Павлодар облысының құрылыс басқармасы

Қозыбаев Аманолла Еркінұлы – Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының м.а.

Аманолла Еркінұлы 1986 жылы 22 маусымда  Павлодар обласының Ақтоғай ауданында туған, білімі жоғары. 2008 жылы инженер маманы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін бітірген.

2008 жылы «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің бас маманы, бөлім басшысы лауазымында қызмет етті.

2014 жылы «КазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның Павлодар облысы филиалының бас маманы болып қызмет етті.

2015 жылы Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі ҚБК Павлодар облысы бойынша қаржылық  бақылау инспекциясы, бас маман-бас бақылаушы-ревизор.

2016 жылы «Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі ішкі Мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша ішкі Мемлекеттік аудит департаменті» РММ, бас маман.

2016 жылдың қарашасынан бастап «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басқарма басшысының орынбасары болып қызмет ақаруда.