Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

 Анисова Бахыт Амантайқызы – Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының міндетін атқарушы (негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс мерзіміне).

Бақыт Амантайқызы 1978 жылғы, білімі жоғары. 2000 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірді, сондай-ақ «Режиссура» мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесі бар. Жалпы жұмыс өтілі 18 жылдан асады.

Еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау қаласында экономист болып бастады. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Республикалық және Халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының Бас директорының орынбасары болды. 2006 жылы «Қазақ әуендері» АҚ филиалы «КазахИнтерАрт» продюсерлік орталығында директор орынбасары болды. 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ атқарушы директоры, вице-президент лауазымдарында қызмет етті. 2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» АҚ Контент және шаралар ұйымдастыру департаментінің бас менеджері болды. 2018 жылдың басынан осы уақытқа дейін «АРТ Студио Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры қызметін атқарды.

2019 жылғы 22 қаңтардан бастап Павлодар облысы əкімінің өкімі бойынша Павлодар облысының  мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы  басшысының міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

 

Мейірманов Асылбек Бекболатович – «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы орынбасары

Мейірманов Асылбек Бекболатович 1981 жылы туған.

Білімі жоғары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдады. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар (ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2017 жылғы 30 маусымдағы шешімі).

Еңбек жолын 2004 жылы студенттік филармонияда бастады.

2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың мамыр айына дейін  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылым департаменті ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2005-2007 жылдары аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы;

2007-2012 жылдары – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылым департаменті ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

2012 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының бөлім меңгерушісі;

2012 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Павлодар облысы мәдениет басқармасының мәдени сауық  қызметі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып қызмет етті. 

2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазан айына дейн басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық музейінің  талдау және мониторинг секторының меңгерушісі.

2014 жылдың 21 қазанынан 2017 жылдың 21 маусымына дейін Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті  доцентінің міндетін атқарушы.

2017 жылдың 21 маусымынан Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Баширова Гульзира Каирбергеновна – «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысының орынбасары

1978 жылғы 25 ақпанда Павлодар қаласында туған.

2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

1999-2002 жылдары аралығында Павлодар ауданының әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту бөлімінің жетекші маманы болып қызмет етті.

2002-2005 жылдары – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ бас маманы.

2005-2007 жылдары – «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бас маманы

2007 жылдың  8 қазанынан  2009  жылдың 29 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қорғаныс, құқық қорғау жүйелерін, мемлекеттік органдарды дамыту департаменті қорғаныс кешені мен құқыққорғау жүйесін дамыту басқармасының қорғаныс кешені бөлімінің сарапшысы болып қызмет етті.

2009-2011 жылдары аралығында «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бөлім бастығы болып қызмет етті.

2011 жылдың 17 наурызынан бастап «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ бөлім басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 21 сәуірінен Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.