Павлодар облысының қаржы басқармасы

Дүйсенбинов Нұрлан Шайхслямұлы – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

1973 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1994 жылы Қарағанды кооператив институтын «Қаржы және несие» мамандығы және 2003 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «Заң тану» мамандығы бойынша  аяқтады.

Еңбек жолын «Игілік» банкі филиалында маман ретінде  бастады.  Ильич ауданы бойынша  салық комитетінің бас салық инспекторы,  Павлодар қаласы  бойынша салық комитеті мен  Павлодар облысы  бойынша  салық комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарды.

2005 жылы Павлодар қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, кейін оның төрағасы болып тағайындалды.

2008 – 2014 жылдар аралығында Павлодар облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті;

2014 жылғы тамыз айынан 2016 жылғы 29 сәуірге дейін Павлодар облысы бойынша  тексеру комиссиясының төрағасы;

2016 жылғы 29 сәуірден 2017 жылғы 15 қарашаға дейін Ақсу  қаласының әкімі;

2017 жылғы 15 қарашадан осы уақытқа дейін Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

 

 

Беготаева Қадиша Қабылдақызы – қаржы басқармасы басшысының орынбасары

Беготаева Қадиша Қабылдақызы – 1969 жылдың 10 қаңтарында Новосібір облысы Татар ауданы Кочневка ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі – жоғары, 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1990 жылы Железин аудандық тұтыну одағы автошаруашылығының бухгалтері болып бастады.

1992 жылдан 1993 жылға дейін – Железин аудандық тұтыну одағының бас бухгалтерінің қаржы бойынша орынбасары.

1993 жылдан 1995 жылға дейін – Железин аудандық тұтыну одағының Червоноукраиский кеңшары жұмысшылары кооперативінің бас бухгалтері.

1995 жылдан 1999 жылға дейін – Железин аудандық қаржы бөлімі бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтері.

1999 жылдан 2004 жылға дейін – Железин ауданының қаржы және экономика басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бастығы.

2005 жылдан 2006 жылға дейін – Железин ауданының экономика және қаржы бөлімі бастығының қаржы және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі орынбасары.

2006 жылдан 2015 жылдың 13 шілдесіне дейін – Железин ауданының қаржы бөлімінің басшысы, 2015 жылғы 13 шілдеден 24 шілдеге дейін – Павлодар облысы қаржы басқармасының ішкі бақылау бөлімінің бас маманы, 2015 жылдың 24 шілдесінен – Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

Павлодар облысының қаржы саласына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін Павлодар облысының 75 жылдығы мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Тұрмыста, екі қыз тәрбиелеп отыр.

 

Бипау Дәметкен Бүркітқызы  Павлодар облысы қаржы  басқармасы басшысының орынбасары.

Бипау Дәметкен Бүркітқызы 1965 жылғы 28 мамырда Ресей, Вострово ауылында туды, қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы Таулы Алтай мемлекеттік педагогикалық институтын биология және химия мамандығы бойынша, 1999 жылы Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек  жолын 1987 жылы  Алтай  өлкесі Романовск ауданы орта мектебінің   мұғалімі  ретінде бастады. Сол жылы Алтай өлкесі Романовск аудандық  комитетінің оқушы  жастар бөлімінің хатшы- меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

–  1989 – 1993 жылдары Алтай өлкесі Усть-Коксинск орта мектебінің химия және  биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді;

– 1993 жылғы тамыздан 2000 жылға дейін – Мемлекеттік мүлік бойынша Павлодар аумақтық комитетінің  жетекші маманы, бас маманы; 

– 2000 жылғы наурыздан 2005 жылғы 31 қаңтарға дейін «Павлодар облысының коммуналдық меншік департаменті» ММ бас маманы;

–  2005 жылдан 2014 жылға дейін «Павлодар облысының қаржы департаменті» ММ  бөлім бастығы.

– 2014 жылғы мамырдан 2016 жылға дейін «Павлодар қаласының экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.    

– соңғы лауазымы «Павлодар облысының қаржы  басқармасы» ММ  бөлім басшысы.

Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.