Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Османова Сәуле Ғабдулжапарқызы – Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы.

1961 жылы дүниеге келді. 1985 жылы Барнаул мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетін неміс және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірді.

Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп, басшылық лауазымдарды атқарды. 1985-1990 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1990-1997 жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1997-2005 жылдары Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің, Семей медициналық институтының оқытушысы.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2013 жылдың ақпан айында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылғы 11 наурызда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Білім беру саласындағы көп жылғы еңбегі үшін ведомстволық грамоталармен марапатталды. Мемлекеттік қызметте міндетін адал атқарғаны үшін Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен (2011), Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерекелік медальмен (2012), көпжылғы адал еңбегі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2013), кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі және облыс кәсіподақ ұйымының қызметіне белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының және Павлодар облыстық комитетінің Құрмет грамоталарымен (2013, 2014), мемлекеттік тіл саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамотасымен (2015), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының Алғыс хатымен (2016), Астананың 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен (2018) марапатталған.

Кокина Гүлсара Зейноллақызы – Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары.

1972 жылы туған, білімі жоғары. Павлодар педагогикалық институтының филология факультетін қазақ мектептеріндегі орыс тілі мамандығы бойынша тәмамдаған. Үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқыту курсын аяқтаған.

Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қазақ және орыс тілі пәнінің мұғалімі, әдіскер, мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы, бас маман болып қызмет етті (1994-2009).

2009-2011 жылдары – Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы.

2011 жылы Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың 11 сәуірінде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

 «Павлодар облысындағы мемлекеттік тіл саясаты», «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді оқыту мәселелері», «Ілеспе аударма жасаудың теориялық және практикалық негіздері», «Іс жүргізуге қойылатын талаптар және құжаттама жүргізу ережелері» атты курс бағдарламаларын әзірлеуші және дәріс беруші.

Павлодар ауданы білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен (2008),             С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Алғыс хатымен (2009), Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен (2011), Павлодар облысының 75 жылдығына орай мерекелік медальмен (2012), облыс кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Павлодар облыстық комитетінің Құрмет грамотасымен (2014), аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен (2015), мемлекеттік тіл саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамотасымен (2016), Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен (2018) марапатталған.