыс істеді.  

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы  лауазымында қызмет атқарды. 

2017 жылғы қараша айынан  Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы орынбасарының лауазымына тағайындалды.   

Қаржаубай Дархан Серікұлы – Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының  орынбасары

Қаржаубай Дархан Серікұлы 1989 жылы  26 ақпанда Павлодар қаласында туған. Білімі жоғары,  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «саясаттану» мамандығы, 2013 жылы  С. То-райғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «заңгер»  мамандығы, 2016 жылы  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік білімдер магистрі» мамандығы  бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын  2010 жылы Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінде  бастады. 2012-2014  жылдары Павлодар облысының ішкі саясат басқармасында  жұмыс істеді.  2014-2017 жылдары Павлодар облысы әкімінің аппаратында қызмет етті. 2017 жылғы қазан айынан конкурстың нәтижелері бойынша ішкі саясат басқармасының  қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің  басшысы лауазымында болды, кейіннен 2018 жылғы қазан айында Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына  тағайындалды.