Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы

Жайық Талапұлы Хасанов -Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы.
Жайық Талапұлы, 1986 жылғы, жоғары білімі бар: 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «қаржы бакалавры», 2015 жылы Шығыс Англия Университеті жанындағы тіл мектебінің магистратурасын «халықаралық мемлекеттік саясат, реттеу және бәсекелестік» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын «Құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастады.
2009 жылғы наурыз – қыркүйек аралығында Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің бас маманы-бас қазынашысы қызметін атқарды.
2009 жылғы қазан – 2014 жылғы қараша аралығында Индустрия және сауда министрлігі Базалық салалар департаментінің сарапшысы, Өнеркәсіп комитеті Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының сарапшысы.
2014 жылғы қараша – 2019 жылғы қаңтар аралығында Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы, салааралық үйлестіру басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
Соңғы жұмыс орны – Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.