Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Кокамбетов Нұрлан Оразалыұлы – Павлодар облысының тумасы, 1985 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Сәулет өнері» мамандығы бойынша аяқтаған. Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.
Еңбек жолын 1985 жылы «Казсевсельпроект» мемлекеттік жоба институтында бастаған.
1987 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Павлодаргражданпроект» мемлекеттік жоба институтында сәулетші, Қазақстан сәулетшілер одағының өндірістік-шығармашылық шеберханасында, «Архфондпроектте», «Фирма SAMARA» және «ГипроНИИМедпром» мемлекеттік жоба институтында директор және индустриалды ауданы әкімшілігінің бас сәулетшісі лауазымын атқарған.
2005 жылдан бастап 2016 жылға дейін Алматы қаласының «Тұран» университетінің күрделі құрылыс департаментінің директоры болған.